1. Сіздің болжам диагнозыңыз?



Дата02.01.2022
өлшемі16,8 Kb.
#107882
Байланысты:
3с.е.БХ


ЖМ-720 Асқар Әсел

Есеп 1

Нәрестелер патологиясы бөлімшесінде 26 күндік нәресте омфалит және пиодермиямен емделді. Аурухананаға түскенге дейін 2 тәулік бұрын оң иық буынының ісінуіне, қимылдың шектелуіне, пассивті қозғалыс кезінде ауырсынуға көңіл аударған.

1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Тексеру жоспарыңыз?

3. Емдеу тактикаңыз қандай?
Жауабы:


  1. Оң иық сүйегінің проксимальді эпифизінің жедел гематогенді остеомиелиті.

  2. Эпифизде түзілген іріңдік, 3 жасқа дейінгі балаларда ересек балалармен салыстырғанда, сүйек үстіне емес, буынға ашылады және іріңді артрит дамиды: буын онда ірің жиналғаннан шар тәрізді болады. Артриттің рентгенологиялық белгілері – жұмсақ тіндердің көлеңкесінің үлкеюі және сау аяқпен салыстырғанда буын саңылауы кеңейеді. Олар ауру басталғаннан 5-7 күні пайда болады. Аурудың 3-ші аптасында сүйек тінінде жедел гематогенді остеомиелиттің ерте белгілері пайда болады: периостальдық реакция және ұсақ ұялы остеопороз.

  3. Эпифиз іріңдігі буынға ашылатындықтан хирургиялық емдеу тілуден емес, экссудат аспирациясымен және антибиотик ерітіндісімен қуысты жуудан тұрады. Бұл жерде артротомия керек емес, өйткені ол буынға зиян келтіреді. Антибиотиктерді буын ішіне енгізудің қажеті жоқ, өйткені шеміршекке оларды тамшылатып құю мүмкін емес.

Қолдың иммобилизациясы Дезо таңуымен іске асырылады, аяқты Шеде тартуы бойынша 2 аяқты талтайту жағдайында жасау керек. Мұндай иммобилизация гипсті лонгетаға қарағанда әлдеқайда тиімдірек.


Есеп 2.

9 жасар бала тұрақты дене қызуының 38,0 - 39,0 ºС көтерілуіне, оң санының төменгі 1/3 ауырсынуына, екі күннен бері ақсаңдауына шағымданып келді. Қарағанда бала аяғына тұра алмайды. Жұмсақ тіндері ісінкі. Сан сүйегі перуссиясында ауырсынулы.

1 Сіздің диагнозыңыз?

2 Қандай зертеу әдістерін қолдану қажет?

3 Қандай жолдармен емдеуге болады?

4 Қандай асқынулар кездеседі



Жауабы:

  1. Жіті гематогенді остеомиелит.

  2. Алғашқы рентгенолгиялық белгілер аурудың 14 күні ғана пайда болады – ұсақ ұялы остеопороз және периостальды реакция: рентгенограммада сүйек тысының қабаттарының алынуы көрінеді.

Аурудың ерте стадияларында диагнозды рентгенологиялық нақтылай алатын, әдістер бар. Бұл әдістер сипатталған және жарнамаланған.

Осындай әдістердің бірі сүйекті контрастты тексеру – остеомедуллография болып табылады. Сүйекке пункция жасап суда еріген контрастты зат еңгізіледі. Сүйекке дәрілік заттарды енгізудің маңызы зор. Бұл әдісте дәрілік зат әсер ету жалдамдылығы бойынша қантамырішілікке аналогты – кейде қан құяды. Контраст 15-20 минут енгізілгеннен кейін рентегнография жүргізіледі. Сау сүйекте 2-3 минуттан кейін контраст табылмайды, остеомиелитте 20 минуттан кейін де анықталады.

Ядролы-магнитті-резонансты томографияны қолданудың бірінші тәжірибесі остеомиелиттің диагностикасында перспективтілігін көрсетті: 4-6 күнде өзгерістер көрінбеген рентегнограммада 14-15-ші күндері көрінді.

Инструментальді әдістер ішінде сүйектің пункциясы кезінде сүйекішілік қысымның неғұрлым айқындалуы және пунктаттан жағындыны зерттеуде макроскопиялық ірік, ол микроскопта гранулоциттер, остеомиелитті нақтылайды.



  1. Жедел гематогендік остеомиелитте хирургиялық ем қажет. Мұндағы мақсат сүйекішілік қысымды төмендету. Ол үшін сүйектен сыртқа қабыну экссудатына жол салу болып табылады.

Операция жалпы наркозбен жүргізіледі. Теріні және теріасты май қабатын сүйектің зақымдалған метафизі аймағында тілінеді. Бұлшықттері кесілмейді, бөлінеді. Содан кейін сүйектысы кесіледі, егер кесілмесе – оны скальпельмен кеседі. Егер операция уақытында жасалса, сүйек тысының астынан серозды-геморрагиялық экссудат алынады, егер уақытында болмаса ірің алынады. Бұнда хирург сүйекті жалаңаш сияқты сезінеді, оның бетімен инструмент немесе скальпельмен тайқып кесуге болады. Бұл «жалаңаш» сүйек сезімі – жедел гематогендік остеомиелитке тән тағы бір тұжырым болады.
Сүйек тысын кескенен кейін диаметрі 0,5 см тесумен сүйек трепанациясы жүргізіледі. Немесе кіші диаметрлі инструменттермен бірнеше тесіктер жасалады. Сүйектен ағыммен геморрагиялық экссудат немесе ірің ағады. Оны себуге алады және антибиотиктерге қоздырғыштық сезімталдығы анықталады. Метафиздік қарама-қарсы жағынан тері арқылы сүйекке операциядан кейінгі кезде антибиотиктер енгізу үшін жуан ине қойылады. Жара дренаждалады, кептіретін антисептиктермен таңулар қойылады. Аяқ немесе қолға терең гипстік лонгет қойыла-ды. Операциядан кейін науқаста ауырсынулар бірден басылады.

4.Гематогенді остеомиелит, сондай-ақ артикулярлы және периартикулярлы сынықтардағы остеомиелит көбінесе іріңді артритпен асқынады. Нәтижесінде контрактуралар қалыптасады. Остеомиелиттің барлық түрлерінде қайталама іріңді ошақтардың пайда болуымен сепсистің дамуы мүмкін. Кейде деструктивті пневмония, іріңді перикардит байқалады. Сүйектің үлкен бөлігінің некрозы патологиялық сынуды тудыруы мүмкін.



Сүйектің қалпына келу кезеңінде оның дистрофиялық қайта құрылуы жүреді, бұл баланың аяқ-қолының өсуі мен деформациясының бұзылуына әкеледі. Созылмалы остеомиелит жүректің, бүйректің және бауырдың жағдайына теріс әсер етеді, ішкі ағзалардың амилоидозын тудырады, кейбір балаларда хрониосепсистің дамуына себеп болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет