1. Статиканың негізгі ұғымдары. Механикалық қозғалыс, күш, күштер жүйесі, баламалы күштер жүйелері, тең әсерлі және теңгеретін күштер. Статика


Кинематикаға кіріспе. Нүкте қозғалысының берілу тәсілдері .Нүкте қозғалысы векторлық тәсілмен берілгендегі нүкте жылдамдығы мен үдеуі



бет9/17
Дата18.12.2022
өлшемі325,05 Kb.
#163138
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
1-20 мех (копия)
Үш фазалы тізбек, охт 6 апта, Жанұзақова Айғаным.Пед-011
10. Кинематикаға кіріспе. Нүкте қозғалысының берілу тәсілдері .Нүкте қозғалысы векторлық тәсілмен берілгендегі нүкте жылдамдығы мен үдеуі
Кинематика-материалдық денелердің қозғалысын геометриялық тұрғыдан, масса мен оларға әсер ететін күштерді ескерусіз зерттейтін, механиканың бөлімі. Кинематиканың мақсаты – нүктенің (дененің) қозғалыс заңын біле отырып, барлық кинематикалық шамаларды табу әдістерін анықтау.
Нүктенің механикалық қозғалысы дегеніміз - уақыт бойынша оның басқа денелерге қатысты кеңістіктегі жағдайының өзгеруі.
Қозғалыс траекториясы – қозғалып бара жатқан нүктенің кеңістіктегі геометриялық орындарын қосатын сызық. Кинематикада нүкте қозғалысы үш түрде: векторлық, координаттық, және табиғи тәсілдермен беріледі.
1 Векторлық тәсіл. Нүктенің орны оның радиус-векторымен анықталады. r=r(t)
2.Координаттық тәсіл. Нүктенің орнын оның координаттарымен анықталады. x=f1(t), y=f2(t),z=f3(t)
3.Табиғи тәсіл. Нүктенің траекториясы арқылы анықталады: S=f(t)


Нүкте қозғалысы векторлық, координаттық, табиғи тәсілмен берілгендегі нүкте жылдамдығы мен үдеуі.
Нүкте жылдамдығы – нүктенің бірлік уақытта орын ауыстыру шапшаңдығын анықтайтын физикалық шама.

Векторлық тәсіл кезіндегі жылдамдық:


Нүктенің орташа жылдамдығы- нүкте векторының радиусының қозғалыс орын алған уақыт аралығына қатынасы: Vорт= дельта r / дельта t
Уақыттың белгілі бір сәтіндегі жылдамдық бұл уақыт аралығы нөлге ұмтылған кезде осы қозғалыс орын алған уақыт аралығына нүктенің қозғалыс векторының қатынасының шегі: V=lim(дельта t -0) дельта r / дельта t = r'


Координаттық тәсіл кезіндегі жылдамдық: нүктенің координаталық оське жылдамдығының проекциясы осы оське сәйкес келетін координатадан уақыт бойынша бірінші туындыға тең:
Vx= dx/dt=x' ,
Vy=dy|dt=y',
Vz=dz|dt=z’ Жылдамдық модулі: V= түбір астында(Vx^2+Vy^2+Vz^2)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет