қаласына Фрунзе,
Челябинск, Новосибирск, Уфа, Свердловск, Тбилиси
қалаларынан арнайы милиция жасақтары әкелінді. Қазақ жастарының бейбіт
шеруін қуып таратып, жазалау үшін КСРО басшылары Алматыға 50 мың
әскери қызметші, 20 мың милиционер, 16 мың жасақшы әкелген. Үкімет
органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады.
Қазақ
жастарына қарсы жазалау операциясы – «Метель - 1986» деген атаумен
КСРО Ішкі істер министрінің №0385 бұйрығы негізінде әзірленген және
елдің жоғары басшылығы мақұлдаған жоспар бойынша жүзеге асырылды.
Қазақ жастарын жазықсыз жазалау әрекеттері сол кездегі Қазақстан
Компартиясы
ОК-нің
2-хатшысы
М.С.
Соломенцевтің
тікелей
басшылығымен жүргізілді.
Алаң милиция мен арнайы әскердің күшімен қоршауға алынды. Ешкімді
шығармауға және ешкімді кіргізбеуге бұйрық берілді. Шиеленіс шегіне
жеткен кезде ҚазКСР Ішкі істер министрі Князев қазақ жастарын күшпен
жазалауға бұйрық береді. Қалған, сойыл, темір арматура, сапер күрегін
ұстаған милиция қарусыз бейбіт қазақ жастарын күш көрсетіп жазалайды.
Мұздай суға тоғыту үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш
машиналары әкелінеді. Бейбіт шеруге шыққан
қазақ жастарын қан-жоса
қылып басады. Соққыға жығылған асфальтта жатқан, есінен танып не қаза
тапқан жас студент қыздар мен жігіттерді машинаға тиеп әкетеді.
КСРО халық депутаты, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Комиссиясының
Төрағасы Мұхтар Шаханов бейбіт демонстрацияны қуып тарату кезінде
милиционерлер мен әскерилердің қолынан 168 адамның қаза тапқанын
айтады. Жазықсыз жазалаудан негізінен жас студент қыздар қаза тапқан.
Желтоқсан оқиғасын тексеру комиссиясына «Батыс»
зираты туралы,
Желтоқсан оқиғасынан кейін 58 адамның жерленгендігі, ең өкініштісі
олардың аты-жөні белгісіз екендігі туралы мәліметтер берілген. Бейбіт
шеруді басып-жаншу кезінде тәртіп сақтау органдары заңдылықты өрескел
бұзып темір таяқтарды, сапер күректерін, иттерді пайдаланды. Жастарды
прокурордың шешімінсіз түрмеде ұстап, партия
органдары құқық қорғау
органдарына айыптау қорытындыларын тезірек шығару жөнінде қысым
жасады. Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның
ішінде Г.В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі
социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет,
ұлтшыл ұйым бар деген
пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы
кейін қанша тексерсе де анықталмады.
1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті «Қазақ республикалық
партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық
тәрбие беру жұмысы туралы» арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы
желтоқсандағы оқиға Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды.
Бірақ кейіннен бұл шешім қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы еш
уақытта ұлтшыл болып көрген емес еді. Мәселені Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі
жанынан арнайы кұрылған Мұхтар Шаханов бастаған комиссия тексерді.
Оның барысында, қазіргі
кезеңнің талабымен қарағанда, алғаш рет демо-
кратия және жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндік үшін көтерген
талабы мен ескі партиялық ойлау арасындағы қақтығыстың болғандығы
ашып көрсетілді.
Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы бас көтеруінің түрі
ұлттық болғанымен мазмұны ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға,
соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Бұл ереуіл саяси
сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға
шақырған жоқты. Бірақ республиканың
және орталықтың партиялық-
бюрократиялық құрылымы тарапынан ол экстремистік (Экстремист - шектен
шыққан көзқарасты жақтаушы) пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі
деп бағаланды. Өмір сүріп тұрған жүйе оны «Қазақ ұлтшылдығы» деп
айыптауға дейін барды.
Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264
адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164
комсомол мүшесіне, 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам
КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам,
Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан
босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.
Алматыдағы желтоқсан оқиғасынан кейін Г.В. Колбиннің саясатының
қатаң және валюнтаристік бағытына жол берілді. Басшылық жүйесінде үлкен
кадрлық тазалау жүзеге асырылды, мәдениет
пен баспасөзге бақылау
күшейді, жоғары оқу орындарына студенттер Қазақстандағы ұлттардың
алатын проценттік үлесіне сай қабылдана бастады. Орталыққа жіберілетін
фондыларды азайту нәтижесінде қол жеткен өзгерістерге жалған сипаттама
берілді.
Достарыңызбен бөлісу: