1 –шi зертханалық жұмыс Тақырыбы: «Қойма» деректер қорын басқару жүйесін құру Зертханалық жұмыстың мақсаты



бет4/18
Дата08.06.2018
өлшемі2 Mb.
#41782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

В. Мәліметтер қорын құрылымдау

Енді МҚ-ны кестелерден құрылымдаймыз. Олардың құрылымы құрылған, яғни құрылымдалған кестелер.

«Материалдар» және «Материалдардың келіуі» кестелері «бірдің көпке» байланысында, яғни Materialy кестесінің бір жазуымен Prihod кестесінің бірнеше жазулары байланыса алады. Байланыс өрісі негізінде екі кестеде де бар жазу Material болады.

Берілген кестелер арасындағы сілтемелік тұтастығын анықтаймыз. Paradox –тағы сілтемелік тұтастық, біріншіден, кестелер арасындағы байланысты, ал екіншіден, каскадты қатынасты анықтайды.



Prihod кестесін (мәзір элементі File | Table | Open) ашамыз және кесте құрылымын өзгерту режиміне кіреміз (Table | Restructure). Пайда болған Table Properties тізімінен Refrential Integrity элементін таңдап, Define батырмасан шертеміз. Пайда болған сұбаттық терезеде (13-сурет), Fields тізімінде Prihod кестесінің жолдары көрсетілген, ал Tables тізімінде - PRIMER мәліметтер қорының кестелері.

13-сурет – .Сілтемелік тұтастылықты құртын терезе


Fields тізімінен Material жолын таңдаймыз да, оң жаққа бағытталған бейнесі бар батырманы шертеміз. Material атауы Child Fields (бағынышты кестенің сыртқы кілтінің жолы) жолына жазылады.

Tables тізімінен Materialy кестесін таңдаймыз да, сол жаққа бағытталған бейнесі бар батырманы шертеміз. Parents Key (кестенің аналық кілті) жолында Materialy кестесінің біріншілік кілттің өрістері көрсетіледі. Біздің жағдайымызда, бұл Material өрісі.

Update rules ажыратып қосқыштары Materialy кестесіндегі байланысқан жолдар немесе Materialy кестесіндегі жазбаларды жою кезінде, Prihod кестесінің каскадты қатынасын анықтайды:

  • Cascade - Prihod кестесіндегі бағынышты жазбалардың каскадты өзгертілуі және жойылуы;

  • Prohibit – Егер берілген жазбаға Prihod кестесінде байланысқан жазбалар бар болса, Materialy кестесіндегі жазбаларды жоюға немесе бағынышты жазбаларды жоюға және өзгертуге тиым салады. Cascade таңдаймыз (18-сурет) және ОК батырмасын шертеміз.


14-сурет – Сілтемелік тұтастылықтын шарттарын анықтау

Аты сұранылады – Paradox-та сілтемелік тұтастылық аталады. Атауды енгіземіз, мысалы Materialy_Prihod_Integrity, ОК батырмасын шертеміз. Енді сілтемелік тұтастылықтың аты тізімге енгізіледі.



Prihod кестесіндегі өзгертулерді еске сақтаймыз (Save батырмасы) және Prihod кестесінің құрылымын өзгерту режиміне (Table|Restructure) қайта кіреміз. Пайда болған Table properties тізімінен Secondary Indexes (біріншілік кілтті анықтау үшін құрылған индекстерінен басқа кестенің индекстері) элементін таңдаймыз. Индекстер тізімінен жаңа Material (Material өрісі бойынша) атауы бар индекс пайда болғанын көреміз. Бұл индекс автоматты түрде құрылған, сыртқы кілтінің нақты емес анықталуымен сілтемелік тұтастылықтың құрылуы кезінде (15-сурет).

15-сурет – Prihod кестесінің сілтемелік тұтастылықты құрғаннан кейінгі индекстер тізімі

Осымен, МҚ құру үрдісі аяқталды, сондықтан қайта құрылымдау режимінен және DBD –дан шығуға болады. Осындан кейін құрылған кестелермен жұмыс істеу үшін, қарапайым қосымшаны құрылымдаумен айналысамыз.



Бөлім бойынша қорытынды

МҚ құруындағы материал құрылымы келесі:



  1. Бірінші кестенің құрылымын түрлендіру. Оның мінездемесі келесідей:

Ол мастер кесте болып табылады және оған біріншілік кілт, біріншілік кілтімен біріншілік индексация құрылған.

  1. Екінші кестенің құрылымын түрлендіру. Оның мінездемесі келесідей:

Ол бөлшек кесте болып табылады, екіншілік кілт, екіншілік индексация құрылды.

  1. Кестелер арасындағы «бірдің көпке» қатынасы орнатылған.


DELPHI-де МҚБЖ құрылуы

МҚБЖ экрандық және есеп формаларынын және МҚ-ға енгізілетін және МҚ-дан шығарылатын мәліметтерді өңдеу процедуралары жиынтығынан құралады. Windows МҚБЖ ортасында МҚЖ бағдарламалауын қосымша деп атайды.

Осымен, жоғарыда бейнеленген «пайдаланушы - жүйе» жүйенің жұмыс сұлбасынан жүйенің жұмыс істеуі үшін, келесі формалар керек:


  • Мәзірге арналған форма;

  • Қорға мәліметтерді енгізуге арналған форма;

  • МҚ қарап шығуға арналған форма;

  • №1 есепке арналған форма;

  • №2 есепке арналған форма;

  • №3 есепке арналған форма.

Жоғарыда МҚЖ бейнелеуінің сыртқы формасы көрсетілген. МҚЖ жұмыстылығын қамтамасыз ету үшін, формалар мен МҚ арасында байланысты орнату керек: экрандық формадан МҚ мәліметтердің өңделуі. Ол келесі пункттерде жасалынады.

Delphi-де МҚБЖ-мен МҚ формаларын байланыстырылуы анықталғанвизуалды емес компоненттер арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан экрандық форма мен МҚ арасындағы байланыс орнату үшін, арнайы визуалды емес компонент (контейнер) TDataModule қолданылады. Олар жеке құрылуы керек.

Біздің есебімізге қажетті формалардың тізімін құрамыз:


  • Мәзірге арналған форма;

  • Қорға мәліметтерді енгізуге арналған форма;

  • МҚ қарап шығу формасы;

  • №1 есепке арналған форма;

  • №2 есепке арналған форма;

  • №3 есепке арналған форма;

  • TDataModule комоненті.

Компоненттер мен формалардың орналасуы келесідей болады:

  1. TDataModule компоненті;

  2. Мәзірге арналған форма;

  3. МҚ арналған форма;

  4. Қорға мәліметтерді енгізу формасы;

  5. №1 есепке арналған форма;

  6. №2 есепке арналған форма;

  7. №3 есепке арналған форма;

МҚБЖ құруға қажетті формаларды екі тәсілмен құруға болады:

  1. Егер олардың саны алдын-ала белгілі болса, онда монитор экранында және IDE Delphi жоба қоймасында (repository) қажетті визуалды және визуалды емес формалар санын алдын-ала енгізуге болады, яғни жобаға қанша форма қажет болса, сонша қосуға болады. File|New Form жарлығы көмегімен визуалды формалар, ал File|New Data Module жарлығы арқылы визуалды емес формалар қосылады. Біздің жүйе үшін, барлығы алты визуалды форма және бір TDataModule компоненті қажет болады.

  2. Егер формалар саны алдын-ала белгісіз болса, онда монитор экранында және сәйкесінше, IDE Delphi жоба қорында (repository) жоба үшін қажетті форма ағамды МҚБЖ құруында құрылуы мүмкін. Экранда формаларды орнату File|New Form немесе File|New Data Module жарлықтары арқылы жүзеге асады. Басқаша айтқанда, жобаға әрбір форма қажеттілігі бойынша қойылады.

Біздің жағдайда жоба қорына жаңа формаларды қосу, қосу жарлықтары (File|Add to Project) арқылы жүзеге асады.

Алдымен, экранға қажетті формалар саны шығарылды деп есептейік. Егер формалар жетпесе, оларды қажетті санына жеткіземіз. Ол (File|New Form) әрекетінің қайталуы арқылы жасалынады. Мұндай әрекет қанша форма қажет болса, сонша рет жасалынады және File|New Data Module жарлығы арқылы бір контейнер құрылады.

Енді формалардың құрылымдалу ретін анықтайық. Формаларды құру реті жалпы еркін түрде болып келеді, бірақ біз жоғарыда көрсетілген ретті таңдаймыз.

Берілген формаларды бейнелеу және құру реті МҚБЖ құру үрдісін жеңілдетеді.

МҚБЖ құруын МҚ байланысы үшін, TDataModule контейнерінің құрылуынан бастаймыз. МҚБЖ формаларын жобалауын экрандық МҚ құрамы бейнелетін формадан бастаймыз.

МҚБЖ жобалануы әр формада жекелеп МҚ байланыс жасау жолымен және МҚ алынатын немесе экрандық формаға енгізілетін мәліметтерді өңдеу процедуралардың құрылуы арқылы жасалынады.

Сонымен қатар, әр форма компоненттері арасында байланысты орнату керек. Экрандық формалардың біреуінде жұмысты аяқтау жарлығын ескерген жөн.

Компоненттерді анықтап алып, олардың формада орналастыруын бекіткен соң, олардың МҚ-ға рұқсаты орнатылады және әрбір форма компоненті үшін мәліметтерді өңдеу процедурасы құрылады.

Жоғарыда келтірілген анықтамадан, МҚБЖ МҚ сияқты көптеген компоненттерден құралатынын көреміз. Бұл барлық МҚБЖ компоненттерін құрылымдауды және бағдарламалауды талап етеді. Сондықтан оларды МҚ сияқты белгілі бір орында сақтау керек. Осы мақсатпен, C:\PRIMER каталогында АРР бумасын құрамыз. Бұнда біз құрылымдалған қосымшаларды сақтаймыз.

Жалпы жағдайда, қосымшаларды кездейсоқ жерде сақтауға болады, бірақ МҚ-мен бір бумада сақталуы құрылымдаушыға ыңғайлы жұмыс істеуге көмектеседі.



4.3. МҚБЖ құрылуы

4.3.1. TDataModule контейнерінің құрылуы

Экрандық форма мен МҚ байланысы визуалды емес компоненттер деп аталатын арнайы компоненттермен қамтамасыз етіледі. Бұл элементтер құрылымдау режимінде ғана көрінеді, ал жүйенің жұмыс істеп жатқан режимінде экранда көрінбейді.

Егер МҚБЖ бір экрандық формадан құралса, онда визуалды емес компоненттерді сақтауға арналған контейнер түріндегі арнайы қойма керек емес. Ондай жағдайда, визуалды емес компоненттерді экрандық формада орналастыруға болады. Экрандық формалар көп болған жағдайда, және олардың әрқайсысы МҚ-ға қатынау жасауы керек болса, қатынау келесі түрде жүзеге асады:

Барлық экрандық және есептік форма МҚ үшін қатынау (байланыс) керек. Егер МҚБЖ бірнеше формадан құралған болса, олардың МҚ-ға қатынасы екі тәсілмен жасалады:



    1. МҚ-ға әрбір форманың (және оның компоненттеріне) қатынауын басқа формаларға тәуелсіз, автономды түрде жасауға болады.

    2. Екінші тәсіл бойынша, МҚ-ға әрбір форманың қатынау жасауды қайталамауды ұсынады, ал барлық экрандық және есептік форма үшін арнайы TDataModule типті компонент арқылы бірыңғай рұқсаттаманы ұйымдастыру. TDataModule типі компонент өз кезегінде МҚ-ға қатынау жасау үшін арналған TTable, TQuery, DataSource визуалды емес компоненттерді кірістіруге болатын контейнерді бейнелейді. Онда МҚ-ға рұқсаты қажетті формалар TdataModule компоненті арқылы рұқсаттаманы алады.

Сонымен, МҚБЖ-мен жұмыс жасау үшін, TdataModule типті компонентті құру керек.

Delphi ортасындағы TdataModule экземплярының жасалуы File|New Data Module мәзір пункті арқылы жүзеге асырылады.

TDataModule комоненті мәліметтер қорымен жұмыс жасау үшін, компоненттер контейнері болып істейді. Delphi компоненттері палитрасында Data Access парағында тышқанмен визуалды емес ТТаblе (16-сурет) компонентінен шертіп, содан соң тышқанмен контейнерде шертеміз. Осыдан кейін, компонент бейнесі контейнерде қалады.

16-сурет – Delphi компоненттерінің палитрасы
TTable (басқа да компоненттерді, мысалы TQuery, TDataSource) визуалды емес болып аталады, себебі мәліметтерді сақтау және мәліметтерге қатынау үшін, ал компоненттердің визализациялануы үшін емес, ол мақсаттар үшін, визуалды компоненттер (TDBGrid, TEdit және басқалар) қолданылады.

Біз TTable компонентін орналастырып болған соң, оның қасиетін орнатамыз. Бұл мақсат үшін, біз формадан сол жақта орналасқан объектілер инспекторын (Object Inspector) қолданамыз. Егер ол көрінбесе, оны F11 пернесін шерту арқылы шақыруға болады. Объектілер инспекторы тышқан арқылы ерекшеленген компоненттің қасиетін орнатуға мүмкіндік береді. Ttable компонентін тышқан көмегімен ерекшеп аламыз.

DatabaseName (МҚ псевдонимі) мәнінің қасиетін пайда болған тізімнен немесе өздігімен теріп PRIMER –ге орнатамыз. TableName мәнінің қасиетін (МҚ кестесінің аты) Materialy.DB орнатамыз, ол пайда болған тізім арқылы таңдалады. Active мәнінің қасиетін True қыламыз. Осыдан кейін, TTable (өздігімен, Ttable1 атына ие) компонентінің Materialy.DB кестесімен байланысы басталады.

TTable және TQuery компоненттері жинақталған мәліметтерді сақтау үшін қызмет етеді. Жинақталған мәліметтердің ұғымы МҚ кестесінің түсінігінен біршама кең болып келеді. Себебі жинақталған мәліметтер құрамына:

  • МҚ-ның көптеген жазбалары немесе жолдары кіруі мүмкін (TTable, Tquery компоненттері);

  • МҚ-ның бірнеше кестелерінен құрылған жазбалар (Tquery компоненті);

DataModule контейнерінде TDataSource компонентін орналастырамыз. Ол визуалды және визуалды емес компоненттер (в данном случае Table1) арасындағы байланыстарытын звено ретінде қызмет етеді. Сондықтан TDataSource компоненттерін мәліметтер көзі деп жиі атайды. TDataSource компонентінің DataSet қасиетін пайда болған тізім арқылы Table1-ге орнатамыз.

TDataModule-ді кез-келген бір атпен (өздігімен ол Unit5.pas) атаймыз. TdataModule бейнеленген Unit модулінің аты осы TdataModule-де орналасқан, МҚ-да және TDataSource-те қолданылатын басқа формалардың барлық Unit модулінің мәтініне қосылады. Ол Delphi ортасының бас мәзірінде File|Use Unit элементінде жүргізіледі.

Ары қарай мәліметтер топтамасының деректерімен жұмыс істейтін визуалды компоненттер dataSource қасиетінде сәйкес TDataModule –ден TDataSource компоненттің атын құрау керек. Сонымен қатар, аты құрама болып келеді: алдымен TdataModule компонентінің аты, содан соң нүкте арқылы - TDataSource компонентінің аты, мысалы TdataModule. TdataSource.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет