ӘЛЕУМЕТТIК - САЯСИ ЖҮЙЕДЕГI КЕЛЕҢСIЗ ҚҰБЫЛЫСТАР: ► Коммунистiк партия бiр өзi белсендi саяси күшке айналып, бүкiл
билiктi қолына шоғырландырды;
► КСРО Жоғарғы Кеңесiнен бастап ауылдық Кеңестер сөз жүзiнде
ғана заң шығарушы және басқарушы орган болды;
► қоғамдық ұйымдар бюрократтық сипат алды;
► ұлт саясаты бұрмаланды;
► ғылым және мәдениет саласында «қалдық принципi»әрекет
еттi.
► 70-80-жылдардың I-жартысында елде саяси жүйенiң дамуы қайшылықты сипатта болды. 30-жылдарда -ақ қалыптасқан бұл жүйе азды - көптi өзгерiстермен ғана өңделiп, ал мәнi сол күйiнде қалған едi.
Сол кездегi кеңес қоғамының саяси жүйесi төмендегiдей элементтерден тұрды: Коммунистiк партия, Кеңес Үкiметi, Жоғарғы Кеңес (төменгi буыны – ауылдық Кеңес), комсомол, кәсiподақ, колхозды- коопперативтi бiрлестiктер, қоғамдық ұйымдар. Жүйенiң ядросы Коммунистiк партия болып табылды. Елде тарихи жағынан бiр партиялық жүйе орнады. Партияның жетекшiлiк рөлiнiң өсуi қоғам дамуының соңынан жүруге тиiстi үрдiс және объективтi заңдылық деп тұжырымдалды. Коммунистiк партия өз қызметi шеңберiнен шығып, шаруашылық мәселелердi шешуге дейiн барды.
► 1977 жылғы Конституция бойынша Кеңестер туралы қағидаларға өзгерiстер енгiзiлдi. Бiрiншiден, ол халық депутаттарының Кеңестерi деп атала бастады және Кеңестер қоғамның қол жеткен әлеуметтiк даму дәрежесiнiң көрсеткiшi ретiнде қаралды.