1-ші аралық бақылау сұрақтары. «Философия» сөзінің қазақша мағынасын және анықтамасын жазып беріңіз


Дүниетаным ұғымына анықтама беріңіз, оның деңгейлері мен формалары



бет2/8
Дата14.03.2023
өлшемі41,49 Kb.
#172294
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
философия

3. Дүниетаным ұғымына анықтама беріңіз, оның деңгейлері мен формалары.


Дүниетаным дегеніміз – дүниені түйсіну, түсіну арқылы адамның өзіне өзінің, сыртқы дүниеге қарым – қатынасын анықтаудың өзегі, күре тамыры. Жалпы, дүниетаным адамның тану функциясын орындайды. Бұл оның мәнінен туындайтын негізгі ролі. Сөйтіп, дүниетанымның әр түрлі түрі, қыры, типі бар.


4. Дүниетанымның қандай деңгейлері бар?


Скептицизм (грекше skeptikos — ойланушы, зерттеуші) баяғыдан бері жалпы қабылданған, тіпті аксиомаға айналған қағидалардың ақиқаттығына күмән келтіреді. Философия мен мәдениет тарихында тұтастай скептицизм екі жақты рөл атқарады. Ақылға сыйымды скептицизмнің пайдасы бар, тіпті шығармашылық қызметке де керек. Таным амалы ретінде скептицизм ақиқатқа жақындау болып табылатын күдік келтіру формасында көрініс береді. Күдік ғылымда жаңа жетістіктерге бастайтын жемісті нәтиже бере алады. Белгілі үнді ақыны Р.Тагордың ақылды шамға теңегені сияқты, жарың көп болған сайын көлеңке де қою. Ежелгі грек философы Зенон туралы данышпандық аңыз бар. Шәкірттері одан неге жиі күмәндана беретіні туралы сұрағанда, ол диаметрлері әр түрлі екі шеңбер сызып, алдымен үлкен шеңберді, соңынан кіші шеңберді көрсетіп тұрып былай деген екен: "Мынау үлкен шеңбер — менің білімім, кішісі — сендердікі. Ал шеңберден тыс жатқандардың бәрі белгісіз. Енді мынаған көңіл аударыңдар: сендердің білімдеріңнің белгісізбен шекараласуына қарағанда, менің білімдерімнің белгісізбен түйісуі көбірек. Сондықтан мен сендерге қарағанда көбірек күмәнданамын". Ақиқатқа бастайтын күдік, Л.Толстойдың пікірі бойынша, "философиялық қинайтын күдік" болуы керек. Өзге жағдайларда скептицизм арзандап кетеді және соқыр фанатизм болып шығады. Екінші жағынан, жоғарыда айтылған агностицизмге ұласып кетеді. Алайда абсолютті скептицизмді тұтастай танымның, ғылымның дамуы теріске шығарып отыр. Мысалы, XIX ғасырдың кейбір абсолютті скептиктері: "Адамзат ешқашан Күннің химиялық құрамын біле алмайды", — деген еді. Олар мұны мәлімдеп болғанша, спектрлік анализ Күннің құрамын айқындап берді. Агностицизм (грекше a — емес, gnostos — білім) — дүниенің танылмайтындығы туралы ілім. 1869 жылы ағылшын биологі Т.Гексли өзінің философиялық ұстанымын осылай атаған. Алайда ғалымның өзі жаратылыстанушы ретінде табанды агностик бола алмады. Агностиктердің ұстанымы бойынша адам әлемді тек бөлшектеп қана таниды немесе мүлдем тани алмайды. Философияда алған бетінен қайтпайтын скептиктер мен агностиктер көп емес. Философия әрқашанда дұрыс танымға қызығушылар мен мүдделілердің ынтасын оятып, үнемі табиғат пен коғамның жаңа қырларын ашып келеді. Агностицизмге қарсы салмақ ретінде біздің санамыздың тәуелсіздігін негізге ала отырып, дүниенің ұстанымды түрде танылатынын жақтайтын танымдық оптимизмді құрайтын философиялық ағым бар.Оптимизм философиясының негізіне дүниені ғылыми танудың және коғамдық тарихи практиканың барлық тәжірибесі кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет