Орман ресурстану дегеніміз! - Орман ағаш, бұта өсімдік ресурстарын зерттеумен айналысатын ғылым;
- Олардың қорларын анықтау, аумақтық орналасуы, түрлік құрамы, пайдалы жақтары және экономикалық пайдалану.
- Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылғанды, ақшыл қылқанды,күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық және т.б. ормандар болып бөлінеді.
Орман ресурстарының мақсаты - Орманның ішінде өмір үшін күрес, биологиялық эволюция, зат алмасуы және қуат процесстері үзіліссіз жүргізіледі. Орман ресурстары өндірістегі ірі, қуатты, қажетті мамандары бар орман пайдаланушыға 10 жылдан 49 жылға дейін беріледі.
Мемлекеттік орман қор учаскілерінде орманды пайдалану түрлері. - Сүрек дайындау
- Шайыр алу, ағаш шырындарын дайындау
- Қосалқы сүрек ресурстарын дайындау (қабықтар, бұтақтар, түбірлер, тамырлар, жапырақтар, бүршіктер).
- Жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал өсіру, аң шаруашылығы, бау-бақша шаруашылығы, дәрілік шөптер, техникалық шикізаттар, жабайы жемістер мен жаңғақтар, саңырауқұлақтар, мүктер, қамыс дайындау).
Ағаштың ұшар басы 5% Өсетін ағаштың биомассасын қарастырайық
Ағаштың діңі 60-65%
Ағаштың желегі 10-15%
Ағаштың түбірі 5-10%
Ағаштың тамыры 10-20%
- Өскелең ағаштың бөліктері.
- Өскелең ағашты үш бөлікке бөлуге болады: ұшарбасы, діңі және тамыры (1 сурет). Ағаштың өсіп тұрған кезінде осы әрбір бөлік түрлі функцияларды орындап, түрлі өнеркәсіптік қолданысқа ие болады.
- Ұшарбасы, сабақтары мен жапырақтардан (қылқанды) тұрады.
- Жапырақтарында ағаштың өсуі мен қоректенуіне қажетті органикалық заттар құрылады. Ұшарбасының өнеркәсіптік қолданысы үлкен емес. Жапырақтардан (қылқанды) витаминді ұн, дәрілік заттар, ал сабақтарынан сүректалшықты тақтайлар мен жәшікті қатырма қағаздар өндірісі үшін технологиялық жоңқаларды алады.
- Ағаштың діңі
- Өскелең ағаштың діңі еріген минералды заттары бар суды жоғары ұшарбасына қарай (атпа ағын) және төмен тамырларына қарай – органикалық заттары бар (ақпа ағын) суды өткізеді; қорлық құнарлы заттарды сақтайды. Ол сүректің негізгі массасын беріп (жалпы ағаштың 50-ден 90 % көлемінен ) басты өнеркәсіптік мәнге ие.
- Ағаш тамырларының пайдалы жақтары
- Тамырлары еріген минералды заттары бар суларды діңіне өткізіп, қорлық құнарлы заттарды сақтап ағашты тіке жағдайында ұстап тұрады. Өнеркәсіпте тамырлары екінші сортты отын ретінде қолданылады. Қарағайдың ірі тамырлары (түбірі) ағаштардың үймегінен кейін шайырмен байытылып (10…15 жыл аралығында) канифоли және скипидар алу үшін шикізат ретінде қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |