1-слайд. Баяндама: «Мектепалды даярлық орыс топтарында қазақ тілін үйретудің негізгі бағыттары»


- слайд. Мектепалды даярлық тобында қазақ тілін үйрету жұмысында зор нәтижелерге жету үшін мына көмекші құралдарды пайдаланамын



бет3/4
Дата29.03.2022
өлшемі19,39 Kb.
#137121
1   2   3   4
Байланысты:
Баяндама 2021-2022 Шолпан

6- слайд.
Мектепалды даярлық тобында қазақ тілін үйрету жұмысында зор нәтижелерге жету үшін мына көмекші құралдарды пайдаланамын: көрнекі суреттер, арнайы репродукциялар, бейнесабақтар, сергіту жаттығулары, мазмұнды суреттер топтамасы, қазақ тілі №1,2,3 әліппе- дәптерлері, тіл дамыту дәптерлері, қазақ тіліне арналған жұмыс дәптерлерін пайдаланамын.
Балалардың сөздік қоры- сөздердің белсенді және баяу түрлері арқылы жинақталады. Баяу сөздер балалардың өздеріне қаратыла айтылған сөздерді біртіндеп түсіне бастауы арқылы қалыптасады. Мысалы, мен өз сабағымда алғашқы күндерден бастап Сәлеметсіздерме, көңіл –күйлеріңіз қалай? деген психологиялық дайындықтан бастаймын. Күнделікті сабақта «отыр», «тұр», «кір», «шық», «тыңда», «қайтала», «жауап бер» сияқты етістіктерді,
«Кім жоқ ?», «Ойыншықтар қайда тұр?», «Бүгін ауа- райы қандай?», «Қай мезгіл?» сияқты сұрақтарды, «Ойнаңдар», «Жүгіріңдер», «Секіріп ойнаңдар», «демалайық» «Қане,билейік» дегендей бұйрық, нұсқау, тапсырмаларды әр сабағымда қайталап отырамын. Сол себепті бұл сөздер балалардың құлағына біртіндеп таныс болып қалады. Сонымен қатар әр сабағымда мына ойын түрлерін қолданамын.
Мысалы: ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген тақырыптарды еске түсіру үшін ойындар ойнатамын. Өзімнің іс-тәжірибемнен сабақ үрдісінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуіме болады. Балалардың қызығушылықтарын туғызатын, ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі-дидактикалық ойындар.
1. Сиқырлы қоржын. (тақырыптар: «Жемістер», «Көкөністер», «Ыдыс - аяқ»
«Ойыншықтар» т. б.)
2. Үйде кім жоқ? (тақырып: «Отбасы мүшелері»)
3. Аудармашы. (барлық тақырыптарға келеді. Мұғалім сөзді қазақша айтса бала орысшаға аударады, немесе мұғалім орысша айтып қазақша аудармасын сұрайды)
4. Қар қиыршығы .(Балаларға сөздерді жаттатып отырып, бір сөзден төрт сөзге дейін жаттатып, үйрету, лексиканы үйрету кезіндегі барлық тақырыптарда қолдануға болады.)
5. Не жоқ? (тақырыптар: «Үй жануарлары», «Жабайы жануарлар», «Киімдер» т. б.)
6. Кімнің дауысы? («Үй жануарлары, Жабайы аңдар, Үй құсары!»тақырыптарға қолдануға болады. Үнтаспадан тыңдату немесе бір бала тақтаға шығып теріс қарап тұрады, мұғалім келесі бір баланы шақыртып («Үй жануарлары, Жабайы аңдар, Үй құсары!» дауысын айтуды сұрайды, бірінші бала кімнің дауысы екенін айтып және сол жануардың суретін көрсетеді)
7. Үстелде не жоқ? т. б. («Оқу құралдары», «Азық – түлік», «Киімдер» т. б.)
Бұл ойындар балалардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан - жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет