1 ші деңгей: Патологиялық анатомия, оның мазмұны, мiндеттерi, объектiлерi, зерттеу әдiстерi мен деңгейлерi. Патологиялық анатомия



бет8/35
Дата01.03.2023
өлшемі77,52 Kb.
#170600
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Байланысты:
1 ø³ äå?ãåé Ïàòîëîãèÿëû? àíàòîìèÿ, îíû? ìàçì?íû, ìiíäåòòåði, îá

Жергілікті амилоидозда амилоид бір ағзада, мысалы теріде, тілде, ішекте, кəрілік амилоидозында, жүректе жиналып қалады.
Амилоидоздың түрлері

  1. Амилоидозды түрлерге жіктегенде ең бірінші орынға оларды түзуші белоктардың амилоид талшықтарының, био(гисто)химиялық қасиеттерін қояды.

Осы белгілерді есепке алып: АА – амилоидоз, AL – амилоидоз, FAP – амилоидозы, АSC1 амилоидоз түрлерін ажыратады. Амилоидоздың бұл түрлерінің бəрі жалпы амилоидозға жатады. AА – амилоидоз көптеген созылмалы ауруларда жəне кейбір тума сырқаттарда кездеседі. AL – амилоидоз өз-өзінен туындайтын (біріншілік) амилоидоз жəне əр түрлі ісіктерге байланысты пайда болатын амилоидоз үшін тəн. FAP – амилоидоз жеке отбасы мүшелерінде ұшырайтын амилоидоз. ASC1 – амилоидоз кəрілік амилоидозына, оның ішінде жүрек-қан тамырлар жүйесінің амилоидозына жатады.
Амилоидоздың даму себептеріне қарап:
– біріншілік (идиопатиялық),
– тұрмыста арттырылған (екіншілік),
– тұқым қаулау жолымен (генетикалық) дамитын,
– кəрілік түрлерін ажыратады.
Біріншілік амилоидоз. Жүрек-қан тамыр жүйесін, бұлшықеттерді, нервтерді зақымдауына байланысты «мезодермалық амилоидоз» деп аталады. Аурудың себебі белгісіз.
Екіншілік амилоидоз тұрмыста кең тараған. Амилоидоздың туындауы туберкулез, созылмалы остеомиелит, бронхоэктазия ауруы сияқты тіндердің созылмалы іріңдеуімен, соның нəтижесінде ыдырау өнімдерінің пайда болуымен жəне иммундық бұзылыстарымен сипатталатын сырқаттар үшін тəн. Бірақ, осындай өзгерістер ревматизмдік ауруларда да, жаралы колитте де, аутоиммундық ауруларда да кездеседі.
Тұқым қуалау жолымен туындайтын амилоидоз жеке бір отбасына тəн, өте сирек кездеседі. Көбінесе Жерорта теңізі аймағындағы елдерде нефропатиялық, нйропатиялық, кардиопатиялық амилоидоз түрінде дамиды.
Кəрілік амилоидозы ASC1 – амилоидозға жатады. Оның пайда болуы қанда сарысу преальбуминінің көбейуімен байланысты. Өзгерістер ми, жүрек, қан тамырларында болады, кейде ауру психикасы өзгереді.
3. Амилоидозды тінде жайғасуына қарап: периретикулярлық жəне периколлагендік түрлерге бөледі. Амилоидоздың патогенезі Қазіргі таңда амилоидозды мутацияға ұшыраған жасушалар қызметінің нəтижесі деп қарайды (В.В. Серов, И.А. Шамов). Амилоидозбен асқынушы көптеген аурулар жасуша мутациясына соқтырады, ал мутация нəтижесінде амилоидоз түзуші жасушалар клоны пайда болады. Осы теория бойынша, амилоид талшықтары организмде кедергісіз көбейе береді жəне бұл өзгерістер үдемелі түрде дамиды. Амилоидозбен зақымданған ағзалардың паренхимасы атрофияға ұшырап, олардың қызметі бірте-бірте бұзылады. Сондықтан амилоидоздың нəтижесі əрдайым қатерлі. Өлім негізінен бауырдың, бүйректің немесе жүрек жұмысының жеткіліксіздігінен болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет