1.1 Тілінген материалдардың көлденең қима пішіні бойынша жіктелуі - Көлденең кесілуіне байланысты тілінген материалдар тақтайдың жалпақ жағына, төрттік (ширек бөрене), брустар, брусшалар, тақтайлар, шпалдар, дөңбектерге бөлінеді.
- Пластиналар (1-сурет, а) — бөренені ортасынан көлденең бөлгенде алынатын тілінген материал.
- Төрттік бөренелер (четвертиналар) (1-сурет, б) — пластинаны симметриялық көлденең екі бөлікке бөлген тілінген материал.
- Брус – бұл қалыңдығы мен ені 100 мм-ден аспайтын тілінген материалдар. Кесілген жағына байланысты брус 2 қырлы (1-сурет, в), 3 қырлы (1-сурет, г) және 4 қырлы (1-сурет, д) болады.
- Брусша (1-сурет, е) — қалыңдығы 100 мм-ге дейін, ал ені қалыңдығына тең немесе оны екі есеге басып өтпейтін тілінген материалдар.
- Тақтай (1-сурет, ж) — қалыңдығы 100 мм-ге дейін, ал ені қалыңдығынан екі есе көп тілінген материал түрі.
- Шпал — темір жолдарда рельске тірек болатын арнайы тілінген материал. Көлденең қимасына байланысты шпал шеті тілінген (1-сурет, з) немесе шеті тілінбеген (1-сурет, и) болып келеді.
- Гәрбіл (1-сурет, к) — сыртқы беті тілінбеген, бөрененің ең соңғы тақтайы.
- Дайындама дегеніміз – кебу мен өңдеуге қосымша мөлшері ескерілген, қажетті детальдар үшін сүректің сапасы мен өлшеміне қарай кесілген (тілінген) материалдар.
1.2 Тілінген материалдың өңдеу сипаты бойынша жіктелуі -
- Өңдеу сипаты бойынша тілінген материалдардардың жалпағы мен жиегі кесілсе, шеті тілінген (3-сурет, б) деп, жалпағы кесілген, ал жиегі толық немесе жартылай кесілсе шеті тілінбеген материал (3-сурет, а, в, г) деп аталады.
- Шеті тілінген материалда екі қыры толық қалыңдықта, ұзына бойы тілінген болса, оны таза тілінген материал (3-сурет, б) деп атайды.
- Тілінген материалдың жиегінде бөренеден қалған қалдық бөлігін қыры деп атайды, ол доғал және сүйір деп жіктеледі.
- Тілінген материалдар өңдеу дәрежесіне байланысты кәдімгі және сүргіленген деп жіктеледі.
-
Достарыңызбен бөлісу: |