- Тілінген материалдың көлденең және кең жағы - қапталы, ал көлденең кимасындағы квадрат пішінді ағаш материалының барлық қапталы – жалпағы (2-сурет, 1) деп аталса, жіңішке (жұқа) қапталы – жиегі (2-сурет,3) деп аталады.
- Жалпағы мен қыры түйісетін жерін қабырғасы (2-сурет,2) делінеді.
- Тақтай сүрегінің сапасы жақсы, таза өңделген жалпақ жағын беті, ал кері жағын арты деп атайды.
1.4 Бөрененің көлденең қимасында орналасуына байланысты тақтайлардың жіктелуі -
- Тілінген материалдардың бөренеде орналасуына байланысты жіктелуі: егер тілінген материал бөрененің ортасынан тілінсе және өзегі толық болса өзекті тілінген материал (4-сурет, а) деп аталады; егер тілінген материал бөрененің ортасынан өзекті бөліп, екі дана түрінде тілінсе, орталық тілінген материал (4-сурет, б)деп, бөрененің өзекті және орталық тілінген материалының жанындағылар қапталдық тілінген материал (4-сурет, в) деп аталады.
- 1. Тақтайлар, брустар және брусшалар қандай қалыңдықта болуы мүмкін?
- 2. Қылқан және жалпақ жапырақты ағаш түрлерінде қанша сорт бар?
- 3. Қосымша мөлшер (үстеме) дегеніміз не?
- 4.Тілінген орман материалдарының сапа көрсеткіші деп не саналады?
- 5. Ормандардың құрамына және өсуіне қарай бөліну жолдарын атап беріңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |