1. Синхронды оқыту дегеніміз не?



бет31/58
Дата04.10.2022
өлшемі1,35 Mb.
#151692
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   58
Байланысты:
Ббцт емтихан жауаптары

Аудиториямен жұмыс


27. Аудиториямен тиімді қарым-қатынас орнату амалдары

Аудиториямен қарым-қатынас орнату – өте күрделі іс. Шешен үшін алдымен тыңдаушылармен өзара меймандос байланыс орнатып, өзінің мінберден сөйлейтін сөзін ой бөлісуге, пікірлес әріптестікке жетелейтін екі жақты сұхбатқа айналдыра білу - өте маңызды. Залда кездейсоқ адамдар жиналады деген түбірімен қате ойдан аулақ болыңыз. Жаңа заманның жаңа қарқыны кімді де болса уақытты бағалауға үйретті, сондықтан аудиторияға мақсатты, сөз тыңдауға ынталы тыңдаушылар жиналады. Шешен қайтсе олардың үдесінен шығуы керек; мазмұнсыз, пайдасы шамалы баяндамасымен жиналған жұрттың уақытын бөгеуге оның ешбір хақысы жоқ. Ол үшін сөз сөйлеуші ділмәр аудитория құрамын мына тұрғылардан талдап алғаны жөн болмақ:

жасына қарай (балалар, жастар, орта, егде жастағылар);
шешенге қатыстылығына қарай (меймандос, қарсы, бейтарап);
дайындық деңгейіне қарай (жақсы дайындалған, дайындығы бар, дайындықсыз);
кәсіби белгілеріне қарай (нақты ғылым өкілдері, гуманитарийлар, оқушылар, жұмысшылар, т.б.);
көлеміне қарай (үлкен, орташа, шағын);
гендерлік белгісіне қарай (ерлер, әйелдер);
ұлтына қарай;

Аудиториямен байланыс түрлері

Саяси және қоғамдық тақырыптар әдетте жұмысшылардан, ғалымдардан, студенттерден, зиялы қауымнан тұратын әрқилы аралас құрамдағы аудиторияны жинайтыны белгілі. Сол себепті, барлығына бір өлшеммен қарауға болмайды. Әр ортаның тек өзіне ғана түсінікті ұғым мен тілі болмақ. Тыңдаушыны баяндамадағы өзіне немесе өзінің қызмет саласына қатысты мәселелер ғана қызықтырады. Шешен жиналған әрқилы құрамдағы қауыммен тіл табыса білсе, оның сөйлеген сөзі де өтімді бола береді. Шын жүректен сөйлеп тұрған баяндамашы тыңдаушы қауымның ықласын өзіне көрсетіліп жатқан қошемет пен олардың дүбірлі шапалақтарынан біледі. 

Тыңдаушының құлықсыздығымен күресу оратордың маңызды міндеті.Сөйлеуші тыңдаушының ықыласын аудартудың бірнеше тәсілдері бар.


1.Тыңдаушылардың назар аударуын талап ету.Тосын сұрақтар қойып,ара-арасында кідірістер жасау;
ž2.Еліктіру.Ынтасын ояту-әңгіменің не жайлы болатынын бірден ашып айтпау;
ž3.Сұрақ-жауап тәсілі.Аудиторияға сұрақ қойып,өзі жауап береді.Бұл аудиторияны қызықтырып пікірталасқа алып келеді.
ž4.Көркем әдебиеттерден мысалдар қолданып,қанатты сөздер айту.
ž5.Сөз арасында әзіл-қалжыңды орынды қолдана білу.
ž Ауызша сөйлеудің шеберлігін танытудың жолы-әр сөз алған адам сөзінің маңыздылығының тиімді шарты.Шындығында сөз тыңдалу үшін,дұрыс қабылдану үшін,әсерлілігімен есте қалу үшін қажет.Тыңдаушы сөйлеушіні мұқият тыңдамаса,әркім өз шаруасымен айналысып отырса онда оның еңбегі зая,сөздің тиімділігі нөлге тең.
ž Контакт дегеніміз оратор мен аудиторияның психологиялық жағдайының жалпыға ортақ сипаты.Халықта «Сөз жартылай сөйлеушінің иелігінде,жартылай тыңдаушының иелігінде”-деген сөз тегін айтылмаса керек.Оратор мен аудитория арасында байланыс орнатудың негізгі алғышарты,ол-оратордың тыңдаушыларға деген шынайы сыйластық сезімі.
ž Тыңдаушылар бір мезетте көрермендерге айналады.Оратор трибунадан көтерілгеннен бастап,тыңдаушылар оны сынап,бағалай бастайды.Ең басты назар оратордың сыртқы келбетіне,киім киісіне ауады.Одан кейін оратордың әрбір іс-қимылын қалт жібермей бақылап отырады.Қайда қарап сөйлеп тұрғаны да назардан тыс қалмайды.Аудиторияның әр бұрышына ауық-ауық көз тастап,дұрыс контакт орнатуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет