8) Кеңес Одағында 1982 жылы қабылданған Азық - түлiк бағдарламасы және жаңа басқа әрекеттер ауыл шаруашылығын елеулi табыстарға бастамады. Бұрынғыдай бұл бағдарламалар село еңбеккерлерiнiң түбегейлi экономикалық мүдделерiн қамтымай, басқарудың ескi жүйесi шеңберiнде жасалды. Соның салдарынан ауыл шаруашылығындағы жағдай одан әрi дағдарыстық сипат ала бердi. 80 -жылдардың ортасында барлық жерде халықты азық - түлiкпен жабдықтаудың нормалық жүйесi енгiзiлдi.
Ауыл шаруашылығындағы келеңсiз құбылыстардың өрiстеуiнiң басты себебi шаруаның өз еңбегiнiң нәтижесiн көрмеуi, сондықтан оның самарқаулыққа, немқұрайдылыққа бой ұруы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |