Мәншүк Маметова. Мәншүк Маметова менiң шәкiртiм едi. Оны екiншi сыныптан бастап оқыттым. Бастапқы кезде Мәншүк орыс тiлiн бiлмейтiн. Бiрақ Мәншүк үйренуден,бiлуден жалықпады. Оның бойында қайтпас талап бар едi. Бұл қасиет оған орыс тiлiн тез үйренуге көмектеседi. Мәншүктiң тағы бiр қасиетi-ұстамдылығы. Алдына қойған мақсатын ол табандылықпен орындайтын.
Мамыр. Мамыр-үшiншi ай. Көктемнiң ең сұлу шағы. Күн жылып, жер бусанып, өсiмдiк құлпырады,төл көбейедi. Құстар ұя салып, балапан шығарады. Қазақтар барлық құстардың балапандарын мамыр деп атайды. Ай аты осы сөзден шыққан дейдi халық. Мамыр -тоқшылық, семiру ұғымды бiлдiредi. Мектептерде де мамыр айында соңғы қоңырау соғылады.
Мақтаншақбақа Мақтаншақ бақа 2-сыныпта оқиды. Достарының барлығы оның ерекше мақтаншақ екенін бұрыннан білетін. Бірақ бүгінгі қылығы есте қаларлық болды. Әдебиеттік оқу сабағынан кейін мұғалім оқу қарқынын тексеретінін айтты. Жапалақ мұғалім екінші жарты жылдықта 55-60 сөз оқи алуымыз керек екенін айтты. Барлық оқушылар кітаптарын ақтарып дайындала бастады. Тек қана мақтаншақ бақа осы кезге дейін, көптеген кітаптар оқығанын, ол үшін 60 сөз оқу қиынға соқпайтынын айтты. Мақтаншақ бақаның ойынша,білімді болу үшін, теледидар қарасаң да жеткілікті, кітап оқып уақыт өткізгеннен не пайда.Жапалақ мұғалім барлық оқушылардың оқу қарқынын тексеріп, жақсы жетістік көрсеткендерін атап өтті. Минутына 144 сөз оқыған аққу, 110 сөз оқитын қарлығаш және 89 сөз оқитын құмырсқа алғашқы орындарды иеленді. Барлық оқушылар оларға қызыға қарады. Мақтаншақ бақа «Мен неткен ақылдымын, бәрібір соңынан санағанда бірінші орын менікі»-деп мақтанды. Досым сен ше? Минутына неше сөз оқисың?
СүйкімдіБотагөз Ботагөз әрқашан сабаққа ерекше дайындықпен келеді.Өзі үнемі терең ой құшаында жүреді. Ұстазының әр сөзін байыппен, ерекше ынтамен тыңдап,іштей қайталап отырады. Бүгін мұғалім ерекше тапсырма берді. Оқушыларға «Алтын балық» ертегісін оқып беріп: « Егер сендер алтын балықты ұстап алсаңдар қандай тілек тілер едіңдер,ойларыңдағы армандарыңды қағазға жазыңдар»-деді. Бүлдіршіндер өз арман,тілектерін қуана күбірлесіп жаза бастады. Аздаған үзілістен соң оқушылар жазба жұмыстарын оқып берді. Ержасын маған машина керек десе, Жансулу әдемі қуыршақ сұраймын деді. Жансая үлкен үй сыйласын, мен әкеммен және анаммен сол үйде бақытты өмір сүргім келеді деді. Барлық оқушылар өз ойларын жарысаоқып беріп жатты. Тек қана Ботагоз үндемей отырды. Мұны байқаған мұғалім: «Ботагоз, сен алтын балықтан қандай тілек тіледің?»-деп сұрады. Азырақ үнсіздіктен кейін Ботагоз өз жазғанын оқып берді. «Егер де мен, алтын балықты ұстап алсам,ең бірінші анама денсаулық сұрар едім. Анам ауырып қалса, мен қатты уайымдаймын. Содан кейін әкеме,сүйікті тәтеме де, егер де ата-анам қасымда аман-сау болса, қалғанының бәрі болады»-деді. Мұғалім сүйкімді Ботагозге үлкен сүйіспеншілікпен таңырқай қарады, сыныптастары да үлкен ойға батып кетті.