1. Соғыстан кейiнгi жылдардағы Қазақстанның әлеуметтiк экономикалық дамуы (40-50 жж.)



бет28/39
Дата22.02.2022
өлшемі72 Kb.
#132801
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
5 тақырып

5. 70 ЖӘНЕ 80-ЖЫЛДАРДЫҢ І-ЖАРТЫСЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК-САЯСИ ДАМУЫ


1971 - 1985 ЖЫЛДАР ТАРИХҚА ТОҚЫРАУ КЕЗЕҢI ДЕП ЕНДI. Аталған жылдары экономикада, саяси жүйеде, ұлтаралық қатынастар және мәдениет саласында келеңсiз құбылыстар етек алып, тоқырау механизмi әрекет еттi.
ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫН ТЕЖЕГЕН КЕЛЕҢСIЗ ҚҰБЫЛЫСТАР:
► жоғарыдан директивалық жоспарлау;
► мемлекеттiк меншiктiң дара үстемдiгi;
► экономиканы басқарудың қатаң орталықтануы;
► экономикада және өмiрдiң барлық салаларында әкiмшiл - әмiршiл
әдiстердiң үстемдiгi;
► еңбекке ақы төлеу жүйесiндегi теңгермешiлдiк;
► өндiрiстiк құрылым және өнiм саласының нашарлауы;
► ғылыми - техникалық прогрестiң тежелуi.
► Жоғарыдан кәсiпорынның, шаруашылықтың нақты мүмкiндiктерi
ескерiлмей құрылған жоспар мен жыл аяғында олардың мiндеттердi орындау көрсеткiштерi арасында алшақтық жататын.
►Экономикада (әсiресе ауыл шаруашылығында) мемлекеттiк меншiктiң жасанды басымдығы (приоритетi) кеңес қоғамының коммунистiк қоғамдық қатынастарға өтуi туралы тұрпайы да қарапайым сұлбалары (схемалары) мен түсiнiктерiне негiзделiндi. Мемлекеттiк меншiктiң дара үстемдiгi еңбекшi халықтың өндiрiс құралдарынан аластауына әкелiп соқтырды. Меншiктiң екi секторы қатар әрекет еткенде ғана өркениеттi дамуға жол ашылатынын басқа елдердiң тәжiрибесi дәлелдеп отыр. Ендеше бүгiнгi таңда бұрынғы КСРО құрамынан шыққан тәуелсiз мемлекеттердiң меншiктiң көп түрлiлiгiн өрiстеткен нарықты экономикаға бет бұруы да осымен түсiндiрiлмек.
Әкiмшiлiк - бюрократиялық механизм халықтың мүддесiн қорғау сипатын жасанды түрде жамылып, көпiрме сөздермен айналысты. Сөз бен iстiң алшақтығы көрiнiс тапты. Әкiмшiлiк әдiстiң өрiстеуi бұқараның белсендiлiгiнiң тежелуiне және еңбектiң нәтижесiне деген жауапкершiлiгiнiң бәсеңдеуiне әкелiп соқтырды.
Еңбекке ақы төлеу жүйесiндегi теңгермешiлдiк бұқараның еңбекке құлшынысына орны толмас нұқсан келтiрдi. Еңбек ақысы өндiрiлген өнiммен емес уақытпен өлшендi, сол себептен ұзақ мерзiмдi құрылыстар өмiрге келiп, бiр құрылыстың айналасында жылдар бойы жұмыстар жүргiзiлдi.
Өндiрiстiк құрылымның нашарлауы «көлеңкелi экономиканың» дамуымен сабақтаса жүрдi. Мемлекеттiк шенеунiктердiң қатысуымен iрi қылмыстық топтар құрылды. Социалистiк меншiктiң қолдану механизмi бақылаудан тыс қалғандықтан, оның талан - таражға салынуы және қолды болуы әдеттегi құбылыстарға айналды.
Өндiрiске ғылым мен техниканың жетiстiктерi өмiр талаптарына сай енгiзiлмедi және оның қарқыны төмен болды. Дамыған капиталистiк мемлекеттердi былай қойғанда, социалистiк бағыттағы еуропалық елдерден көп артта қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет