1 ші деңгей: Патологиялық анатомия, оның мазмұны, мiндеттерi, объектiлерi, зерттеу әдiстерi мен деңгейлерi. Патологиялық анатомия


Көмірсулар гистохимиялық құрамы бойынша



бет5/35
Дата01.03.2023
өлшемі77,52 Kb.
#170600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
1 ø³ äå?ãåé Ïàòîëîãèÿëû? àíàòîìèÿ, îíû? ìàçì?íû, ìiíäåòòåði, îá

Көмірсулар гистохимиялық құрамы бойынша: 1) полисахаридтерге,
2) глюкозамингликандарға жəне 3) гликопротеидтерге бөлінеді. Күнделікті
өмірде полисахаридтерге жатушы гликогеннің жəне гликопротеидтер
алмасуының бұзылуы көбірек кездеседі. Паренхималық көмірсулы дистрофия гликоген немесе гликопротеидтер алмасуы бұзылуынан дамиды.
Гликоген алмасуының бұзылуы. Гликоген жасушаларда мөлдір тамшы түрінде көрініп, оны арнайы гистохимиялық реакциялармен (Беста
карминімен) анықтауға болады. Ішкен тамақпен организмге түскен гликоген ферменттік гидролиз нəтижесінде глюкозаға айналады, ал бауыр мен
қаңқа бұлшықеттерінде осы глюкозадан гликоген түзіліп «қор» түрінде жиналады. Организмге қажет болғанда, осы қордағы гликоген глюкозаға айналып, зат алмасу үдерісіне қатысады. Сол үшін бұл гликогенді тұрақсыз
гликоген
дейді. Ал, нерв жасушаларының, жүректің өткізгіш жүйесінің,
қан тамырларының, дəнекер тіннің, шеміршектің құрамындағы гликоген
өзгермейді, сондықтан оны тұрақты гликоген дейді. Қантты диабетте гликоген алмасуының бұзылуы осы аурудың негізгі
белгісі болып саналады. Ұйқы безіндегі Лангерганс аралшаларының
β-жасушаларынан бөлініп шығатын инсулин гормонының тапшылығы
нəтижесінде глюкозаның гликогенге айналу үдерісі бұзылып, қанда қант
мөлшері көбейіп кетеді (гипергликемия) жəне олар зəрмен шыға бастайды (глюкозурия). Бауырдағы гликоген мөлшері төмендеп кетіп, оның орнын май басады. Осыған байланысты бүйрек шумағында сүзілу үдерісі
күшейіп, бүйрек сүзгісінің негізгі мембранасы қалыңдап, капиллярлар
арасындағы жасушалар (мезангий жасушалары) көбейе бастайды. Бұл
өзгерістерді диабетке байланыстыкапилляраралық гломерулосклероз
дейді. Зəрмен бөлініп шығып жатқан глюкозадан бүйрек өзекшелерінің
эпителиінде гликоген синтезделе бастайды, сол үшін бұл жасушалардың
көлемі үлкейген, цитоплазмасы ақшыл арнайы бояғанда құрамында гликоген барлығы анықталады.
Гликопротеидтер алмасуының бұзылуы. Гликопротеидтерге муцин
мен мукоидтар кіреді, оларды шырышты жəне шырышқа ұқсас заттар деп
атайды. Көптеген патологиялық жағдайларда тіндер мен жасушаларда
шырыш істеп шығару үдерісі бұзылады. Асқазан шырышты қабатындағы
бездердің тітіркенуі нəтижесінде секреция үдерісі күшейіп асқазанның
ішкі қабатын шырышты зат жауып жатады (гиперсекреция). Егер шырышты заттар тиісті мөлшерден кем пайда болса, олар ылғалдап тұрған
шырышты қабықтар құрғап қалады (гипосекреция). Мысалы, Шегрен синдромында көздің шырышты қабығы құрғап, содан соң ол жер қабынады
(кератоконъюнктивит).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет