Липидогендік пигменттер алмасуының бұзылуы Қазіргі таңда оларға: липофусцин, цероид жəне липохромдар кіреді. Липопигменттер қанықпаған май қышқылдарының лизосомаларда толық тотықпауы жəне полимерленуі нəтижесінде пайда болады. Лизосомалар мембранасы еріп кеткенде, олар лизосомалар қалдықтары есебінде цитоплазмада ұзақ сақталып қалады жəне бір-біріне қосылып пигмент түйіршіктерін түзеді.
Түрлері:
Біріншілік – тұқым қуалаушы
Екіншілік – қарттайғанда және кахексияда (бауырдың қоңыр атрофиясы, миокардтың қоңыр атрофиясы)
Липофусцин пигменті. Пигменттің аты грек сөзінен (fuscus-қоңыр) алынған жасушаларда қоңыр, қоңыр-сары түйіршіктер түрінде көрінеді. Липофусцин құрамы: 20-50% май, негізінен фосфолипидтер, 30-60% белок жəне 9-20% басқа заттар. Құрамында май көп болғандықтан бұл пигментті гистохимиялық əдісті қолданып судан бояуларымен анықтауға болады. Пигменттің жасушадағы мөлшері, осы жасуша қызметінің белсенділігіне байланысты. Липофусциннің кəрі кісілерде жиналып қалуы жасқа байланысты дамитын физиологиялық құбылысқа жатады. Сонымен қатар, липофусцин пигменті ағза қызметі күшейгенде, əсіресе, оттегі жетіспеген жағдайда, зат алмасу, тотығу-тотықсыздану үдерістеріне тікелей қатысып, сол жерде жиналып қалады. Мысалы, спортшыларда липофусцинді көлденең жолақты бұлшықеттерде көптеп табуға болады. Бұл қайтымды өзгерістер қатарына жатады. Липофусциннің тінде көбеюі тыныс ферменттері қызметінің төмендеуіне де байланысты. Сол үшін ауру организм күші əлсіреп, азып кеткенде (кахексия) бауырда, миокардта липофусцин жиналып қалып, олар
қоңыр атрофияға ұшырайды.
Цероид макрофагтарда липидтердің немесе құрамында липидтер бар заттардың фагоцитозына байланысты пайда болады. Ол толық қорытылмаған липидтердің телолизосомаларда жиналып қалуының нəтижесі. Липохром пигментінің мөлшері жасқа байланысты көбейетіне анық. Ол майдың қан плазмасының, аналық бездің сары денесінің, бүйрекүсті безінің қыртысты қабатыныңреңінанықтайды. Олэкзогендікпигменттердің (кератиноидтардың) майға еріп сіңіп қалуы нəтижесінде пайда болады.