1 ші деңгей: Патологиялық анатомия, оның мазмұны, мiндеттерi, объектiлерi, зерттеу әдiстерi мен деңгейлерi. Патологиялық анатомия


Регенерация. Анықтамасы. Регенерацияның негiзi және биологиялық маңызы. Структуралық элементтердiң қайта қалыптасу (орнынтолтыру) сатылары



бет28/35
Дата01.03.2023
өлшемі77,52 Kb.
#170600
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Байланысты:
1 ø³ äå?ãåé Ïàòîëîãèÿëû? àíàòîìèÿ, îíû? ìàçì?íû, ìiíäåòòåði, îá

37.Регенерация. Анықтамасы. Регенерацияның негiзi және биологиялық маңызы. Структуралық элементтердiң қайта қалыптасу (орнынтолтыру) сатылары.
Ж: Регенерация (латынша – regeneratio – қайтатуу, жаңару) депзақымданудан кейін немесе өмір сүруі тоқтаған, жасушалардың тін элементтерінің, ағза қызметінің жаңарып, қайта қалпына келуін атайды. Көптеген бейімделу реакцияларының негізінде регенерация жатады. Организмде жүріп жатқан əр түрлі патологиялық үдерістер ағза қызметінің бұзылуымен, тіндер мен жасушалардың кұрылымдық өзгерістерімен сипатталады. Осы өзгерген немесе жойылған құрылымдар өз қалпына келгенде ғана, ағза қызметі қоршаған орта талаптарына сай жауап қалыптастыру мүмкіндігіне ие болады.


38 Жараның жазылуы.
И.В. Давыдовский жарақаттың төмендегідей жазылу жолдарын ажыртқан-ды:
1) жамылғылық эпителий ақауының тікелей жабылуы;
2) жарақаттың қабыршақтанып жазылуы;
3) жарақаттың бірден бітеліп жазылуы;
4) жарақаттың кейін бітеліп, іріңдеу арқылы жазылуы.

Жамылғылық эпителий ақауының тікелей жабылуы — жазылудың ең қарапайым жолы; беткейлік ақауды эпителий біртіндеп баспалап, ақырында эпителийлік қабатпен жабылады.


Көздің қасаң қабықшасындағы және кілегейлі қабықшалардағы ұсақ ақау қабыршақтанып жазылады. Оның даму барысында, жарақаттың үстіне жиналған қан мен лимфа кебірсіп, қабыршық түзеді. 3-5 тәуліктен кейін, астын эпителий жайлаған соң, қабыршық түсіп қалады.


Жарақаттың бірден бітеліп жазылу жолы (per primamm intentionem) тері мен оның астындағы тіндер зақымдалған, тегіс жиекті жарақаттарға тән. Құйылған қан ұйып, жарақатты құрғап, кебірсуден және бактериялармен ыластаудан сақтайды. Нейтрофилдердің протеолиздік ферменттері ұйыған қан мен тіннің өлексесін жидітеді. Біртіндеп азайған нейтрофилдердің орнын басқан макрофагтар эритроциттер мен тіннің жидімеген қалдыгын сіңіріп жояды (фагоцитоз); жарақаттың жиегінде гемосидерин пайда болады. Жаракатқа жиналған олексе алғашқы күні-ақ экссудатка араласып, сыртқа бөлінеді немесе жарақатты тазалағанда кетеді; бұл жарақаттың алгашқы тазалану кезеңі. 2-3 тәулік аралығында пайда болған фибробластылар жарақаттың қарама-қарсы жиегіне қарай өрістеп көбейеді және жаңа капиллярлар түзіліп, грануляциялыц тін қалыптасады. Бірден бітелген жарақаттағы грануляциялық тін қабаты қалың болмайды; жұқа ғана. 10- 15 тәулік шамасында грануляциялық тін толық жетіліп, жарақатты нәзік тінді тыртық жайлайды. Жиектері жібек жіппен немесе кетгутпен түйістірілген хирургиялық жарақат жылдам жазылады. Жарақаттағы жіп пен кетгутты бөгде денелік алып жасушалар сіңіріп жояды, сондықтан олардың жазылу үдерісіне залалы бола қоймайды.


Жарақаттың кейін бітеліп (per secundam intentionem), яғни іріңдеу арқылы жазылуы (грануляция арқылы жазылу — per granationem),.Жиектері қанталап, сулы ісініп, тез арада өлі тінмен шектес демаркациялық іріңді кабыну нышандары көрініс береді.


Алғашқы 5-6 тәулікте жарақат өлекседен тазарады (жарацаттың екіншілік тазаруы), жиектерін грануляциялық тін жайлайды.
Жарақаттағы грануляциялық тінде бірі-біріне жалғасты 6 қабат бар: лейкоцитті некрозды үстіңгі қабат; қан тамырлар иірімдерінің үстіңгі қабаты; тік бағытты қан тамырлар қабаты; жетіле бастаган қабат; көлденең бағытты фибробластылар қабаты және фиброзды қабат. Грануляциялық тіннің жетілу барысына эпидермистің жетілуі ілесіп отырады. Бұл жолмен жазылған жарақаттың орнын, ақырында, әдетте тыртық басады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет