1-ші Дәріс Кіріспе Орман ресурстарын тану және сипаттамасы Орман ресурстану дегеніміз!


Тілінген материалдардың көлденең қима пішіні бойынша жіктелуі



бет2/3
Дата12.10.2022
өлшемі172,9 Kb.
#152712
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
1 Презентация

1.1 Тілінген материалдардың көлденең қима пішіні бойынша жіктелуі

  • Көлденең кесілуіне байланысты тілінген материалдар тақтайдың жалпақ жағына, төрттік (ширек бөрене), брустар, брусшалар, тақтайлар, шпалдар, дөңбектерге бөлінеді.
  • Пластиналар (1-сурет, а) — бөренені ортасынан көлденең бөлгенде алынатын тілінген материал.
  • Төрттік бөренелер (четвертиналар) (1-сурет, б) — пластинаны симметриялық көлденең екі бөлікке бөлген тілінген материал.
  • Брус – бұл қалыңдығы мен ені 100 мм-ден аспайтын тілінген материалдар. Кесілген жағына байланысты брус 2 қырлы (1-сурет, в), 3 қырлы (1-сурет, г) және 4 қырлы (1-сурет, д) болады.
  • Брусша (1-сурет, е) — қалыңдығы 100 мм-ге дейін, ал ені қалыңдығына тең немесе оны екі есеге басып өтпейтін тілінген материалдар.
  • Тақтай (1-сурет, ж) — қалыңдығы 100 мм-ге дейін, ал ені қалыңдығынан екі есе көп тілінген материал түрі.
  • Шпал — темір жолдарда рельске тірек болатын арнайы тілінген материал. Көлденең қимасына байланысты шпал шеті тілінген (1-сурет, з) немесе шеті тілінбеген (1-сурет, и) болып келеді.
  • Гәрбіл (1-сурет, к) — сыртқы беті тілінбеген, бөрененің ең соңғы тақтайы.
  • Дайындама дегеніміз – кебу мен өңдеуге қосымша мөлшері ескерілген, қажетті детальдар үшін сүректің сапасы мен өлшеміне қарай кесілген (тілінген) материалдар.

1.2 Тілінген материалдың өңдеу сипаты бойынша жіктелуі

  •  
  • Өңдеу сипаты бойынша тілінген материалдардардың жалпағы мен жиегі кесілсе, шеті тілінген (3-сурет, б) деп, жалпағы кесілген, ал жиегі толық немесе жартылай кесілсе шеті тілінбеген материал (3-сурет, а, в, г) деп аталады.
  • Шеті тілінген материалда екі қыры толық қалыңдықта, ұзына бойы тілінген болса, оны таза тілінген материал (3-сурет, б) деп атайды.
  • Тілінген материалдың жиегінде бөренеден қалған қалдық бөлігін қыры деп атайды, ол доғал және сүйір деп жіктеледі.
  • Тілінген материалдар өңдеу дәрежесіне байланысты кәдімгі және сүргіленген деп жіктеледі.
  •  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет