1-СҰРАҚ. Абайдың өскен ортасы,алған білімі: діни,қоғамдық-саяси шығармалары арқылы дәлелде


-БИЛЕТ Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы: мазмұн мен пішін өзгешелігі



бет32/39
Дата03.06.2022
өлшемі129,29 Kb.
#145883
түріӨмірбаяны
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Байланысты:
Әмренов Финал
АБАЙ 25 ӨЛЕҢ
42-БИЛЕТ Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы: мазмұн мен пішін өзгешелігі
Абай қазақ өлеңінің құрылысына да бұрын-соңды болып көрмеген жаңалықтар енгізіп, бұл ретте де қазақ поэзиясын жоғары сатыдағы жазба әдебиет қатарына қосты. Бұл жөнінде тұңғыш рет Қ.Жұмалиев айтып дәлелдеген бол­са, одан кейін 3.Ахметов қазақ өлеңі құрылысын ғылыми негізде талдаған еңбегінде кеңінен сөз етеді. Абай, ең алдымен, өлеңнің ұйқас түрлерін көбейтіп, құбылтты. Оның ішінде абаб суретті шалыс ұйқас пен 6, 7, 8, 14 тармақты жаңа шумақтардың ұйқас фигурасы – қазақ по­эзиясында бұрын болмаған мүлде тың дүниелер. Соңдай-ақ Абай өлеңнің жаңа өлшемдерін енгізді, әсіресе аралас буынды тармақтардың өлшемі қазақ поэзиясында соны түр болды.Мысалы:Әм жабықтым – 4 буын Әм жалықтым – 4 буын Сүйеу болар қай жігіт – 7 буын Көңілден кеткен соң тыным? – 8 буын Немесе:Алыстан сермеп – 5 буын Жүректен тербеп – 5 буын Шымырлап бойға жайылған – 8 буын Қиуадан шауып – 5 буын Қисынын тауып – 5 буынТағыны жетіп қайырған – 8 буын Толғау тоқсан қызыл тіл – 8 буын Сөйлеймін десең өзің біл – 8 буын деген шумақтардағы тармақ өлшемдері қатарында әртүрлі. Жаңаша әрі түрлендіріп құрылған ұйқас, шумақ түрлері өлеңнің композициялық-синтаксистік құрылысын да өзгертті: абаб болып келетін шалыс ұйқастың әрбір аб фигурасы көбінесе бір тұтастық (единица) болып құрылады, ал қатар келетін ұйқастарға, мысалы, «Сегізаяқтың» аа, бб, вв ұйқасты жолдарына көбінесе жарыспа (параллель) конструкциялар ор­наласады: білгенге маржан ~ білмеске арзан, ауырмай тәнім ~ ауырды жаным...Қазақ поэзиясында проза синтаксисіне жақын құрылымды да тұңғыш рет Абай ұсынды. Мысалы, «Қатыны мен Масақбай» өлеңін тармақтарға бөлмей, тұтас жазсақ: Сырмақ қып асты­на байының тоқымын, отының басына төрінің қоқымын бүксітіп,бықсытып,қоқсытып келтірді деген екі-ақ сөйлем (ал өлеңде – 7 жол) болып оқылар еді. Демек, бұл – тармақараларында өлең тасымалы қолданылған прозаға жақын құрылым. «Сен мені не етесің?» өлеңі де – осындай. Бұл да – жетілген жазба поэзияның белгісі. Қорыта келгенде, Абай қазақ өлеңінің құрылысына барлық жағынан өзгеріс-жаңалықтар қосты деуге болады, осы арқылы ол қазақ өлеңін жоғары дәрежелі жазба поэзия деңгейіне көтерді.

Абайдың гуманист екендігі терең білінген еңбек - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет