1 тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мәні мен міндеттері


Сонымен, бұл бағдарламаның басты ерекшелігі



бет21/39
Дата20.01.2023
өлшемі1,08 Mb.
#165977
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
Байланысты:
Ана тілін дебат технологиясы арқылы оқытудың ерекшелігі

Сонымен, бұл бағдарламаның басты ерекшелігі:

  • Әр модульдің ҚАЗТЕСТ бөліктері бойынша тестілеумен аяқталатынын ескерсек, бағдарламада бұрынғыша оқытудың 100-120 сағаттық жүйесінің сақталуы;

  • тақырыптардың модульдерге топтастырылып берілуі (6 модуль);

  • оқыту материалының дәнекер тілсіз оқытуға негізделуі;

  • бағдарлама мазмұнында сөйлеу әрекеті түрлерінің қамтылуы;

  • бағдарлама мазмұнының ҚАЗТЕСТ талаптарына сәйкес келуі;

  • оқыту барысында тіл үйренушінің тілдік тәжірибесінің ескерілуі

Оқу құралын әзірлеу барысында қазіргі әдістеменің төмендегі қағидалары сақталған: тыңдауды және сөйлеуді дамыту; сөйлеу үлгілерін пайдалану; грамматиканы үлгі арқылы оқыту; сөйлеуді үйретуде өмірімен тығыз байланысты жағдайларды қолдану. Сондай-ақ оқытудың қазақ тілін оқыту үдерісінде ескерілетін лингвистикалық ұстанымдары басшылыққа алынып отыр:

  • ғылымилық ұстанымы;

  • жүйелілік ұстанымы;

  • қатысымдық-функционалды ұстаным;

  • танымдық ұстаным;

  • тілдік және сөйлесімдік бірліктерді кешенді оқыту ұстанымы;

  • деңгейлерге сәйкес оқыту ұстанымы

Оқу құралының құрылым жүйесінде стандарттан ауытқушылық жоқ. Тапсырмалар лексикалық және грамматикалық жиіліктен бастап оқылым мәтіндері мен оған тапсырмалар, сұхбат, сөздер мен сөйлем бөліктерін жұптастыру, сөйлем құрату, сөз тіркесін жасау, бос орынды керекті сөздермен және қосымшалармен толтыру, модель бойынша сұхбаттасу немесе сөйлем құрау, талапқа сәйкес тыңдалым тапсырмаларын орындау, дұрыс-бұрысын тексеру, артығын алып тастау, берілген тақырыпқа мәтін құрау, үлгі бойынша толтыру, ақпаратты анықтау тәрізді түрлермен байытылған. Оқу құралы сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша деңгейлеп оқытудың халықаралық тәжірибелеріне негізделген. Сөйлеу әрекеттерінің түрлері тыңдалым, оқылым, жазылым, лексика-грамматикалық құрылым, айтылым бойынша нақты ҚАЗТЕСТ жүйесі тест тапсырмаларын негізге алып, дұрыс жауап беруді түсіндіріп, грамматикалық тұрғыдан негіздеп, сөйлеу дағдыларын қалыптастырады. Сөйлеу жағдаяттары түрлендіріле беріліп, тіл үйренушінің қарым-қатынасқа түсу белсенділігін арттыруға әрі кез келген жағдаяттық мәселеден шыға алуына бағытталған.
«Сарыарқа–2» оқу-әдістемелік кешенінің А1 және А2 деңгейінде жаттығулар тапсырмасы деңгейлік жүйеге негізделгендіктен, оқытушы мен тыңдаушы үшін оқу құралымен жұмыс істеудің тиімділігін арттырады. Сабақ уақытын үнемді пайдалануға септігін тигізеді. Ең бастысы, жаттығу шарттары тыңдаушының ойлау қабілетін жетілдіруге, өз бетімен шешім қабылдауына әкеледі, іскерлік дағдысының жетілуіне, тіл үйренуге деген қызығушылығының артуына жағдай туғызады. Сондай-ақ кешеннің әр модульде берілген тақырыптары 80 минуттық бір сабақты сөйлеу әрекеті түрлерін қамти отырып, толығымен жүргізіп шығуға қолайлы. Бұл тілді оқыту орталықтарында енді ғана жұмыс істеп жатқан жас мамандар үшін тіптен қолайлы болмақ.
Тағы бір айта кететініміз оқу құралы бойынша тіл үйренушінің білімін бақылау былайша ұйымдастырылады:

  • ағымдағы бақылау (әр модуль соңында ҚАЗТЕСТ-тің оқылым, тыңдалым, жазылым, лексика-грамматикалық бөліктерінің тест тапсырмалары бойынша жүргізіледі)

  • қорытынды бақылау – емтихан түрінде ұйымдастырылады (жоғарыда көрсетілген тест тапсырмаларының үстіне ауызша сөйлеуге арналған билет тапсырмалары қосылады)

Ойымызды жинақтап келгенде, «Сарыарқа – 2» оқу-әдістемелік кешенінің Қарапайым А1 және базалық А2 деңгейлеріне арналған оқу құралы мен жұмыс дәптерінің дәл қазіргі уақытта нәтижеге бағытталған кешен екенін дәлелдейтін бірнеше дәлел ұсынамыз. Біріншіден, «ҚАЗТЕСТ» жүйесінің стандартына толықтай жауап береді. Екіншіден, қазақ тілін үйретіп қана қоймай, осы жүйе бойынша тестілеуден өтушілерге әдістемелік жағынан көмекші нұсқаулық болады. Үшіншіден, бірізділік мәселесінің оқыту үдерісінде өз шешімін табуына негіз болады. Төртіншіден, жаңа стандартқа сәйкес әзірленген Қарағанды облысындағы алғашқы әдістемелік өнім болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет