Қазақстанда 2004 жылы тың игеруге 50 жыл толды. ҚР Президентi айтулы оқиғаға орай Жарлық шығарып, «Тыңға - 50 жыл» мерекелiк медалiн тағайындады және онымен 3,5 мың тың ардагерi марапатталды.
4. 1965 ЖЫЛҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ РЕФОРМАСЫ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОРЫТЫНДАЛАРЫ
60 және 80-жылдардың басындағы тарихи кезеңде социализм бiрқалыпты дамыған жоқ. Дәуiр 2 кезеңге бөлiндi және оның аралық уақыты 70 -жылдың басымен айқындалды.
Бiрiншi кезеңде (1960 - 1970 жылдар) елде қоғамдық өмiрдi жаңартудың жолдары табысты iзденiстермен ұштастырылды.
Екiншi кезеңде (1971 - 1985 жж.) жаңашылдыққа деген ұмтылыс әлсiреп, қоғамдық құрылымның әрекет етiп отырған принциптерi мен түрлерiн, ескi тәртiптi сақтау бағыты басым болды.
50 -жылдардың ортасынан бастап Кеңес өкiметi иемденiп отырған шаруашылық механизмiнiң белгiлi бiр дәрежеде ескiргендiгi айқын көрiнiс тапты. Ол механизм көбiне 20-30 -- жылдардағы төтенше жағдайларда орныққан едi. 1966 жылдың қарсаңында кеңес экономикасында өнеркәсiптiң 300 саласы әрекет етiп, 47 мың кәсiпорын мекемесi, 13 мың құрылыс ұйымы, 12 мың кеңшар, 37 мың ұжымшар болды. Мұндай жағдайда басқарудың тiкелей жұмыс тәртiбiн белгiлейтiн әкiмшiлдiк әдiс экономикалық жағынан қолайсыз, техникалық жағынан тиiмсiз болып табылды.
Өндiрiстi басқаруда қиыншылықтар өрiстей бастады. Әрекет етiп отырған орталықтандыру дәрежесi өз кезегiнде қайшылықтарды шиеленiстiрдi, мұның өзi кәсiпорындардың шаруашылық дербестiгiн ұлғайтудың қажеттiлiгiн көрсеттi.
Достарыңызбен бөлісу: |