4.Қоректенудiң (трофиканың) жасушалық және жаcушадан тыс механизмдерi. Дистрофияның даму механизмдерінің негізінде, зат алмасу үдерісін камтамасыз етуші жасушалык жэне жасуша аралық карым-катынастардың бұзылуы жатады. Оның негізгі себептеріне: әр түрлі ферментопатиялар (туа немесе тұкым куалау жолымен пайда болған ферменттер жетіспеушілігі), кан айналуының бұзылуына байланысты дамитын гипоксия, зат алмасуының нервтік, эндокриндік реттелуінің бүзылуы жатады. Сонымен, дистрофия өте күрделі көп себепті (көп этиологиялык) кұбылыс болып, эр уакытта да жасуша ішіндегі және жасуша аралык кұрылымдардын закымдалуымен жэне олардың жаңару үдерістерінін бұзылуымен сипатталады. Дистрофияның дамуына төмендегі өзгерістер себеп болады. 1. Инфильтрация. Қан аркылы келген заттардың жасушаға немесе жасуша аралық тінге мөлшерден тыс сіңіп калуы. Мысалы, атеросклероз ауруында қанда холестерин мөлшері өте көбейіп кетіп, ол кан тамырларының ішкі кабатына (интимада) сіңіп калады, семіздік кезінде майлар бауырда, жүректе жиналады. 2. Декомпозиция (ыдырау). Бүл калыпты жағдайда бір-бірімен берік байланысқан, бірак та патология жағдайында ыдырап жеке-жеке көрініп калатын заттарға тэн. Мысалы, май-нәруыз коспалары ыдырағанда жасушада жеке-жеке май жэне нәруыз заттары жиналып қалады. Бүл көбінесе жасуша ультракұрылымдарының ыдырап жойылуына байланысты үдеріс. 3. Трансформация. Бүл бір заттың орнына екінші заттың түзілуі. Мысалы, май және көмірсу түзуші заттардан нәруыздын пайда болуы немесе көмірсулардан майдың түзілуі. 4. Денатурация — нәруыздардын әр түрлі жағдайларға байланысты үйып немесе бірігіп ірі тамшылар (коагуляттар) түзуі. 5. Бейтабиғи синтез. Бұған мысал ретінде жасушалар мен тіндерде табиғи жағдайда кездеспейтін заттардың, амилоид нәруызының, алкоголь гиалинінің пайда болуын келтіруге болады. 6. Жасушада синтезделіп жаткан заттардың өз мерзімінде ыдырамай цитоплазмада жинақталып қалуы. Бүл тезаурисмоздарға тэн кұбылыс болып ферментопатиялар катарына жатады. Көлемі ерекше үлкейіп кеткен жасушалар («кор жинау» жасушалары) бара-бара бүтіндей жойылады, сол ағза кызметі бұзылады.