60-жылдардың 2-жартысында республикада 445 iрi кәсiпорын мен цех iске қосылды және жүздеген зауыттар мен фабрикалар техникалық жағынан қайтадан жабдықталды: Ермаков ферроқорытпа зауытының 1-кезегi, Ақтөбе хром бөлшектерi зауытының 2-кезегi, Гурьев (Атырау) химиялық зауытының цехтары, Шымкент гидролиз зауыты, Целиноград (Астана), Қарағанды, Павлодар облыстарында шина ремонттау зауыттары т.б.
Қарағанды металлургия комбинаты одақ көлемiндегi iрi кәсiпорынға айналды, Өскемен қорғасын - мырыш және Балқаш тау - кен металлургиялық комбинаттарының өндiрiстiк қуаттары артты.
Достарыңызбен бөлісу: |