1 ші дәріс Тақырып: 1917 ж. Қазан төңкерісі, оның алғышарттары. Азамат соғысы (1918-1920 жж.) халық трагедиясы. Негізгі мақсаты



бет1/3
Дата02.05.2020
өлшемі32,36 Kb.
#65484
  1   2   3
Байланысты:
kazakstan tarih nan zhazat n taps rmalar


1 ші дәріс

Тақырып:

1917 ж. Қазан төңкерісі, оның алғышарттары. Азамат соғысы (1918-1920 жж.) халық трагедиясы.

Негізгі мақсаты: Қазан революциясының Қазақстанға әсері, Азамат соғысының өрлеу нәтижесі.

Негізгі түсініктер: Қазан революциясы, автономия, Алаш Орда,әскери интервенция.

1. Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауының ерекшеліктері.

2. Саяси жағдайдың өрши түсуі, азаматтық қарсыласудың одан әрі өршуі.

3. Азамат соғысының әлеуметтік-экономикалық және саяси қорытындылары.

4. Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы.

5. Қазақстандағы «Соғыс коммунизм» саясаты (1918-1921 ж. наурыз).

6. Қазақстандағы ЖЭС.

1917 жылдың басында Ресей еліндегі революциялық қозғалыс жаңа сатыға көтеріліп кең көлемді мазмұн алды. Осы жылдары большевиктер партиясы бірінші дүниежүзілік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихаттап оны биік сатыға көтере білді.Тағы бір ерекшелік-орталық үкіметке ашулы халықтың большевиктер бағдарламасын ішінара қолдауында болды. Орталық үкімет осы тенденциядан сескеніп, түрлі айла-шаралар іздеді. Революциялық дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да ақиқатқа айнала бастады.

1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық- демократиялық революция жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, үкімет басшылары мен жетекші шенеуниктері орындарынан босатылып ішінара тұтқынға алынды. Бүкіл Ресей империясы сияқты Қазақстанда да қос үкімет орнады (Уақытша үкімет-Кеңестер). Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы тұрғысынан қабылдады. Революцияшыл халық бұқарасының белсенді қимылдары нәтижесінде өлкеде бұрынғы өкімет өкілдері орындарынан түсіріліп, тұтқынға алынды. Буржуазиялық-демократиялық ақпан революциясының жеңісі өлкедегі халықтың саяси белсенділігін өсірді.

Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары қазақтардың билеуші топтарына, ауыладардағы бай-манаптарға арқа сүйеп, жұмысшылар мен еңбекшілердің

революциялық шабытын қайтаруға тырысты, халықты тонауларын жалғастыра берді. Оларды империалистік соғыстың ауыртпалығын өз мойындарымен көтеруге мәжбүр етті. Уақытша үкімет Қазакстанда самодержавианың бұрынғы саясатын жалғастырды. Ол Қазақстан мен « Орта Азиядағы 1916 ж. көтерілісті басып-жаншыған жазалаушы отрядтарға қатысушыларды ақтау жөнінде қаулы қабылдады, жергілікті жерлерде бұрынғы уезд пен болыс бастықтары, губернаторлар енді қайта комиссарлар, азаматтық комитеттердің төрағалары бола бастады. Қазақтарды саяси құқықтарынан айырған ескі заңдар күшінде қалып, орасан зор жер иеліктері мен казак әскерінің сословиелік артықшылықтары сол бұрынғы күйінде қала берді. Қазақ халқының таңдаулы жерлерін тартып алушы-Қоныс аудару басқармасы өз қызметін жалғастырып жатты.

1916 ж. көтеріліске қатысушыларды патша үкіметі қантөктіре жазалағаннан кейін Қытайдан қайтып орала бастаған қазақ пен қырғыз жанұяларына Уақытша үкімет тек 100 сомнан жәрдем берді. Жергілікті орыс ұлтшыл-шонжарлар бұл жағдайды пайдаланып, осындағы түпкі халықты тонаумен шүғылданды, зорлық-зомбылық жасап, олардың жерлерін тартып алып отырды. Уақытша үкіметтің Жетісудағы комиссары Шкапский

"ешқандай татуластыру жөнінде сөз болуға тиісті емес, сондықтан қырғыздар (қазақтар) көшіріліп жіберілуі керек"-деп мәлімдеген.

Қазақстанда Кеңестер 1917 ж. наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Ақтөбеде, Түркістанда және т.б. өлкеде құрыла бастады. Мемлекет басындағы Кеңестердің құрамында сан жағынан жұмысшы мен шаруа депутаттары басым болды. Олардан кейінгі орындарда меньшевиктер мен эсер партиясының өкілдері болды. Осы кезде буржуазиялық Уақытша үкіметтің жергілікті органдары қалыптасты.

Уақытша үкіметтің облыс және уездегі басқару құрылымдарын көбінесе патша шенеуніктері, эсерлер, меньшевиктер және ұлтшылдардан тұратын комиссарлары қолына тиді. Сайып келгенде Уақытша үкіметтің жергілікті өкілдері басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігі қа-лың бұқараға қалай қараса, бұл да солай қарады.

Ресейдегі Ақпан революциясынан кейін Қазақстан большевиктері де

ұйымдастырушылық және үгіт-насихат шараларын ашық жүргізуге мүмкіндік алды. Орынбор және Торғайда П. Кобозев, Ә.Жангелдин, А. Коростелев, Ақтөбеде В. Ф. Зинченко, Перовскіде А.В. Черняхов, Оралда П. Парамонов, П. Дмитриев, Шымкентте Н. Морозов, Семейде П. Салов, Петропавлда К. Сутюшевтер халық арасында саяси-ұйымдастырушылық жұмыстарын жүргізді. Большевиктер партиясының қатарына С. Сейфуллин, Б. Серикбаев, Т. Рысқұлов, С. Арғыншиев және басқалары кірді. Олар Уақытша үкіметтің саясатының мәнін халыққа ашып берді, революция қарсыластарын әшкереледі, елдегі патша саясатына қарсы халық топтарын күреске жұмылдырды.

Елімізде қазақтың ұлттық интеллигенциясы басқарған облыстық және уездік комитеттері де ұйымдастырылды. Облыстар мен уездерде Уакытша үкіметті қолдаған Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу казак әскерлері және станицаларынын қанаушы басшы топтары өкіметінің органдары - казактық комитеттер құрылды. Татар, өзбек және ұйғыр саудагерлері мұсылмандық комитеттерге топтасты. 1917 жылы 7 наурызда Верныйда 3. Тазетдиновтың басшылығымен жалпымұсылмандық комитет - Құрылтай құралып қызмет жүргізді.



Үшінші кезеңде (1921-1922 жж.) жер-су реформасы іске асырылды, ал 1924-1927 жылдарда жерге орналастыру, шабындық, егістік жерлерді қайта бөлу жұмыстары жүргізілді. Мұндай шараларды іске асыруда жеткілікті тәжірибенің жоқтығы салдарынан қабылданған көптеген мемлекеттік шараларды орындау барысында жіберіліген асыра сілтеушілік, солақайлық, Кеңес үкіметіне сенімді азайтатын теріс әрекеттер мен көріністер әкеліп соқтырды.

1918 жылдың бірінші жартысында Кеңестіктердің ішкі қарсы-ластығының шиеленісуі ел ішіндегі қарсыластыққа әкеліп соқтырды. Қарсыластықтың негізі ауыл мен қала, жұмысшылар мен шаруалар арасында болып шиеленісе түсті. Жұмысшы-шаруалар Кеңестерінің орталық пен ел өңіріндегі өкімет тізгінін басып алуы, алғашқы кезден-ақ биліктен алыстатылған топтардың қарулы қарсылығына туғызды. Яғни, бүкіл мемлекеттегідей Қазақстанда да азаматтық қарсыластық қарулы ұрысқа - азамат соғысына әкелді.

Азамат соғысының оты 1917 жылдың қарашасында Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда тұтанды. Мұнда атаман Дутов Кеңес үкіметін құлатып, ондағы С. Цвшилинг басқарған революцкялық комитетті тұтқындады. Ал 1917 ж. 13 қарашасында Жетісудың казактары Кеңестермен күресу үшін Әскери үкімет құрылымын ұйымдастырып, Верныйға осы өңірдегі ақгвардияшылар мен юнкерлерді топтастыра бастайды.

1917 ж. қарашасында революцияға қарсы ауқымды топ Оралда құрылды. Басшылыққа келген әскери үкімет жергілікті Кеңесті таратып, өңірдегі билікті қолына

алады. Осынау әскери үкіметтер Қазақстандағы революцияға қарсы ақгвардияшылардың басты күші болады. Олар ақгвардияшыл офицерлерге, казак станицалары мен келімсектер елді-мекендерінің бай-билеуші топтарына сүйеніп, жергілікті кадет, эсерлер мен меньшевиктерден, Алаш, Шура-Ислами партиялары басшыларынан тағы басқа саяси қозғалыстар мен топтар тарапынан қолдау тапты.

Атырауда (Гурьевте) 1918 жылы 23 наурызда Орал казактары бүлік шығарды. Бұнда генерал Толстовтың бұйрығымен жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің 9 мүшесі сотсыз атылды. Ал осы жылы наурыз айының аяғында ақгвардяшылар Алаш Орда өкілдерімен бірігіп, Орал қаласында төңкеріс ұйымдастырды.

Сайып келгенде, Кеңес үкіметін құлату үшін ел ішіндегі ақгвардияшылдармен бірігіп алған ірі-ірі дамыған мемлекеттердің қатысып қолдауымен 1918 ж. жазында азамат соғысы кең көлемде жайылып кетеді. Олардың еқ басты пәрменді күші елдің солтүсітігі мен шығысында, яғни Австро-Венгрия тұтқын солдаттары сапар шегіп бара жатқан бағытында болады. Сібірде 1918 жылдың мамырында Антанта елдерінің қолдауымен Чехословак әскери тобының офицерлері бүлік шығарды. Кейін олар ел ішіндегі жаңа үкіметке қарсы күштермен бірігіп, Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларын басып алды. К, Сүтішев, И. Дубинин, П. Калюжная, Ғ. Ыдырысов, Қ. Шугаев, П. Салов және басқаларын азаптап өлтіріп, Өскемен Совдепінің төрағасы Я. Ушаковты тірілей кеменің оттығына тастады.

Жаңа үкіметке қарсы күштер Самарада ақ гвардияшылар мен әскерлердің "Комуч" (Құрылтай жиналысының мүшелерінің комитеті) "үкіметін", Омбыда Колчак бастаған Сібір ақгвардияшыларының"үкіметін", Каспий сыртқы облысында ағылшындар "үкіметін" құрды. Ал Донбасс өңіріне немістерден қауіп төне бастады.

Краснов пен Деникин соғыс қимылдарын күшейте түсті. 1918 жылы 2 маусымда Орынбор қаласынан Қызыл Армия бөлімдері кейін шегіну нәтижесінде Ақтөбе майданы құрылды. Оның әскери құрылымдарына Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларда (Ташкент, Шалқар, Қазалы, Перовск /Қызылорда/, Черняевск /Шымкент/, Әулиеата) қалыптасқан шоғырлар келіп қосылды. Оның қатарында негізінен еріктілер болды. Әскери міндет туралы БОАК-тінің 1918 жылы 29 мамырда қабылданған жарлығынан кейін әскери міндетті өтеуге еңбекшілердің белгілі жас мөлшерлеріндегілер шақырылатын болды. 1918 жылдың, жазында алғашқы ұлттық әскери бөлімдер Жетісуда, Орынборда, Оралда, Батыс Қазақстанда, Бөкей Ордасында ұйымдаса бастады. 1918 жылдың күзінде Бөкей Ордасында қалыптасқан қазақ атты әскер полкінде Хамит Чурин, Ж. Сарсеков, X. Ишанов, В. Жәнекешев т.б. белсенділік көрсетті.

1918-1919 жж. Торғайда Әліби Жангелдин және Амангелді Имановтың екі атты әскер бөлімдеріне кіші буындағы командирлерді даярлайтын оқу тобы, зеңбірекшілер тобын, Ыргыз қаласында тағы бір атты әскер бөлімін құрды. Олардың қатарында қазақ жастары мен бірге бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Ресейде қалып қойған шетелдіктер венгр, чех, румын, поляк, неміс өкілдері кірді. Осы жылдары Ә. Жангелдин бастаған экспедиция Мәскеуден көп қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізді. Кеңес үкіметін жақтаушы күштердің (Қызыл Армия) 1 және 4-ші бөлімдері шабуылға шығып, Бугу-руслан, Бұзылық, Қазан, Александров Гайды босатып, Орынбор мен Орал қалаларына жакындады.

Жетісу өңіріндегі азаматтық қарсыластық жаңа үкімет жауларының пайдасына шешілмеді. Бұл бағытта қазанның екінші жартысында Қызыл Армия күштері шабуылға шығып, Абакумовка стансасын ақ гвардияшылдардан босатты. Ақтөбе майданының қарулы күштері 1919 жылы 22 қаңтарда Орынборды, 26 қаңтарда Орал қаласын азат етіп, Қазақстан және Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет