Капиллярлық гемангиома ең көп кездесетін ісік. Ол бет терісінде,
мойында, арқада, көкшіл не қызғылт түсті дақ немесе түйін түрінде көрінеді. Каверналық гемангиома қоңыр қызыл түсті түйін түрінде бауырда, асқазан-ішек жүйесінде, теріде кездеседі. Бауырдың каверналық ангиомасы жарылып кеткенде ішке қан кету мүмкін. Ол қабырғасы жұқа, ішкі қабаты эндотелий жасушаларымен астарланған, бірбірімен жалғасқан, қанмен толған ірі қуыстардан түзілген.
Веналық гемангиомада қан тамырларының саңылуы бір-бірінен қалың дəнекертіндік қабатпен бөлінген. Оның құрамында бірыңғай салалы бұлшықет талшықтары да болады.
Гломусангиома терідегі гломустардан, артерия жəне вена жүйелерін біріктіруші қан тамырлардан, оңың ішінде Суке-Гойер өзегі деп аталатын артериялық бөлігінен өсетін ісік.
Қатерсіз гемагиоперицитома капилляр айналасындағы перицит жасушаларының көбейіп өсіп кетуімен сипатталады. Эндотелий жасушаларында өзгерістер болмайды.
Лимфангиома лимфа тамырларынан өсетін ісік. Олардың капиллярлық,
каверналық, кистоздық түрлерін ажыратады. Лимфангиома жайылмалы
түрде не бірнеше кисталардан түзілген түйін түрінде өседі, ол жайылмалы түрде өскенде ісік пайда болған жер үлкейіп, тілде макроглоссия, ерінде
макрохейлия деп аталатын өзгерістерге соқтырады. Кистоздық лимфангиоманы кесіп қарағанда олардың ішінде сəл сарғыштау, мөлдір сұйықтық
көрінеді.
Қатерсіз синовиомакөбінесе ірі буындарда кездесетін, көлденеңі
бірнеше сантиметрге жететін, қоңыр аралас ақшыл түсті қатты ісік.
Синовиоманың бір фазалы жəне екі фазалы түрлері бар. Бір фазалы синовиома негізінен ұршық тəрізді, ал кейде тек ірі, цитоплазмасыашық түсті
жасушалардан құралған. Екі фазалы синовиомада аталған жасушалардың
екі түрі де кездеседі.
Остеома сүйек тінінің ісігі, оның тығыз жəне кеуек түрлері бар. Қалыпты
жағдайда сүйек белгілі бір ретпен жайғасқан сүйек белдеулерінен түзілген
болса, остеомада олар əр түрлі бағытта орналасқан жəне жетілу мерзімі əр
түрлі сүйек тінінін құралған, араларында пластинкалық жəне талшықтық
сүйектіні, кеңейген гаверс өзектері, сүйектің сорылу ошақтары да көрінеді.
Фибросаркомадəнекер тіннің қатерлі ісігі, ол аяқ-қолдың жоғарғы
бөлігінде, жұмсақ тіндердің арасында түйін түрінде немесе айналасындағы
тіндерге ене өскен ісік түрінде байқалады. Фибросаркома басқа
саркомаларға карағанда баяу өскендіктен, ауру дəрігерге көрінгенде ол
əжептəуір үлкейіп, көлденеңі орташа 8 сантиметрге жетеді. Фибросаркома
дəнекер тін талшықтары мен жасушаларынан түзілген.