әсіресе, балалардың шетінеуі көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-і әртүрлі
сырқаттарға шалдықты. Бұл экологиялық апат іс жүзінде ұлттың генетикалық
өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу туралы мәселе көтеруге мәжбүр етті, өйткені
Арал аймағы негізінен республиканың байырғы халқы
- қазақтар мекендейтін
аудан.
Қазақстанда әскери базалар мен стратегиялық маңызы бар сынақ
полигондары болды. Ақмола мен Семейде әлемдегі ең ауыр құрлықаралық
баллистикалық зымырандардан жасақталған, 104 «РС-20»
зымыраны бар аса
құпия әскери бөлімдер болды.
Экологиялық ауыр жағдай Семей өңірінде де орын алды. Семей ядролық
полигонының көлемі 18 500 км квадрат болды. Семей және басқа полигондарда
барлығы 500-ден аса ядролық қарулар жарылды. Бұл жарылыстардың
халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға тигізген зияны мен зардабы
туралы ондаған жылдар бойы айтылмады.
Ядролық жарылыстардың
салдарынан «Қайнар феномені» алаңдаушылық туындатты. Қазақ КСР өлкелік
патология ҒЗИ директоры Б.А. Атшабаров және Республика Денсаулық сақтау
министрлігінің бас радиологы С.Б. Балмұханов бастаған ғалымдар тобы 1957
жылы Семей облысы Абай ауданындағы Қасқабұлақ, Сарыжал, Қайнар елді
мекендеріне тексеру жүргізді. Тексеру барысында Сарыжал,
Қайнар
ауылдарында радиоактивті деңгей 150-200 рентгенге жеткен, қалыпты
жағдайда ол 0,5 рентгеннен аспауы тиіс. Адам бүкіл өмірінде 35-тен аспайтын
рентген алады. Ғалымдардың мәліметі бойынша полигонда сынақ жасалған
жылдары кемінде 500 мың Семей өңірі тұрғындары
ионды радиацияның
сәулесіне ұшырады, әсіресе, онкологиялық сипаттағы аурулар көп шықты.
1975-1985 жж. бұл аурулардан өлгендер тек Семей облысының өзінде ғана 7 есе
өсті, бала туу азайғаны, жынданып ауру және өзін-өзі өлтіру көбейгені
байқалды.
Семей полигонынан басқа әр жылдарда Республика аумағында 27 жерде
қуаты әртүрлі 38 ядролық жарылыс жасалды.
Бұндай жарылыстар, әсіресе,
Атырау облысында көбірек болды, мұнда жаппай қырып-жоятын қарудың 17-сі
сыналған. Сегіз ядролық заряд Орал өңіріндегі полигондарда, қалғандары
Ақтөбе,
Ақмола,
Оңтүстік
Қазақстан
облыстарында
жарылған.
Бактериологиялық қарулар сынау полигоны Арал теңізіндегі Барсакелмес
аралында жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: