1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе


«Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның мазмұны. Қазіргі білім



Pdf көрінісі
бет37/61
Дата04.11.2022
өлшемі4,71 Mb.
#156557
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   61
Байланысты:
1-ші та ырып. аза станны азіргі заман тарихына кіріспе

3.«Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның мазмұны. Қазіргі білім 
беру үлгісі. 



2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда «Интеллектуалды ұлт – 2020» мемлекеттік 
бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты туралы мемлекет 
басшысы 2008 жылы 30-қаңтарда «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарына 
арналған форумда мәлім еткен еді. Оның негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа 
формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге 
айналдыру. Бұл мемлекеттік бағдарлама үш басым бағыт негізінде жүзеге асырылуы 
тиіс.
Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы.
1) 
интеллектуалдық білім беру; 
Қазіргі таңда жастар тек білім алып қана қоймай, олардың өздігімен ізденуіне 
бағыттау қажет. Бүгінгі білім алудағы басты құндылықтар шығармашылық ой, алған 
білімді қорыта білу, тыңнан шешім қабылдау, технологиялар мен инновациялар болып 
табылады. Ол үшін жаңа әдістер, оқытудың ұтымды түрлері, ізденімпаз мамандар керек. 
«Интеллектуалды ұлт – 2020» мемлекеттік бағдарламасының екінші басым бағыты ; 
2) инновациялық төңкеріс жасау – яғни, ақпараттық революция болуы тиіс. Атап 
айтқанда, ақпараттық технологиялар паркі базасында жетекші жоғары оқу орындары мен 
шет елдік беделді мамандарды қатыстыра отырып аймақтық университет ашу. 
Жобаның үшінші басым бағыты жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу 
ісіне ерекше мән беру. ұлттық болмысымызды сақтай отырып жаңғыру. Бұл жерде 
жаһандану үдерістерін назарға ала отырып, оған қарсы тұрудың бірден бір жолы ретінде 
жас буынның рухани тәрбиесіне, ұлттық-мәдени құндылықтарымызды нығайтуға көңіл 
бөлу керек.
«Интеллектуалды ұлт» және «бәсекеге қабілетті ұлт» ұғымдары Қазақстандағы 
ұлттық модернизацияның басты категорияларына жатады. Ұлттық модернизация – 
өркениетті әлемдік қауымдастықтың озық талаптарына жауап беретін дамудың сапалық 
тұрғыдағы жаңа деңгейі. Ұлттық модернизацияны уақыт талабына сай дамудың үлгісі 
ретінде қарастыруға болады. Бұл өте нәзік процесс. Өйткені, ол кез келген ұлттың 
алдына мынандай таңдау қояды - өзіндік ұлттық реңкті жоғалту арқылы немесе өзіндік 
ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, заман талабына сай даму жолына түсу.
Ұлттық модернизация, яғни бәсекеге қабілетті ұлт пен интеллектуалды ұлтты 
қалыптастырудың негіздері Қазақстан егемендігін жариялаған кезеңнен бастау алады. 
Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 5 
қарашадағы № 1394 Жарлығымен қазақстандық жастардың шет елдердің жетекші 
жоғары оқу орындарында жоғары білім алып, алған білімі мен тәжірибесін еліміздің 
игілігіне пайдалану үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындағаны белгілі. 
Бұл стипендия бойынша студенттер әлемнің 32 еліндегі 630 жетекші жоғары оқу 
орындарында білім алуға мүмкіндік алды. Осы кезеңге дейін “Болашақ” стипендиясы 
арқылы 20 мыңнан астам жас мамандар даярланды. Бүгінгі күні “Болашақ” стипендиясы 
арқылы білім алған жастар экономиканың, мемлекеттік басқарудың және басқа да 
салалардың жауапты бөліктерінде еңбек етіп жүр.
Ұлттық модернизацияның нақты жүзеге асырылуы мен ұлттың бәсекеге 
қабілеттілігін арттыру міндеттері Президенттің 2004 жылғы «Бәсекеге қабiлеттi 
Қазақстан үшiн, Бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, Бәсекеге қабiлеттi халық үшiн» атты 
Қазақстан халқына жолдауында, 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және 
саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына жолдауында және 2006 жылғы 
«Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі 



бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына 
жолдауында қойылды. 
Сонымен, бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастырудың нақты міндеттері Қазақстан 
Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы халыққа жолдауында айқындалды. Жолдауда 
2003 жыл индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асырудың алғашқы жылы 
болғандығы және 2003 жылы тәуелсіз ел ретіндегі даму кезеңінде алғаш рет өңдеуші, 
яғни дайын өнім шығаратын өндірістің даму қарқыны өндіруші кәсіпорындарының даму 
қарқынынан асып түскендігі атап көрсетілді. 
Соңғы жылдары Қазақстан халқының өмір сүру деңгейінің тұрақты өсуі мен 
әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктер Орталық Еуропаның бірқатар елдерінің 
даму параметерлеріне мейлінше жақындай түсуге мүмкіндік жасады. Дүниежүзілік 
банктің жіктемесіне сәйкес, біздің еліміз кірісі орта деңгейден жоғары мемлекеттердің 
тобына енгізілді.
БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰ ДБ) адам дамуы жөніндегі деректеріне қарағанда, 
2006 жылы Қазақстандағы адам дамуының индексі (АДИ) 0,774 құраған. 2007 жылы 
Қазақстан адам дамуы деңгейі бойынша әлемдік рейтингте 117 мемлекеттің ішінде 73 
орынды иеленген. Даму деңгейі бойынша әлемдік көшбасшы елдер қатарында Исландия, 
Норвегия, Австралия, Канада және Ирландия болды. Бірқатар жылдар бойы даму 
көрсеткіштері бойынша Норвегия көш басында келген болса, 2007 жылы Исландия алға 
шықты. Адам дамуының жоғары көрсеткіші бойынша Швеция алтыншы, Швейцария 
жетінші, Жапония сегізінші, АҚШ 12 орында, Ұлыбритания 16 орында орналасқан. Ал 
посткеңестік республикалар арасында Украина 76 орында, Армения – 83, Грузия – 96, 
Әзербайжан – 98, Түркменстан – 109, Молдова – 111, Өзбекстан – 113, Қырғызстан – 116 
және Тәжікстан – 122 орында болған. БҰҰ ДБ болжамдарына қарағанда, Қазақстан адам 
дамуының жоғары деңгейі тән елдердің қатарына жуық арада енуіне толық мүмкіндігі 
бар. Бұл егер адам басына шаққандағы ішкі жалпы өнім өсімінің жоғары деңгейі (9% 
жоғары) сақталған жағдайда мүмкін болады. АДИ көрсеткіші 0,8 болған жағдайда, бұл 
елдер адам дамуының жоғары деңгейіне ие елдердің тобына жатқызылады. Ішкі жалпы 
өнімнің жоғары деңгейі бұл көрсеткішті бағындыруға мүмкіндік береді. 2009 жылы АДИ 
бойынша Қазақстанның көрсеткіші 0,794 құраған. БҰҰ ДБ адам дамуы жөніндегі 2007-
2008 жылдарға арналған баяндамасындағы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан жан басына 
шаққандағы жалпы ішкі өнім көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде үшінші орында 
болды және ол 7857 АҚШ долл. құраған. 5 жастан 24 жас аралығындағы халыққа білім 
беру көрсеткіші бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде І орынды иеленді. Бұл көрсеткіш 
бойынша халықтың 93,8 % қамтылған. Елбасы 2011 жылғы Қазақстан халқына 
жолдауында: «1991 жылдың желтоқсанында, өзіміздің стратегиялық мақсатымыз ретінде 
орнықтылық пен табысқа жетуді таңдап ала отырып, біз әр жаңа кезеңнің дамуына жаңа 
бағдарламалар жасап, алға жылжыдық. Біз кеуделі міндеттерге ұмтылып, оларға қол 
жеткіздік. 1994 жылы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім жеті жүз доллардан сәл 
ғана асатын. 2011 жылдың 1 қарашасына қарай бұл көрсеткіш 12 еседен артық өсіп, 9 
мың АҚШ долларынан асып түсті. Біз бұл деңгейге тек 2015 жылы ғана жетеміз деп 
есептеп едік. 
Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен, білім деңгейімен, интеллектуалдық 
мүмкіндіктерімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігімен терең интеграциялық үдеріс 
еліміздің білім беру жүйесін халықаралық стандарттар деңгейіне сәйкестендіру міндетін 
талап етеді. Сол себепті еліміздің білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын 
одан әрі нығайта беру міндеті бірінші кезекке қойылып келеді. 



2010 жылы 7 желтоқсанда Елбасы «Назарбаев университетінде» оқыған дәрісінде 
бүгінгі күні біздің еліміз үшін халықаралық деңгейдегі мамандар даярлайтын ғылым мен 
білім индустриясы қажет екенін мәлімдеді. Сонымен бірге, Елбасы: «Бүкіл еліміз 
бойынша жаратылыстану-математика циклі пәндерін тереңдетіп оқытатын дарынды 
балаларға арналған болашақтың 20 Интеллектуалды мектептерін ашу бағдарламасы 
жүзеге асырылуда» деп, атап көрсетті. 
Интеллектуалды ұлт пен бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастырудың маңызды 
міндеттерін жүзеге асыруда мемлекеттік бағдарламалар мен ел дамуының стратегиялық 
жоспары шешуші рөл атқаруы тиіс. Мұндай негізгі бағдарламалық құжаттарға: 
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары» 
(Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен 
бекітілген), «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық 
дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (Қазақстан 
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген) 
жатады. 
«Қазақстан – 2030» Стратегииялық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары жасалды. 
Бұл жоспар бойынша келесі онжылдықтағы еліміздің дамуының басым бағыттары мен 
стратегиялық мақсаттары айқындалды: 
1) дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық; 
2) инфрақұрылымды индустрияландыру мен дамыту арқылы әртараптандыруды 
жеделдету есебінен экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету; 
3) болашаққа салынған инвестициялар – орнықты экономикалық өсуге, 
қазақстандықтардың өркендеуі мен әлеуметтік әл-ауқатына қол жеткізу үшін адами капи-
талдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 
4) халықты сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен 
қамтамасыз ету; 
5) ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың тұрақтылығын 
қамтамасыз ету /7/. 
Ал еліміздің индустриалды-инновациялық дамуына арналған мемлекеттік 
бағдарламалар ұлттық модернизацияны, яғни ұлттың бәсекеге қабілеттілігі мен 
интеллектуалдық мүмкіндіктерін жаңа сапалық деңгейге көтеруді қамтамасыз етеді. 
«Ұлттық модернизацияны уақыт талабына сай дамудың үлгісі ретінде қарастыруға 
болады. Бұл өте нәзік процесс. Өйткені, ол кез келген ұлттың алдына мынандай таңдау 
қояды - өзіндік ұлттық реңкті жоғалту арқылы немесе өзіндік ұлттық ерекшелігін сақтай 
отырып, заман талабына сай даму жолына түсу.
Интеллект дегеніміз латынша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет