Коллатералдық гиперемияның бүйірлік (коллатералдық) қан тамырлар жеткіліксіз болса немесе тез арада пайда болмаса, онда тіндер, ағзалар некрозға ұшырайды.
Қабынуға байланысты гиперемия қабыну ошағында дамыған патогендік əсерлерді жоюға бағытталған реакциялардың алғашқысы есебінде дамиды.
Вакаттық гиперемия да жергілікті жəне жалпы деп бөлінеді. Денеге банка (лонқа) қойғанда жергілікті вакаттық гиперемия дамиды. Егер су астында (кессонда) жұмыс істеп жатқан адамды, су астынан тез көтерсе, қысымның күрт төмендеп кетуіне байланысты вакаттық гиперемия пайда болып адамның аузы-мұрнынан қан кетеді.
Қан келуі азайғаннан кейінгі гиперемия құрсақ қуысынан үлкен ісікті немесе көп мөлшердегі шемен сұйықтықтығын бірден алып тастағанда байқалады. Осы жағдайда басылып тұрған қан тамырларының қанмен тез толып кетуіне байланысты орталық нерв жүйесі қансызданып қалып, коллапс дамиды.
Артериовеноздық гиперемияғажас балаларда артерия жəне вена тамырларының дисплазиясына байланысты кейбір аймаққа артерия қаны көп мөлшерде ағып келіп, жас балалардың зақымданған аяғы сау аяғына қарағанда тезірек өседі (Паркс-Вебер синдромы).
Веналық гиперемия деп қанның жүрекке қарай ағуының қиындауына байланысты ағзаларда вена қанының көп жиналып қалуын атаймыз, ол кезде қанның ағып келу мөлшері бірқалыпта болады немесе азаяды. Веналық гиперемия жергілікті жəне жалпы болып бөлінеді. Жергілікті веналық гиперемия бір ағзада немесе бір аймақта болуы мүмкін. Жедел веналық гиперемия жүрек пен қан тамырларының жедел жетіспеушілігінің белгісі болып саналады.
Жалпы веналық гиперемияның пайда болуы негізінен жүрек-қантамыр жүйесінің, өкпенің созылмалы ауруларына байланысты. Атеросклероз, гипертония, ревматизм, созылмалы бронхит аурулары жəне басқа созылмалы аурулар асқынғанда жүрек қызметі төмендеп, көп ағзалар вена қанымен толады.
Ишемия деп ағзаның бір бөлігінің артерия қанының аз мөлшерде ағып келуіне байланысты қансызданып қалуын атайды. Ишемия бес түрге бөлінеді: 1) қан тамырларының түйіліп қалуына байланысты (ангиоспазм); 2) қан тамырлары бастырылып қалғанда (компрессия) болатын; 3) қан тамырлары тығындалып қалғанда (обтурация); 4) қанның қайта бөлінуіне байланысты; 5) функционалдық сəйкессіздік нəтижесінде дамитын ишемия.