1-ші аралық бақылау сұрақтары. «Философия» сөзінің қазақша мағынасын және анықтамасын жазып беріңіз



бет5/8
Дата14.03.2023
өлшемі41,49 Kb.
#172294
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
философия

Батыс философиясы
Батыс философиясы - Батыстық өркениеттегі философиялық дәстүр болып, ол бзд.VIғ-да ежелгі Грециядағы Сократқа дейінгі ойшылдардан бастау алады, олар Фалес (бзд.624 - бзд.546 жж) және Пифагор (б.з.д. 570 - 495 жж.) секілді "даналықты сүюшілер" және "табиғаттың оқушылары"деп аталған ойшылдар.
Орта шығыс философиясы
Айды белгі еткен Араб әлемі, Иран және Түркі елдері философиялық даналық өркендеген өңір болды. Түркі, парсы және араб халықтарының даналыққа толы әдебиеті мен мақал-мәтелдері олардың этикалық іс-әрекетінде, практикалық өмірінде, ары мен ізгілігінде көрініс тапты.
Ежелгі Мысырда даналық мәтіндері sebayt ('ілімдер') деген атпен белгілі болды, әрі олар Ежелгі Мысыр философиясын тануда маңызды мәнге ие. Вавилон астрономиясында Ежелгі Гректерге әсер еткен делінетін космология туралы көптеген философиялық жорамалдар бар. Еврей философиясы мен христиан философиясы, бұлар Таяу Шығыста және Еуропада дамыған діндарлық-философиялық дәстүрлер болып, олар белгілі бір алғашқы иудей мәтіндерінен (негізінен Танах, Tanakh) және монотеистік сенімдерден бастау алады. Еврей ойшылдары ретінде Вавилондағы Талмуд академиясының Гаоны және грек және ислам философиясымен айналысқан Маймонид қатарлыларды айтуға болады. Кейінірек еврей философиясы батыстың күшті интеллектуалды ықпалына ұшырады және бұл Хаскаланы (еврей ағартушылығы), еврей экзистенциализмін және иудаизм реформациясын бастаған Мұса Мендельсонның еңбектерінде көрініс тапты.
9. Философиядағы негізгі әдістерді атап, оларға түсінік беріңіз.
Таным тарихындағы ең белгілі жалпылама философиялық әдістерге диалектика және метафизика жатады. Бұлар — жалпы философиялық әдістер. Диалектика — заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, өзгерістерін, дамуын, себеп-салдарын, карама-кайшылықтарының бірлігі мен күресін жіті бақылайтын философиялық зерттеулер әдісі. Диалектикалық әдістің мәнді нышандары мыналар: 1) мәні мәңгілік, өзгермейтін нәрсе болмайды, сондықтан бір-ақ рет берілген және мәңгілік ештеңе жоқ; 2) нәрсе өзінің жалпылама байланыстарында алынып, қарама-қарсылықтарға айналған даму үстінде жан-жақты зерттеледі. Диалектика ойлау амалы мен тану әдісі жөнінен өзіне қарама-қарсы келетін метафизикамен катар пайда болып, дамыды. Оның ерекшелігі — объектінің бөліп алынып қарастырылуында, статистикалық және бір мәнді зерттелуінде (абсолютті ақиқат ізделінеді, қайшылықтарға көңіл бөлінбейді, олардың бірлігі ескерілмейді). Метафизикалық әдіс бойынша нәрселер мен үдерістер бір ұстаныммен қарастырылады. Бар немесе жоқ, ақ не қара, дос не жау, т.б. Қозғалысты қарастырған кезде метафизика оның толып жатқан формаларының біреуіне ғана мойын бұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет