3. Кітаппен жұмыс әдісі
Оқушыларға берілетін теориялық білім оқулық пен оқу құралдары бойынша жеткізіледі. Бұлқұралдар әрбір сыныптарға арналған оқу бағдарламаларына негізделіп жасалады. Мұғалім қазақ тіліне арналған материалдардың ерекшеліктерімен бірге оларға байланысты берілетін анықтамалар мен ережелерді оқытып, түрлі жаттығу жұмыстарын оқулық пен көмекші құралдар негізінде іскее асырады.
4. Көрнекілік әдіс
Тілдің грамматикалық құрылысын, оның жекелеген категорияларын оқушыларға жан-жақты түсіндіруде, тақырыптық, талапқа сай жасалған көрнекі құралдарды пайдаланудың үлкен маңызы бар. Қазақ тіліндегі берілген тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау, не бекіту, жаттығу жаздыру кезінде пайдаланылған көрнекілік әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға білімді қызықты, жалықтырмай игеруге себебін тигізеді. Көрнекіліктің түрлері көп. Оны сабақтың мазмұнына қарай, мұғалім басшылығымен жүзеге асырылып отырады. Қазақ тілі сабағында көбірек қолданылатын көрнекіліктер: схемалар, кестелер, картина, табиғат суреттері, техникалық құралдар, т.б.
Қазақ тіліне арналған кестелер: фонетикалық, орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық кестелер. Кестелер бір тақырыпқа арналған, не жинақтау түрінде болуы мүмкін.
5. Техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі
Мектептерде техникалық құралдарды оқу-тәрбие жұмысына енгізу 1960-70 жылдары басталды.
Соңғы кезде біздің елімізде сабақта жаңа технологиямен жұмыс істеу - мысалы, компьютермен жұмыс істеу де қолға алынуда.
Қазақ тілі сабағы бойынша сабақта техникалық құралдарды пайдалану жолдарын Б.Құлмағамбетова зерттеп, құнды пікір айтты: "...техникалық кұралдарды пайдаланып өткізген сабақта оқушылар жалықпай тыңдаған жаңа оқу материалын қабылдау процесінде олардың әр түрлі сезім мүшелері /көру, есту, т.б,/ қатысатындығын, соның нәтижесінде оқушылардың қызығушылығы артып, түсіндірілген материал¬дардың бәрін қабылдауға мүмкіндік туғызады", - деді. /Б.Құлмағамбетова "Қазақ тілі" сабағында техникалық құралдарды пайдалану, 1975/.
Қазір мектептерде көбірек қолданылып жүрген техникалық құралдар - эпидоскоп, кодоскоп, магнитофон.
|
Дидактикалық құралдар төмендегідей жіктеледі:
— көру (визуалды) құралдары -кестелер, карталар, табиғи объекттер ж.т.б.;
— есту(аудио)құралдары-радио, магнитафон, ән-күй аспаптары ж.т.б.;
— есту-көру құралдары-дыбысты фильмдер, теледидар ж.т.б.;
— сөздік құралдар — оқулықтар, мәтіндер;
— оқу процесін авмоматтастырушы құралдар – тіл кабинеттері, компьютерлер, ақпараттық жүйелер, телебайланыс- қатынас тораптары;
— сөз, сөйлеу, ым-ишара, дене қозғалыстары.
Оқыту әдістеріне сипаттама
Тәжірибеде негізгі үш білім көздеріне қарай — сөз, көрнекілік, іс-әрекет (практика) деп әдістерді топтастыру кең тараған: сөздік әдістер (білім көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді); көрнекі әдістер (білім көзі- бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) және іс — әрекеттік әдістер (білім және ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер процесінде қалыптасады).
Достарыңызбен бөлісу: |