1-сұрақ. Халық ауыз әдебиеті – халық шығармасы



бет13/25
Дата21.05.2020
өлшемі145,08 Kb.
#70294
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
null

Оқып жүрген жастарға

Үмітпенен жоқ қуған

Үмітпенен жоқ қуған

Талабы алда баламыз.

Басқалар жоғын тапқанда,

Біздер қайтіп қаламыз.

Тәуекелге бел бусақ,

Көрдегіні аламыз.

Жеткізбей кетер жүйрік жоқ,

Қусақ бәрін шаламыз.

Іс істейік бір болып,

Ашылмасын саламыз.

Сұмдар салған жүректе

Аз ба біздің жарамыз?

Тепкісінде басқаның,

Қор боп жүдеп барамыз.

Көріне көзге азапта

Мәңгі қайтіп қаламыз?

Ойыңды енді азат қыл

Қалсын былай балалық.


30. Ғабит Мүсіреповтің әңгімелеріндегі ана бейнесі.

Ғабит Мүсірепов шығармашылығындағы аналардың ерліктерін бүгінгі күннің ана бейнесімен салыстыра зерделеу. Ғабит Мүсірепов ұлт әдебиетіндегі ана бейнесін ашуда өлшеусіз еңбек сіңірген жазушы. Отбасының ұйытқысы саналатын, ананың болмысын шынайы суреттеуде өзіндік қолтаңбасын қалдырды.

Ғ.Мүсірепов әңгімелеріндегі қазақ әйелдерінің өршіл де өжет, қажырлы да сабырлы, пайымды да ақылды қасиеттері барынша жарқын суреттелген. Жазушы әңгімелерінің идеясы құрылымымен тамаша сабақтасқан озық туындылар ретінде бағаланады. Әңгімелерінің бір ерекшелігі – адам жан-дүниесіне терең бойлататын қайсарлық, өжеттік, адалдық қасиеттерді шебер танытып, шығармаға еріксіз елітіп отырады.

Ана деген-құдіретті ұғым,құдіретті күші бар сөз.Кім де болса ана деген киелі сөздің алдында кішірейеді. Небір мықтылығымен әлемді ауызына қаратқан билеушілер де ұлы ананың алдында тізе бүккен.Ананың аяулы алақаны мен мейірлі жүрегіне тең келетін ештеңе жоқ.

Ғабит Мүсірепов әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында ана образын жасады. Көптеген әңгіме, новеллаларында Әйел – Ананың бейнесін асқақтатып, әлем әдебиетіндегі Әйел – Ана тақырыптарын байыта түсті. Ол «Ананың анасы», «Өлімді жеңген ана», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима», «Әмина», «Ана жыры», «Ана» шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді. Ана жайында жазылған алғашқы әңгімелері М. Горький сарынында алынғанымен, ана бейнесі қазақы қасиеттерімен көркем өрнектелген. Мүсірепов қаламынан туған Қапия, Ақлима секілді ана образдары арқылы қазақ өмірінің шынайы көріністері сипатталады. Ана образын өз шығармаларында сомдаудаҒ.Мүсірепов орыстың ұлы жазушысы М. Горькийдің еңбектеріне қызығушылығынан бастайды. «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ақлима», «Ананың анасы», «Әмина», «Ананың арашасы», «Ашынған ана», «Ер ана», тақырыптарындағы әңгімелерін жазды.

«Ашынған ана» деген әңгімесіндегі «бала ананың бауыр еті ғой, отқа да, суға да сүйреп салады екен. Өзегіңнен үзіліп түскен балаң үшін қалай отқа түспессің?» , - мына бір жолдар ананың бала үшін отқа да, суға да түсетіндігіне тағы біір мәрте куә болатындаймыз.

Оның ана бейнесін сомдаудағы жиынтығы ретінде «Ұлпан» атты ірі эпикалық туындысы жарыққа шықты. Ақиқатында, Ұлпан – бүкіл аналардың жиынтық бейнесі, ана тақырыбында жазылған шығармалардың көлемдісі. Романда қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болады. Бір уез елді билеп билік айтушы, дүйім елдің үлкен-кішісіне басшы, ақылгөй болу - Ұлпан сияқты дана әйелдерге ғана тән қасиет. Жазушы жасаған Ұлпан – аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен.



31. Махамбет – ұлтжанды ақын. Бір өлеңін жатқа айтыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет