1-сұрақ. Халық ауыз әдебиеті – халық шығармасы



бет15/25
Дата21.05.2020
өлшемі145,08 Kb.
#70294
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
null

Атадан туған аруақты ер

Атадан туған аруақты ер

Жауды көрсе, жапырар

Үдей соққан дауылдай.

Жамандарға қарасаң,

Малын көрер жанындай.

Жүйрік аттың белгісі

Тұрады құйрық-жалында-ай.

Айтып-айтпай немене,

Халық қозғалса,

Тұра алмайды хан тағында-ай!

32. Бақташылық жырлары.

Бақташылық жырлары. Бір кездері жабайы аңдарды ұстап, үй түлігіне айналдырған шаруаларды халық төрт түлік малдың «пірі» деп ұғынып, солар жайында түрліше аңыздар тудырып отырған. Сол кезеңнен бастап бақташылық жырлары туса керек. Бұрын жабайы аңдарга сыйынғап халық енді төрт түлік малды құт санап, олардың Шопан ата, Шекшек ата, Жылқышы ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба деген иелеріне табынған. Ел ұғымыпда Шопан ата — қойдың, Жылқышы ата — жылқының, Ойсыл қара — түйенің, Зеңгі баба – сиырдың, Шекшек ата — ешкінің пірі. Олар малды құт деп біліп, аязды қыстан, жұтаған жұттан, аш бөрілерден аман алып шығудың жолдарын айтқан. Мысалы. Шопан ата қойларын күні-түні бақса да тойғыза алмай, қарнына асасын тығып алыпты. Содаи қойдың бір бүйірі шұқыр болыпты-мыс дейтін аңыз бар. Шекшек ата болса есі кеткен ешкі жинайды» деп, оның сүтті өсімтал түлік екенін айтады. Қазақ халқы үшін жылқы мен түйе етті, сүтті, көшсе — көлік, мінсе — ат болып төзімді түлік-деп таныған. Түйені қазақ шөл кемесі десе, жылқыны ер серігі деп таныған. Сиыр өзінің иесімен айтысқанда: «Қысқа әзірлегеп шөбің нәрсіз, кәдең дәмсіз, өзің жарсыз жалқаусың» деп сынайды. Мұндай жырларда әр түліктің өз тұтынушыларына қоятын шарттары да айтылады. Бұл туралы ел аузында сиыр «қоры үзілген қуға». қой «жүн жеп, жабағы тышқан насқа», жылқы «найза ұстаған ерге», түйе ел ішіндегі зорға бітемін. деген ұғымдар бар.

Төрт түлік мал жайындағы жырлардыд өзі тілек-бата түрінде айтылады.

Шаруаның бір түлік пірі — Шопап.

Келтірмей қу, пір ата, қойға топан.

Қойды аңдыған пәленің бәрін құртып,

Бықпырт тиіп, үні өшсін қасқыр апан


Мал бағу қамынан туған бұл жырлардың енді бір үлгісі жыр формасыпда айтылған. 

Мен бір тілек тілейін, Ойбай салып маңыраған,

Ай мүйізді, шоқпақтай, Қозысымен жамыраған,

Шүйделері тоқпақтай, Қозысынан айрылса.

Тегене құйрық қошқарлы, Қара тұтып маңыраған.

Малды берсең қойды бер! Аппақ қана сүті бар,

Ұлды берсең бойлы бер. Шағаладай құрты бар.

Ақылы артық ойлы бер. Шопан ата баласы,

Ақсағаннан ақсаған, Қойлар бассын үйінді.

Қозысы өлсе қақсаған, Қойлар басса үйінді,

Үй төбенің түбінде, Қоймай бассың үйіңді.

Халық жылқының етін, түйенің күшін, сиырдың сүтін дәріптеген. Кейде шөпке тоймайтын сиырды, қой мен ешкінің айтысын тудырып, «қойдың жегені — жайтақ, құйрығы жалпақ, ешкінің жегені — ошаған, құйрығы шошайған» деп күлдіргі өлеңдер де шығаратын болған. 

33. Сәкен Сейфуллиннің «Бандыны қуған Хамит» шығармасындағы Хамит образы.

Хамит-ұзынша бойлы, жауырынды, тіп-тік, сұр жігіт. Қырша мұрынды, шүңіректеу қара кер тобылғы көзді, қырқып жүретін сақалы, мұрты бар. Жасы 25-26 шамасында. Сом сұлу денесі ылғи сіңірмен шиырылған күшті көк ет. Түйіліп жазылған қиғаштау қасы мен шұңғылдау көзі Хамитте зор қайрат, үлкен қайсарлық бар екенін көрсетеді. Хамит салт атты. Үстінде мұздай қазақша киім. Басында елтірі тымақ. Аты сұлу- Құбақан ат.

34. Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесінің идеялық мазмұны.

Отан соғысы жылдары қазақ кеңес балалар әдебиетіндегі соны тақырып, ол – жау тылындағы партизандар қимылы туралы болды. Бұл тақырыпты әдебиетке енгізген екінші дүниежзілік соғыс жылдарында жау тылында, Украина жерінде басқыншыларға қарсы құрылған астыртын ұйымның жұмысына қатысып, кейіннен партизандар қатарында болған Қасым Қайсенов еді. Украина жерінде ол 1942 жылы Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Партизан отрядының сапында Украина, Молдавия, Чехословакия мен Румынияда фашистерге қарсы арпалысады. 1955 жылы «Илько Витряк», 1957 жылы «Переяслав партизандары» және 1959 жылы «Ажал аузында» деген очерктер жинағын шығарды. 1960 жылы «Жау тылындағы бала» атты көлемді повесть жазды. 1963 жылы «Днепрде» кітабы жарық көрді. Қ.Қайсеновтың жоғарыда аталған үш кітабындағы оқиғалар Украина, Чехословакия жерлерінде болған.

Партизандар жау тылының алыс түпкірлерінде жүріп, ірі шайқастар жасайды. Олар жаудың мүлде күтпеген жерінен тұтқиылдан шығады. Жауынгерлер фашизмге қарсы күресте олардың басым күштеріне үздіксіз тойтарыс беріп отырады. Партизандар оқ-дәрі мен қару-жарақтар тиеген эшелондарды қиратып, жаудың гарнизондарына шабуыл жасайды, әлденеше қоймаларын өртеп жібереді. Партизандардың үздіксіз шабуылдарының нәтижесінде неміс фашистерінің түрмелеріндегі, азап лагеріндегі тұтқында жатқан кеңес солдаттары мен офицерлері, бейбіт адамдар құтқарылады. Қ.Қайсенов шығармаларында соғыс күндерінің осындай қиян-кескі кезеңдері суреттеледі. Оқиғаның барлық желісі бастан-аяқ жазушының өз атынан баяндалады. Шығармалары кейіпкерлерінің мақсаты – фашизмнің күлін көкке ұшырып, бейбіт өмір орнату.
Бұл шығарма 1961 жылы жазылған. Автор Ұлы Отан соғысы кезінде жау тылындағы партизандардың басқыншыларға қарсы жасаған зор ерліктерін үлкен тебіреніспен суреттеп жазған. Шығарманың қысқаша мазмұны мынадай: 

Повесте сұрапыл Ұлы Отан соғысы кезінде Украина жерінде он жасар қазақ баласының партизандар қатарында болған қилы өмір соқпағы суреттеледі. Ол Майор Мергенбаевтың ұлы атаcының қолында ауылда оқып, жазғы каникулда қаладағы әке-шешесіне келеді. Көп ұзамай соғыс басталады. Он жасар Серікті Жомарт жетектеп Жамал эшелонмен ауылға кетпек болады. Жау бомбалап,эшелон қирайды. Жамал жау оғынан қаза табады. Серік комиссар Савченконың әйелі Анна Ивановна мен оның баласы Бористің қасында қалады. Анна Ивановна екі баланы алып туған жері Винница облысы, Сомогородск ауданы, Зазулин селосында тұратын әкесі Иван Дементьевичке қиындықпен әрең жетеді. Сатқын құрбысы Тамара комендатқа бұларды ұстап бергісі келеді. Астыртын ұйым басшысы Олейниктің байланысшысы Алексей жасырын үй тауып беріп көмек көрсетеді.Жанкештілікпен Отан үшін алысқан партизандар сәулетті қала мен күл болған селоны, немістер тірідей көмген әке-шеше,іні-қарындасты көрді.Бостандық үшін, болашақ бақыт үшін аянбай алысты. Жандармдардан ерлікпен қорғанған ауыл тұрғындарына Қызыл Армия көмекке келеді. Повесть соңында Майор Жомарт Мергенбаев ұлы Серікпен аман-есен кездеседі. 



35. Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің шебері.(«Өтірікке бәйге», «Байшұбар» шығармалары бойынша).

«Байшұбар» (1923), «Өтірікке бәйге» (1922) шығармаларында адамның ақыл-парасаты, тапқырлығы, ерлік мәселелері әңгіме болады. Байшұбар» өлеңінде ат екен деп жолбарыс үстіне мінген ұры өзінің амал-айласымен жолбарыстан да, маймылдан да оп-оңай құтылып кетеді. Балалар ықыласын өзіне баурап алатын өлең сюжетіндегі осындай драмалық тартыстар жасөспірімдерді үлкен ойға қалдырады, өздерінің көзқарасын, пікірін білдіруге және белгілі бір қорытындыға келуге үйретеді. Оқиға желісі шапшаң өріс алады. Тыңдаушысын бірден еліктіріп әкетеді. Өлең мазмұны әрі күлкілі. Екі қарақшы бірінен-бірі шошынады. Құдай-ау, атсыз жаяу өтсем дағы, Өмірге қайыр сұрап кетсем дағы, Не қыла жолбарысқа кездестірдің, Мал бер деп аз-кем тілек етсем дағы, - деп зар илейді ұры. Адал еңбекпен күн көрмеудің арты неге соқтырғанын түсінеді. Жолбарыс та ұрыдан қалай құтыларын білмей арпалысады. Мал үшін керуенге бардым қайдан, Шықпастан жатсам еді терең сайдан. Түспейді туласам да, талды белім,Тілеп пе ем бұл пәлені мен құдайдан? деп жолбарыс жан ұшырады. Жазушы осы оқиғаға шешім шығаруды балалардың үлесіне қалдырады. 

Осылайша балаларға тікелей өлең арнай бастаған Бейімбет 1922 жылы «Өтірікке бәйге» атты ертегі-дастанын жазды. Бұл енді қазақ балалар әдебиетінің асыл қорына қосылатын шығарма. Дастанды ұстап тұрған арқау – асып-тасқан ханның ерігіп, өтірікке бәйге жариялауы. Сонымен хан «Уәзірлерін жиып алып, жұртқа бұйрық таратқан...». Мұны естіп білген жұрт қарап қала ма, істеп жатқан кәсіптерін жиып қойып, хан ауылына жиналады. Алтын алмақ, оп-оңай байып қалмақ. Содан олар хан алдында өтірік айтып жарысады. Таласқа түседі. Бірінен бірі асады. Бірақ хан «Бәрі рас, нанамын» деп, таудай талаптарын тұжыра береді. Сөйтіп барша өтірікшінің беті қайтып қалады. Сонда халық жеңіліп. Хан жеңіп кетпек пе? Жоқ. Үсті дал-дұл бір таз бала ханның алдына келеді. «Өтірігі өте жойқын, жас бала да нанғысыз. Алтын қимай «Рас» - дейді, Ұяты жоқ хан арсыз». Содан бала тағы бір өтірігін – соңғы өтірігін айтады(55б.). Ерні жалақ, жалаң аяқ, Қисық таяқ қолында. Ақсай басып, асып-сасып, Бұқаның жүр соңында... Тақсыр ханым! Білесіз бе, Сол жаман шал кім еді? «Жоқ, білмеймін, ал айта ғой!» Басқа ешнәрсе демеді». Таз бала «Бұл шал сіздің әкеңіз еді, рас па осыным?» - дейді. Хан шошынып, жеркенгендіктен еріксіз «өтірік» деп салады. Сөйтіп бала ханды жеңіп, бәйгені алады.

36. Ертегі, оның түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет