1964 жылғы қарашада КОКП ОК -нiң Пленумы «Өнеркәсiптiк және селолық облыстық, өлкелiк партия ұйымдарын және Кеңес органдарын бiрiктiру туралы» мәселе талқылады. Ендеше партия ұйымдары территориялық - өндiрiстiк белгi бойынша құруға қайта оралды.
Бұл принципке қайта оралу дегенiмiз 1962 жылы Н.С.Хрущев партия органдарын өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылық деп бөлу бағытында қайта құрулар жүргiзген болатын. Мұның зардаптары тез арада-ақ көрiнiс тапқан едi. Өндiрiстiк принцип партия ұйымдарын әлеуметтiк - экономикалық және саяси мәселелердi шешудегi қимыл бiрлiгiнен айырды.
1965 жылғы партияның Наурыз Пленумы «КСРО ауыл шаруашылығын онан әрi өркендету жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар туралы» мәселе қарады. Мұнда ауыл - селодағы экономикалық саясаттың негiзi жоспарлау мен материалдық ынталандыру жүйесiнде өзгерiстер жасау деп танылды. Елде мемлекеттiк басшылыққа жаңа адамдардың келе салысымен-ақ, ауыл шаруашылығы мәселелерiн көтеруi 1954 жылы тың игерiлгенiне қарамастан, бұл саланың мардымсыз дамығандығының бiрден - бiр дәлелi болды.
Достарыңызбен бөлісу: |