1. Соғыстан кейiнгi жылдардағы Қазақстанның әлеуметтiк -
экономикалық дамуы (40-50 жж.).
2. Қазақстанның қоғамдық - саяси өмiрi (40 - 50 жж.).
3. Қазақстанда тың және тыңайған жерлердi игеру.
4. 1965 жылғы шаруашылық реформасы және оның Қазақстандағы
қорытындылары.
5. 70 және 80-жылдардың I-жартысындағы Қазақстанның
экономикалық және әлеуметтiк - саяси дамуы.
1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТIК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ (40 - 50 ЖЫЛДАР)
Соғыс даласында, уақытша оккупацияланған аудандарда, концентрациялық лагерьлерде және тұтқында 26 млн. 600 мың кеңес адамы қаза тапты.
Немiс - фашист әскерлерi 1710 қаланы, 70 мыңнан астам селолар мен деревняларды, 32 мыңға жуық өнеркәсiп орындарын, 65 мың шақырым темiр жолды, көптеген паровоз деполарын, насос стансаларын, байланыс жүйелерiн т.б. толықтай немесе жартылай қиратты.
Оккуппанттар 98 мың ұжымшарды, 1876 кеңшарды мен 2890 машина - трактор стансасын талан - таражға ұшыратып бүлдiрдi, 7 млн. жылқыны, 17 млн. iрi қараны, ондаған млн. қой мен ешкiнi, шошқаны және әр түрлi құстарды қырып - жойып, Германияға айдап әкеттi. Орны толмас материалдық игiлiктiң талан - таражға түсiп қиратылуы Кеңес мемлекетiнiң экономикасына зор нұқсан келтiрдi.
Достарыңызбен бөлісу: |