Біздің жұмыс барысымызда көптеген ақпараттарды жедел жинауға тура келеді. Сол қағазбастылықтан арылудың бірден-бір шешімі Google формалар сервисі. Бұл сервис қазіргі заман талабына сәйкесті тыңдаушыларды көп мазаламай жоғарыда айтқандай бір ғана сауалнамамен біршама ақпаратты тез жинап алып және өңдеуді жеңілдетеді.
Осындай жан-жақты қамтылған үлкен бір жүйе екенін көріп отырмыз. Жалпы біз ғаламторды пайдалана отырып сол кеңістіктегі өзімізге қажетті де, пайдалы сервистерді кеңінен пайдалансақ өз уақытымызды үнемді пайдаланамыз деп ойлаймын.
42.Google формамен жасалатын тест форматтарын жіктеңіз Өзіміздің gmail.com поштамызға кіреміз. Таңдау торларын басамыз сол кезде бізге Гуглдың негізгі сервистері тізімі ашылады. Менің парақшамда орналасу бағыты мына суреттегідей, ал сізде аздап өзгелеу болуы мүмкін сіздің баптауларыңызға байланысты.
Диск сервисін таңдаймыз, егер сіз бұрын қолданбаған болсаңыз, орнатуға рұқсат сұрайды. Ол сіздің құжаттарды өзіңіздің құрылғыда да және бұлттық кеңістікте сақтау үшін қажет. Дискіге кіргеннен кейін сол жақ жоғары бұрыштан «создать» батырмасын басамыз. Шыққан контекстік мәзірден «форма» сервисін таңдаймыз және форманы әсерлеп баптауға көшеміз.
Біріншіден формамызқа ат береміз. Өзі бастапқыда «Новая форма» деп ашады. Форманың атын кейінде өзгертуге болады.
Сұрақтарды толтыру формасы ашылады. Сұрағымызды жазғаннан кейін, оған қандай формада жауап алғымыз келсе сол форманы таңдаймыз
Жоғарыда көріп отырғаныңыздай бірнеше түрде жауап қабылдауға болады. Негізгілері мыналар:
Мәтін
Азат жол
Тізімнен таңдау
Тізімнен бірнеше жауап таңдау
Ашылмалы тізім
Мөлшерлеу
Сонымен қатар сурет, бейнематериал және басқада түрлерін қолдануға болады. Егерде біздің сұрағымыз немесе сауалымыз міндетті түрде жауабы керек болса «обязательный вопрос» чек-боксын түртіп батырманы айқындаймыз.
Енді келесі сұрақты толтыру үшін + батырмасын шертеміз. Егерде сұрақтардың форматы бірдей болса көшірмесін жасап сол көшірмеге өзгерістер енгіземіз. Сұрақтарымызды толтырып болғаннан кейін нәтижені қарап алуға болады. Форманы өзіміз қарап өткеннен кейін енді ол сауалнаманы орындаушыға жібереміз «отправить» батырмасын басу арқылы. Электрондық поштаға жіберуге болады, егер жеке адамның сауалнамсы керек болса. Сілтеме арқылы жіберуге болады топтық жұмыстану үшін. Короткий URL хабарламасының тұсына белгі қоямыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы хабарлама жасап бөлісуге болады.
Бұл жасаған формаңыздың нәтижесін басқа әріптесіңіз өз жұмысына қолданатын болса гугл-дискіден керек форма таңдап тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы контекстік мәзірден «совместный доступ» бөлігін таңдаймыз. Сілтемені әріптесіңіздің поштасына жібересіз.
Сауалнама біткеннен кейін форманы ашсаңыз мынадай нәтиже көресіз:
Жауаптар бөлімін бассаңыз барлық жауаптардың қорытындысын көруге болады немесе әр саулнамаға жауап берушінің жауаптарын жеке қарап шығуға болады.
Жауаптардың нәтижесін сонымен қатар гугл таблицаға аудару арқылы ехсел бағдарламасына аударып алуымызға болады.
Міне біздер бүгін Google формалар сервисімен таныстық бұл тек қана бір түрі.