1. Соғыстан кейiнгi жылдардағы Қазақстанның әлеуметтiк экономикалық дамуы (40-50 жж.)


Бейбiт өмiрге сәйкес елде қайта құрулар жүргiзiлдi: 1)



бет2/39
Дата22.02.2022
өлшемі72 Kb.
#132801
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
5 тақырып

Бейбiт өмiрге сәйкес елде қайта құрулар жүргiзiлдi: 1) Мемлекеттiк Қорғаныс Комитетi жойылды, ал оның қызметi Халық Комиссарлар Кеңесiне берiлдi; 2) бiрсыпыра Қорғаныс Халық Комиссариаттары қайта құрылды; 3) өнеркәсiпте, транспортта және мемлекеттiк мекемелерде қалыпты еңбек тәртiбi 8 сағаттық жұмыс күнi, жұмысшылар мен қызметшiлердiң мерзiмдi демалысы қалпына келтiрiлдi, мiндеттi түрдегi нормадан тыс жұмыс iстеу жойылды.
1946 жылғы наурызда елде 4-бесжылдық жоспар талқылап бекiтiлдi. Бесжылдықтың негiзгi шаруашылық - саяси мiндетi елдiң соғыстан бүлiншiлiкке ұшыраған аудандарын жаңадан қайта құру, өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң соғысқа дейiнгi дәрежесiн қалпына келтiру және онан едәуiр дәрежеде асып түсу деп табылды. Сталин соғыстан кейiнгi бесжылдықтарда шойынды 50 млн., болатты 60 млн., көмiрдi 500 млн., мұнайды 60 млн. тоннаға дейiн өндiрудi жоспарлады. Сондықтан ұлттық табыстың денi металл, жанар май, өнеркәсiптiк шикiзатқа салынды, ал адамдардың материалдық қажеттiлiгi соғысқа дейiнгi жылдардағыдай 2-орынға ығыстырылды.
Кеңес Үкiметi мен партияның «Немiс оккупациясынан азат етiлген аудандарда шаруашылықты қалпына келтiру жөнiндегi шұғыл шаралар» туралы қаулысы бойынша халық шаруашылығын қалпына келтiру 1943 жылдан бастап-ақ қолға алынды. Дегенмен өнеркәсiптi бейбiт жолға қою негiзiнен 1946 жылы аяқталды.
КСРО-ның бесжылдық жоспары туралы заңға сәйкес Қазақстан халық шаруашылығын соғыстан кейiн дамытудың 1946 - 1950 жылдарға арналған бесжылдық жоспары жасалып 1946 жылдың 24 шiлдесiнде қабылданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет