Бейiмделу. Анықтамасы, маңызы. Орнын толтыру. Анықтамасы. Маңызы.
Бейімделу — организімнің сыртқы ортамен арақатынасын жүзеге асырып, бүкіл тіршілік үдерістерін қамтитын, мәндік ауқымы кең биологиялық үғым. Сондықтан оған қатысты патологиялық үдерістердің бейнесі: 1) атрофия; 2) гипертрофия (гиперплазия); 3) организация (беріштену); 4) тіндік құрылымның өзгеруі 5) метаплазия немесе 6) дисплазия болуы ықтимал.
Атрофия (грекше: а — жоқ; trophe — қорек; қазақша — сему, солу. — Ауд.) — тіршілікте мүшенің, тіннің, жасушаның көлемі кішірейіп, қызметі нашарлайтын үдеріс.
Физиологиялың атрофия өмір бойы, туғаннан эбден қартайганга дейін байқалады. Мысалы, туғаннан кейін кіндіктік артерия мен артериялық (Боталл) өзек семіп, бітелсе, егде тартқандардың жыныстық бездері, қарттардың сүйектері мен омыртқааралық шеміршектері, т.б. семеді.
Патологиялық атрофия түрлі себептерден дамиды. Олардың ішінде жеткіліксіз тамақтану, қан және лимфа айналымының, ішкі секреция бездері мен орталық және шеткі жүйкелік жүйелердің кызметі бұзылуының, уланудың маңызы зор.
Гипертрофия (гиперплазия). Гипертрофия (грекше: hyper — тым; trophe — қоректену) адаптациялық мәні бар үдеріс. Оның даму барысында жасушаның, тіннің, мүшенің көлемі құрамындағы жасушалар немесе ішіндегі ультрақұрылымдардың көбеюі арқылы үлғаяды. Гипертрофияның мәні адаптациялық екі түрі бар: жүйке-гормональдық гипертрофия (гиперплазия) және гипертрофиялы өсу
Организация (беріштену) деп некроз ошағының, тін ақауының немесе тромбының орнына дәнекер тін өсетін немесе қабық қалыптасатын (инкапсуляция) адаптациялық үдерісті атайды
Тіндік құрылымның өзгеруі. Тіндік қүрылымның адаптациялық өзгерісі гиперплазия, регенерация және аккомодация үдерістеріне негізделеді
Метаплазия (грекше: metaplasso — өзгерту) — тіннің бір түрінің өзімен тектес басқа түрге айналуы
Дисплазия. Дисплазия кезінде эпителийдің пролиферациясы мен толысуы дұрыс жүрмей, жасушалык атипия қалыптасып, гистоархитектоникасы өзгереді.
Компенсация — аурудан өзгерген қызметті қалпына келтіруге арналған үдеріс. Компенсациялық үдеріс кезеңді дамып, қалыптасу, беку және қажу деп аталатын үш фазадан өтеді.
Компенсацияның «апат» яғни қалыптасу фазасында патогендік әсерге жауап ретінде мүшенің (жүйенің) бүкіл қүрылымдық мүмкіндіктері іске қосылып, заталмасулық үдеріс те өзгереді.
Беку фазасында мүшенің (жүйенің) күш түскендегі қызметін қамтамасыз ету үшін оның құрылымы мен зат алмасуы басқаша дамып, өзгереді де, компенсациялық мүмкіндіктері толық айқындала түседі. Бұл фаза ұзақ болуы мүмкін (мысалы, компенсациялы жүрек кемістігінде, компенсациялы бауыр циррозында).
Дегенмен, көптеген себептердің әсерінен (науқастың жас шамасы, аурудың мерзімі мен зардабы, қолданған ем, т.б.) компенсациялық-бейімделулік қарымының жеткіліксіздігі байқалып, компенсацияның декомпенсация тән қажу фазасына ұласады (мыс: жүрек ауруының декомпенсациясы).
Компенсацияның морфологиялық мәні — көбіне гипертрофия
Компенсациялық гипертрофияның қызметтік (компенсациялық) және викарлық (толтырулық) түрлері бар.
Қызметтік (компенсациялық) гипертрофия кезінде күш түскен мүшенің арнаулы қызмет атқаратын жасушаларының көлемі (саны) ұлғаяды.
Викарлық (толтырулық) гипертрофия жұп мүшенің бірін (өкпені, бүйректі, т.б.) ауру жойғанда немесе операция жасап, алып тастағанда байқалады; бірінің жеткіліксіз қызметін екіншісі ұлғайып барып, қалпына келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |