Жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
əрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-əрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дəрежеде тəрбиелеу;
өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Инновациялық процестерді енгізу үш өзара байланысты күштер анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық əлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен [1].
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кəсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тəжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да, əрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады жəне өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кəсіби бейімделуін қалыптастыру мəселелері — кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтан біз болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды.
Əдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тəрбие үрдісінде оқытудың инновациялық əдіс- тəсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:
дербес оқыту технологиясы оқу-тəрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның əлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады;
қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;
саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен əдістері шығармашылық ізденіс іс-əрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады;
ақпараттық бағдарламалап оқыту — оқытудың мазмұнын пəнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мəдениет қалыптасады;
ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тəжірибеде «бала — субъект», «бала — объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының əлеуметтік жағдайы мен іс-əрекетінің əлеуметтік нəтижесінің бірлігінде қарастырады.
Жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге білуге болады.
Модификациялық инновация — бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жəне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация — бұрын пайдаланылмаған, белгілі əдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пəндерді оқытудың қазіргі кездегі əдістемесі дəлел.
Радикалдық инновация білімге мемлекеттік стандарттарды енгізумен сипатталады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік жəне сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады [2].
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тəрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым- қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-əрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мəселелердің бірі.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мəліметтер ағыны күшейген заманда ақыл- ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да əрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі — оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жəне қазіргі замаңғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық жəне интерактивтік əдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы əрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған əр түрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация — нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс: «Инновация — арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», — дейді.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Əдетте, инновация бірнеше өзекті мəселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Р. Масырова, Т. Линчевская «жаңару» дегенімізді былай деп түсіндіреді:
«Жаңару — белгілі бір адам үшін əділ түрде жаңа ма, əлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея».
Қазақстанда ең алғаш «инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз — білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану жəне таратуға байланысты бір білек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов «инновация» білімнің мазмұнында, əдістемеде, технологияда, оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жүктемесінде инновацияны, қайта жаңғырту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке- дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке-дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) [3].
Инновациялық технологияларға мультимедиалық сабақтар да жатады. Ағылшын тілінде multimedia, латын тілінде multum — көп жəне media, medium — жинақ дегенді білдіреді, яғни құрамына бірнеше мəтін, сурет, бейне, көрініс, анимация кіреді. Мультимедиалық сабақтарда қойылатын мақсаттар: студенттердің компьютерлік технологиясын қолдану арқылы оқыту, үйрену, танымдық əрекетін жүзеге асыру жəне өз бетінше жұмыс істеу дағдысы мен шығармашылыққа қабілеттерін дамыту. Сабақта келесі қажетті шарттар орындалуы керек:
студенттің жеке тұлғасын дайындау;
ойлау қабілетін жетілдіру;
эстетикалық тəрбие;
нақты бір шешім қабылдауға қалыптастыру;
пəнаралық байланыстарды тереңдету.
Мультимедиалық сабақ өткізу кезінде студенттер ақпаратты тек қана қабылдаушы ғана емес, сонымен бірге оны өңдеп, жеткізу əрекеттерін орындайды. Бұл кезде оқытушының мақсаты студенттерде қажетті ақпаратты табу, сұрыптап, оны жүйелеу мен жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ол оқу пəнінің тақырыбын қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар мен жағдайларды жəне проблемаларды шешумен байланыстыра отырып, студенттерге жобаны дайындау тапсырмасын ұсынады. Бұл тапсырманы орындау мен оны қорғау кезеңі студенттердің топ алдында сөйлеу мəдениетін, ойын жүйелей білу мен өзіндік көзқарастың жəне ой- пікірлерін қорғай білу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмаларды қорғау топтың алдында орындалады жəне олардың өзара қарым-қатынасын талап етеді. Сонымен, мультимедиалық жобаны көру студенттерге қажетті теориялық білім мен танымдық қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді əдіс болып табылады.
Инновациялық технологияларға бүгінгі кезде электрондық оқулықтар да жиі қолданылуда. Оқытушы бағдарламаға сай өз электрондық оқулығын дайындайды. Білім саласында компьютер студент үшін құрал, ал оқытушы үшін ол күнделікті қолданылатын жұмысшы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |