1 тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мәні мен міндеттері



бет24/39
Дата20.01.2023
өлшемі1,08 Mb.
#165977
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
Байланысты:
Ана тілін дебат технологиясы арқылы оқытудың ерекшелігі

Электрондық оқулықтар — ғылыми негізінде дайындалған педагогикалық-ақпараттық өнім. Электрондық оқулық арқылы студенттер тапсырманы қызыға орындайды, кейде қателерін өздері табады. Электрондық оқулықтар — оқытушылар үшін күннен күнге дамытылып отырған ашық түрдегі əдістемелік жүйе. Мұны пайдалану барысында оқытушы ғылыми-əдістемелік электрондық оқулықты пайдаланғанда сабақтың ыңғайына қарай қосымша материалдарды кірістіруге болады. Электрондық оқулық көрнекілік ретінде де, оқу мен компьютер арасындағы байланыс жасауда да студенттерге көп көмек көрсетеді.
Студенттердің тілін дамыта оқытудың нəтижесінде студент қазақ тілінің сөз байлығын толық игеру, тілдің фонетикалық жəне сөзжасам жүйесін жақсы меңгеру, морфологиялық, синтаксистік тəсілдерді игеріп, оларды практикалық тіл жасау дағдысында дұрыс пайдалана білуі тиіс. Сонда ғана студент тілді күнделікті өмірінде дұрыс пайдаланумен қатар, тілдің қатысымдағы стильдік, эмоциялық, көріктеу, көркемдеу қызметтеріне де түсініп қолдана алады. Сондықтан, студенттердің тілін дамыту үшін, ең алдымен, олардың сөздік қорын байыту; əдеби тілдің нормасында сөйлемдерді дұрыс құрауды үйрету; ойларын жүйелі ауызша, жазбаша жеткізе білу дағдылары мен шеберлігін қалыптастыруы қажет.
Қалыптасқан білім беру жүйесін жетілдіру ісінде қазіргі заманғы ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялардың маңызы жөніндегі мəселе соңғы екі онжылдық бойына өзекті болып отыр. Əрбір педагогтың, мектеп мұғалімі немесе жоғары оқу орнының оқытушысы болсын, басты мақсаты — білім беру сапасын қамтамасыз ету. Ал ол үшін ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялардың қолданылуы үлкен дəрежеде септігін тигізетіні сөзсіз.
Жоғарыда көрсетілген инновациялық технологиялардың түрлері қазіргі жағдайда жоғары оқу орнының оқу процесінде қолдануға өте тиімді. Білім берудің мемлекеттік стандарттарында анықталған оқытудың мазмұнына ешбір нұқсан келтірмейді, керісінше, оқу пəндерінің бағдарламасында көрсетілген мақсатқа оқытудың бұрыннан қалыптасқан əдістерімен өзара бірлікте қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Технология» термині сол тəсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді. Бірінші кезеңде білімді көмекші құралсыз берген; екінші кезеңде оқулық арқылы; ал бүгінгі заманда оқыту технологиясы үлкен өзгеріске түсті. Бүгін біз сабақ барысында тірек сызбалардан қалып, ақпараттық технологиялар арқылы (компьютер, электрондық оқулық, Интернет) оқытамыз.

Оқыту технологиясы қалай оқыту керек деген ғылыми тұжырымдамамен тығыз байланысты, яғни қалай сабақты ұйымдастыру керек, қандай принциптер арқылы, қандай факторларды үнемі ескеру қажет деген сұрақтарға жауап іздейді. Сондықтан оқыту технологиясы оқытудың мақсат, мазмұн, принцип, əдіс жəне құралдармен тығыз байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет