1 –шi зертханалық жұмыс Тақырыбы: «Қойма» деректер қорын басқару жүйесін құру Зертханалық жұмыстың мақсаты


Кестелерді толтыру және еске сақтау



бет3/18
Дата08.06.2018
өлшемі2 Mb.
#41782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Кестелерді толтыру және еске сақтау. Кесте құрылымын құрылымдаған кейін, Database Desktop-да кестені толтыруға болады. Кестенің орыс, қазақ алфавиттерінде толтырылуы сәтті болмау мүмкін, онда кестелерді латын әріптерімен толтырғаны жөн.

Сақталған кестені дискіде еске сақтау үшін, Save As батырмасына басу керек. Содан соң пайда болған терезеде кестенің атын белгілеу керек (6-сурет).





6-сурет – Кестенің сақталу терезесі
Ниет бойынша, өздігімен белгіленгеннен өзгеше псевдонимді белгілеуге болады. Өздігімен тек жұмыс каталогы немесе жұмыс псевдонимі бойынша анықталған каталог қабылданады.

Құрылатын кестенің (Materialу) атын анықтамастан бұрын, С:\PRIMER каталогында (біз қолданатын PRIMER псевдониміне, жұмыс псевдонимі ретінде беліленген) Materialу.DB файлы құрылады және сәйкес кеңейтулері бар индекстері де құрылады.



Құрылған кестені қайта құрылымдау. Егер МҚ-ның бар кестенің құрылымын өзгерту керек болса, онда File | Open | Table мәзір элементін таңдау керек. Пайда болған сұхбаттық терезеде кестенің атын таңдап, ОК батырмасын шерту. Кестенің құрамы көрсетіледі (7-суретте Materialу кестесінде жазбалар жоқ, себебі біз оларды әлі еңгізген жоқпыз).

7-сурет – Materialy кестесінің құрамы – жазбалар әлі еңгізілмеген

Егер кесте жазбаларын бірден DBD- да еңгізгіміз (сонымен қатар, кейбір жазбаларда мәндерді өзгерту немесе жою) келсе, онда F9 батырмасын шерту керек. Осыдан кейін, кесте өзгертулерді еңгізу режиміне көшеді.

Кесте құрылымын өзгерту үшін, Table | Restructure мәзір элементін таңдау керек. Содан соң, кесте құрылымын анықтауға арналған сұхбаттық терезе пайда болады.



Бөлшек-кестенің құрылымдалуы.

Екінші кестенің «Материалдардың келіп түсуі» құрылымын анықтаймыз (8-сурет), ол бөлшек-кесте болып табылады.


8-сурет – Prihod кестесінің құрылымы


Осы кестені құрылымдау тәсілі біріншісіне біршама сай келеді. Бірақ келесі ерекшеліктерінен басқа.

N_Prih өрісінен басқа, себебі ол өріс автоинкрементті болып келеді, барлық өрістерге, Required (оны МҚ-да сақтау кезіндегі мәндердің міндетті түрде берілу талабы) атрибутын белгілейміз.



«Келу мерзімі», «Материал» өрістері бойынша индекстерді құрамыз. Ол үшін Table Properties комбинацияланған индексте (терезенің жоғарғы оң жағында) Secondary Indexes элементін таңдаймыз. Содан соң, сұхбаттық терезе 9-суретте бейнеленген түрге ие болады.


9-сурет – Терезенің оң жағында Secondary Indexes элементі пайда болды.
Жаңа индексті анықтау үшін, Define пернесін шерту керек. Пайда болған сұхбаттық терезеде Fields өрісінде бізбен анықталатын кестенің өрістер тізімі болады. Index Fields өрісі құрылып жатқан индекс құрамына кіретін өрістерді сақтау үшін арналған. Fields тізімінен Index Fields тізіміне нақты жолды көшіру үшін, оң бағыты бейнеленген батырманы шерту керек. Тізімге қосылу тізбегі маңызды, ол тізімде орналасы ретін анықтайды. Керек жолдарды Index Fields тізіміне кірістірген кейін (10-сурет), ОК батырмасын шертеміз.

10-сурет – Индекс құрамына кіретін жолдардың анықталуы
Пайда болған терезеде индекс аты сұралынады (11-сурет). Атауды енгізіп, ОК батырмасын шерту керек.


11-сурет – Индекстің сақталу терезесі
Индекс атауын тек жолдың атымен ғана атауға ұсынылмайды, себебі ондай тәсіл кестелер арасында тұтастылықтың сілтемесін құрған кезде автоматты түрде қолданылады.

12-суретте көрсетілгендей, жаңа индексті қосқаннан кейін, оның аты индектер тізімінде пайда болады.



Кейін, индекс атынан шертіп оны жоя (Erase батырмасы) немесе өзгерте (Modify батырмасы) аламыз.

12-сурет – Prihod кестесі үшін анықталған индекстер тізімі
Құрылған кестені Prihod атымен сақтаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет