1-СҰРАҚ. Абайдың өскен ортасы,алған білімі: діни,қоғамдық-саяси шығармалары арқылы дәлелде


Абайдың қоғамдық көзқарасы: қарасөздері, өлеңдері арқылы талдау



бет30/39
Дата03.06.2022
өлшемі129,29 Kb.
#145883
түріӨмірбаяны
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39
Байланысты:
Әмренов Финал
АБАЙ 25 ӨЛЕҢ
39.Абайдың қоғамдық көзқарасы: қарасөздері, өлеңдері арқылы талдау
Малға достың мұңы жоқ малдан басқа" шығармасында басты өзекті тақырып - адамгершілік, ар, намыс мәселесі, сын семсерін сұққан жері - ынсапсыз байлық, өлшеусіз өрескел билік десек, Абай бұл өлеңінде қалтқысыз көңілмен халық мүддесін көздейтін демократтық биік деңгейге кетөріліп, қоғамдық мазмұны аса маңызды шындықтың бет пердесін ашып береді.Ақын бұдан бұрынғы сынында ар-ұяттан бөзген, тойымсыз би-болыстарды қанша айыптаса да, ара кідік олардың ішінде де тәуірлері бар, әр нәрсе адамына қарай деген пікірдің ұштығын шығарып қоятын (Мысалы, «Бай сейілді...» өлеңінде).Бұл ақын өмірінің белгілі бір кезеңіне ғана тән кемшілік екенін осы туындысы айқын дәлелдейді. Абай енді оларды «жақсы», «жаман» деп бөліп жармай, өз заманыңдағы барша би-болыстарға, байларға арылмастай үкім айтады. Мал жиған адамның дүниеқоңыз, қүнсыздығын барынша уытты тілмен, өлтіре ешкерелейді. Байлықтың ондайларға бос күпіл, қайырусыз билік үшін ғана керек екенін ашық айтып, имандылықтан, мейірім-сауаптан ада қалған жандарға жиіркенішін білдіреді. Олар өздері шошқа болған соң, басқа адамдар ит болып көрінетінін ескертеді.
Ақын өз жұртына жаудай тиіп отырған, қоғам денесіндегі осынау жұқпалы дертті шеней отырып, оған қарсы қоятын, мерөзді сылып тастайтын күшті де атайды. Ол - адал еңбек, ащы тер. Аштан өлсеңде арыңды сатпа деп, адалдыққа, адамгершілікке шақырады.Абай адамдардың асыл қасиеті байлықта, билікте емес, үш-ақ нәрсе: «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп біледі.
"Заман ақыр жастары" өлеңінде Абайдың өз тұсын- дағы қазақ жастарына берген сипаттамасы, мінездемесі өрнектелген. Кезінде ақын қоғам дамуындағы жастар роліне, күш-жігеріне ерекше мән беріп, оларды оқытып, тәрбиелеуге зор көңіл бөлген. Сондықтан ақын өлендерінде жастар тақырыбы кең жырланып, мол орын алған. Туынды солардың іс- қылығына, тіршілік сыңайына реніш білдіре, сынай жазылған. Жанры жағынан өлеңді сол кездегі қазақ жастарының жинақталған образын жасаған сати- ралық портреттік суреттеме деуге болады. Абай мұнда салмақпен, зіл тастай отырып, жастар арасындағы өршіген алауыздықты, өзара өшпенділікті, мәнсіз керісті, яғни бірліктің жоқтығын бір түйіп тастайды. Одан соң жастардың не боларын білмей жүргенін, еңбекке икемсіздігін, дау-дамай, айтыс- таласқа тым төселіп алғандығын сынайды. Ел қамы, жұрт жоғы үшін әлеумет ісіне араласудың орнына, топанға тойып, өреге сүйкенген сиырдай әркімге бір ұрынатынын беттеріне басады. Ақын мұндай жастардың ішкі психологиясына, мінез дағдысына үңіледі, өтірік күліп тұратынын, қалжыңбас, қылжақ келетінін, ауыздарына «ақ ит кіріп, қара ит шығып» жататынын ашына айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет