1 тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мәні мен міндеттері


тақырып. Қазақ тілін оқытуда онлайнды қолдану ерекшеліктері



бет32/39
Дата20.01.2023
өлшемі1,08 Mb.
#165977
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Байланысты:
Ана тілін дебат технологиясы арқылы оқытудың ерекшелігі
2.1, Курс жұмыс тақырыптары (2), Ана тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі, Документ Microsoft Word (2) (30), Ана тілін оқыту формалары мен түрлері
15 тақырып. Қазақ тілін оқытуда онлайнды қолдану ерекшеліктері.


Қазақстан Республикасның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 16-наурызынан бастап Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде төтенше жағдай енгізген болатын. Осыған байланысты еліміздегі барлық мектеп оқушылары ІV тоқсанда қашықтықтан білім алуда. 
Алдымен «қашықтықтан оқыту» деген ұғымға тоқталатын болсам, қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық), оффлайн (асинхрондық) және кең таралған үшінші түрі вебинар.
Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.
Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.
Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.
Қазіргі қиын сәтте сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда мұғалімнің атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол қысқа мерзімді оқу жоспарын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін педагог оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.
Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес. Осы орайда қашықтықтан білім берудегі педагогке төмендегі кеңестерді ұсынамын:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет