Қазақ тiлi сабағы. Мұғалiм сыныпқа келдi. «Сәлеметсiздер ме, балалар» - дедi. Оқушылар орнынан тұрды, сәлемдестi. Әлия тақтаға шықты.Тақтаға қатесiз жазды. Сөйлемнiң соңында нүкте қойды. Арман мәтiндi оқып, аударды.
Саша оған көмектестi. Бәрiмiз тақтаға назар аудардық.Қазақ тiлi сабағы көңiлдi, қызықты өттi. Әрбiр сөздi бәрiмiз хормен қайталадық.
Қала. Бiз қалада тұрамыз.Бiздiң қаламыз сәндi де сәулеттi.Қаланың үйлерi биiк, көшелерi кең. Көшелер жасыл желекке бөленген. Жүрiп жатқан әр түрлi машиналар. Қаламыз өте таза. Мектептiң қасында қаладағы ең үлкен кiтапхана бар. Мен өз қаламды жақсы көремiн. Қаланың тұрғындары өте қонақжай.
Кезекшi. Бүгiн Жанар мен Айнґр сыныпта кезекшi. Олар мектепке басқа балалардан бұрын келдi. Алдымен парталарды реттеп қойды. Жанар терезелердi ашты. Айнұр партаның үстiн, тақтаны дымқыл шүберекпен сүрттi. Бiрiншi сабақ қазақ тiлi. Кезекшiлер әр партаға сөздiктердi дайындады. Сөздiктер сөреде тґрған. Қыздар өз мiндеттерiн ұқыпты орындады.
Көбелек. Күз.Шалғында түрлi гүлдер жайнап тұр. Көбелектер гүлден-гүлге қонып жүр. Ақ көбелек ақ гүлге қонды. Сары көбелек сары гүлге қонды. Мұның мәнi бар. Қарлығаш ұшып келдi. Ол көбелектердi таба алмай қалды. Көбелектер өзiн жаудан осылай қорғайды.
Мектеп бағы. Биыл бiз жаңа мектепке барамыз. Мектеп ауласы үлкен. Сынып бөлмелерi әрi кең, әрi жарық. Мектебiмiз екi қабатты.Терезелерi биiк. Мектеп баЈына көптеген ағаштар отырғыздық. Гүл алаңын жасадық. Гүл алаңында менiң сүйiктi гүлдерiм өсiп тұр. Бiз әр Үзiлiсте мектеп бағына барып демаламыз.
ҰЛЫ КҮН Қазақстан – біздің сүйікті атамекеніміз. 1991 жылғы желтоқсанның 16-сы оның тарихындағы ұлы күн! Сол күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті.Еліміз егемен мемлекет болды.Қазір қазақ мемлекетін жер жүзі біледі. ҰлыОтанымыз –Қазақстанды шексіз сүйеміз!
Астана. Астана солтүстiк Қазақстанда орналасқан. Астана туралы көптеген аңыздар бар. Бұл бейбiтшiлiк және достықтың қаласы. Қалада үш бидiң ескерткiштерi бар. Ескерткiштер орталық даңғылда тұр. Жаңа астанада көптеген құрылыс жүрiп жатыр. Бiздiң қаладан Астанаға поезд барады. Менiң көкем Астанада оқиды.
(38 сөз.)
Қостанай. Мен күндидарлы Қостанайда туып-өстiм. Қостанай Тобыл жағасында орналасқан. Қостанай мешiтiне 126 жыл толды. Мешiт өте сұлу. Орталықта Ыбырай Алтынсарин мектебi және мұражайы бар. Бiз жылда ұлы ұстаздың туған күнiне қарсы мұражайға барамыз. Ыбырай Алтынсарин-бiздiң атақты жерлесiмiз.