1 тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мәні мен міндеттері


тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі



бет18/39
Дата20.01.2023
өлшемі1,08 Mb.
#165977
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
Байланысты:
Ана тілін дебат технологиясы арқылы оқытудың ерекшелігі

9 тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі.


Қазіргі қоғамның мектепке қоятын талабы осыған дейін ондаған жылдар бойы қойылып келген талаптан әлдеқайда өзгеше. Бастауыш мектеп-орта мектептің табиғи құрамдас бөлігі, тұңғыш баспалдағы. Сондықтан да бастауыш сатыда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай танымдық мүмкіндіктерін дамыту және оқыту мақсаттарының оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарлануы – табиғи нәрсе. Осы талаптарды орындау оқыту үрдісінде оқушылардың ой –өрісін кеңейтіп, интеллектісін жан-жақты дамыту, ғылым негізін сапалы зерделеу, түрлі шығармашылық әрекеттерін дамыта отырып, олардың өз бетіндік – танымдық белсенділіктерін арттыру негізінде іске асырылады. Мақсаты мен міндеттері: өзіндік жұмыс, оның түрлері және пәндерді оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың әдістемесін зерделеу. Күтілетін нәтижелер: өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда қатаң талаптарды орындау іске асады. Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан.  Қазақ тілі, Ана тілі сабақтарында оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарының түрлері жүйеленеді. Оқушылардың өзіндік жұмысының негізгі анықтамасын ғалым – педагог Б.П.Есипов өзінің еңбектерінде көрсетіп кеткен болатын. Ол «оқу-тәрбие үрдісінің ішіне енгізілген оқушылардың өзіндік жұмыстары-оқушылардың өздігінен, мұғалімнің қатысуынсыз, белгілі бір тапсырманың арнаулы уақыт ішінде орындалуы тиіс деп көрсетті. Осы үдерістің ішінде оқушы алдына қойылған мақсатты іске асыру үшін тапсырып, бар күш жігерін жұмсайды, сонымен қатар оқушының ақыл-ой, дене қабілеттерінің жұмыс деңгейін, іскерлік қабілеттерінің нәтижесі белгілі болады». Сондықтан өзіндік жұмыс оқушылардың пайымдау, сараптау, шығармашылық ойлау, бағалай білу сияқты қабілеттерін қалыптастырып, жаңалықтарды білуге, үйренуге асығып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады. Өзіндік жұмысты орындау қасиеттері біртіндеп жинала береді. К.Д.Ушинский тек оқушылардың өзіндік жұмыстары, оқушылардың ойлау, пайымдау, білім негіздерін қабылдау қабілеттерін дамытады деген.Оқушылардың өзіндік жұмыстарының қажеттілігі туралы көптеген пікірлер айтылып жүр. Өйткені біздің оқушыларымыз мектеп қабырғасында тек білім негіздерін игеріп қана қоймай, жеке басы білімін өз бетінше терең дамыта алатындай тәжірибе жинақтап, мектеп қабырғасынан үлкен өмірге белсенді азамат болып шығуы керек. Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті – жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс. Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді. Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек:1.Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек; Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс; Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек; Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек. Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі; жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;оған әсер ететін мотивтер. Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері: жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену). Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар). Өздік жұмысқа мынадай талаптар қойылады: тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек. Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ болмайды). Міндетті түрде тексерілуі керек. Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады. Қазақ тілі сабақтарында – түрлі жаттығу жұмыстарын орындау, қима қағаздармен, перфокарталармен жұмыс, сурет бойынша сөйлем, әңгіме құрау, сөздіктермен жұмыс тапсырылады. Мысалы, мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазбаша жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, олар жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады.Балалардың қазақ тілі сабақтарында өз беттерінше грамматикалық талдау жасауы төменгі сыныптардың өзінде-ақ іске асырыла бастайды. 1-сыныптың балалары оқу жылының екінші жартысынан бастап тақтадан, болмаса оқулықтан қысқа мәтіндерді көшіріп жазатын болады, кейбір сөйлемдерді бөліп, жеке айырып жазып қояды, мұғалім астын сызып көрсетіп берген сөздерді жазып алады, кеспе әріптерден сол сөздерді құрастырып, сөздің әрқайсысын буынға бөледі, мәтіннен көшіріп жазып алған сөздердегі дауысты және дауыссыз әріптерді көрсете алатын болады. 2-сыныптың балалары нәрсені, сапаны, әрекетті білдіретін сөздермен танысып болғаннан кейін, олар мәтінде кездескен сол сөздерді өз беттерінше тани біледі, оған өздерінше сұрақ қоя алады. Заттың атын, сапасын, әрекетін білдіретін сөздерді алдымен жеке-жеке, содан соң топтап жазады, ол сөздердің астын сызып қояды. Содан кейін заттың атын білдіретін сөздерді, оның сапасын болмаса әрекетін білдіретін сөздермен біріктіріп құрастырады. Сол сияқты 2-сыныпта сөздерді буынға бөлу, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстарды табу, сөз екпіні түсетін буындардың астын сызып қою, екпінді дауысты дыбыстарды табу балалардың өз беттерінше істейтін жұмыстары есебінде жүргізіледі. Сөздің түбірімен танысып болғаннан кейін балалар мұғалімнің оқып берген мәтініндегі біріне-бірі ұқсас сөздердің астын сызып, көшіріп жазуға дағдыланады. Балалар біраз уақыт дағдыланғаннан кейін сол түбірге ұқсас түбірлі сөздерді іздеп табуға жаттығады.Өз бетінше жұмыс істеудің бұл түрлері кейінгі сыныптарда да кеңінен қолданылады. 3 және 4-сыныптарда балалардың өз бетінше грамматикалық талдау жасауын ұйымдастыру кең өріс алатын болады. Балалар өз беттерінше сөзге морфологиялық, грамматикалық талдау жасайды. Сызба балалардың зейінін тәртіпке келтіреді, сөз таптарының грамматикалық тұлғаларын есте сақтауға жәрдемдеседі және әртүрлі грамматикалық тұлғаларды өзара салыстыруға мүмкіндік туғызады. Сызбаны пайдаланбай мәтінді жазбаша грамматикалық талдау жасау көбінесе бақылау жұмыстары сияқты болып жүргізіледі. Балалардың өз беттерінше қандай да болсын грамматикалық талдау жасау түрлері грамматика және орфография сабақтарының бір бөлімі болып өтуге тиіс.Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстары бастауыш сыныптарда ұзақ болмауы керек және көлемі шағын, мазмұны оңай болуға тиіс. 2-сыныпта − 5-10 минут, 3-сыныпта − 10 минут, 4-сыныпта 10-15 минуттық тапсырмалар беріледі. Мұғалім оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыс түрлерін, әр пәннің ерекшелігін ескере отырып, алдын-ала дайындауы керек.



Оқушылардың өзіндік жұмысына, мұғалімнің тапсырмасы бойынша, олардың өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар оқушылардың өзіндік жұмысының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып, жасайтын шығармашылық жұмыстарын жатқызамыз. Мұғалім оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда өзінің басшылық әрекетін олардың талап-тілектеріне сәйкес ойдағыдай ұштастыра білуі қажет. Бұл мұғалімнен шығармашылық еңбек пен әдістемелік шеберлікті талап етеді.Оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрлері сан алуан. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын топтастыруда бірнеше шарттар мен белгілерді ескеру қажет. Оқытудың мақсат-міндеттеріне, жеке пәннің мазмұнына, ғылым мен оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, оқушылардың дербестігі мен жалпы даму дәрежесіне, оқыту үрдісіндегі алатын орнына, т.б. белгілеріне қарай олардың өздігінен істейтін жұмыстарын бірнеше топқа бөлуге болады. Оның ең жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданатын жұмыстың түрлері:
а) жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену);
ә) жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар т.б.)
б) білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру (түрлі жазбаша, практикалық жұмыстар).Оқушылардың өзіндік жұмыстарының екінші тобына ғылым мен оқыту әдістеріне байланысты іске асырылатын жұмыстардың түрлері жатады: оқулықпен, оқу құралымен және басқа да ғылыми анықтама әдебиеттермен жұмыс істеу; шығармашылық жаттығулар, бақылау, т.б.


  1. Оқушылардың дербестігінің даму дәрежесіне қарай, олардың өздігінен істейтін жұмыстары репродуктивтік және шығармашылық болып екі топқа бөлінеді. Репродуктивтік жұмыстарға оқушылардың дайын үлгіге еліктеу негізінде жасайтын жұмыстары (жай жаттығу, көшіріп жазу,мұғалімнің берген сұрақтарына кітаптан жауап беру, берілген жоспарға сәйкес оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу т.б.) жатады. Шығармашылық жұмысқа оқушылардың өздігінен шығарма, баяндама, реферат, пікір жазу, модельдер т.б.жатады. Репродуктивтік және шығармашылық жұмыстар өзара байланысты болады, біріншісі екіншісіне ауысып отырады.

Төртінші топқа – мұғалімнің тапсыруынсыз: міндетті түрде емес, оқушылардың өз еркімен, ықыласымен жасайтын жұмыстары жатады: қосымша әдебиеттерді оқуы, ғылыми үйірмелер мен ұйымдардың жұмысына араласып, байқау, олимпиадаларға қатысуы, қоғамдық пайдалы жұмыстарға, үгіт-насихат, көпшілік мәдени-ағарту, өлкетану жұмыстарымен шұғылдану т.б.


Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда төмендегідей талаптар қойылады:






  1. Жұмыстың көлемін шамадан асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару.


  2. Оқушылардың өзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу.


  3. Оқушылардың дербестігін арттырып, өздігінен білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту.


  4. Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған саяси-қоғамдық мәні бар материалдарды, хабарларды енгізу.


  5. Оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру.


  6. Оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу.

2. Оқушылардың өздік жұмысы деп аранулы осы жұмыс үшін берілген уақыттағы, олардың мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ, мұғалімнің тапсыруымен, бақылауымен және басшылығымен орындайтын жұмысын айтады. Өздік жұмыс мұғалімнің ұсынан тапсырмасының неғұрлым тиімді тәсілдерін іздестірумен, жұмыс нәтижелерінің талдауымен байланысты оқушылардың белсенді ақыл-ой әрекетін қамтамасыз етеді






Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда төмендегідей талаптар қойылады:




  1. Жұмыстың көлемін шамадан асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару.


  2. Оқушылардың өзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу.


  3. Оқушылардың дербестігін арттырып, өздігінен білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту.


  4. Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған саяси-қоғамдық мәні бар материалдарды, хабарларды енгізу.


  5. Оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру.


  6. Оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу.

2. Оқушылардың өздік жұмысы деп аранулы осы жұмыс үшін берілген уақыттағы, олардың мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ, мұғалімнің тапсыруымен, бақылауымен және басшылығымен орындайтын жұмысын айтады. Өздік жұмыс мұғалімнің ұсынан тапсырмасының неғұрлым тиімді тәсілдерін іздестірумен, жұмыс нәтижелерінің талдауымен байланысты оқушылардың белсенді ақыл-ой әрекетін қамтамасыз етеді.





Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, сондай-ақ, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйре­неді және меңгереді.
Өзіндік жұмыс мәселелерін зерттеуде жо­ғары мектеп педагогикасы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр. Мұның басты себебі, біріншіден, өзіндік жұмыс студенттердің көп аспектілі тұлғалық білім беру құралы ретінде қарастырылмайды; екіншіден, бұл мәселе бойынша зерттеулерде орта және жоғары мектеп арасындағы сабақтастық ескерілмейді. Сондай-ақ, бұл сала бойынша арнайы зерттеу­лердің жеткіліксіздігі байқалады. Жоғары мек­тептегі оқу процесінің теориясы мен практикасында болашақ педагог-психологтардың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мәселесіне жеткілікті мән берілмеген.[1]
Оқытушы оқыған кез келген дәріс тақы­рыбы студентке түсінікті бола бермейді. Оның себептерінің бірі – студенттің басты қызы­ғушылық объектісі – мамандық алу. Ал, оқылған дәріс оның болашақ мамандығымен байланыссыз болса, оны игеруге құлқы болмайды. Онымен қоса, оқу процесінің бастапқы кезеңдерінде, студенттерде қойылған проблеманы шешуге қажетті өзіндік жұмыс істеу дағдылары әлі толық қалыптаспайды. Сондықтан, оқу процесінің алғашқы кезеңдерінде оқытушы тек проблема қою ғана емес, оны шешу жолдарына студенттерді баулуы тиіс. Бұл орайда, СӨЖ рефарат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындауға ықпал етуі қажет.
Көптеген психологтар мен педагогтардың зерттеулерінде ЖОО студенттері оқу процесіне бейімделу жағдайында өзіндік жұмыстарды орындауда, оның сан алуан түрлері мен формалары бойынша біршама қиыншылықтарға кездеседі. Соның салдарынан, оқып-үйренушілер оқу-тәрбие жұмыстарына, өзіндік жұмыстарға енжарлық танытып, оқу үлгерімдерінің төмен болуы орын алады.
Білім – қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты. Ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Қазіргі білім – азаматтық қоғамдағы әлеуметтік талаптарға бағытталған күрделі де жан-жақты қоғамдық құбылыс, оқыту және тәрбиелеу түріндегі педагогикалық әрекеттің тұтас жүйесі.
Кез келген кәсіптегі маманды қалыптастыруда мамандыққа сай білім алу қаншалықты өткір мәселе болса, сонымен қатар “жеке маман тұлғаны” өзіндік дамытуда оны шығармашылықпен терең іргетасын дайындау соншалықты алғышарт .Білім жүйесінің мазмұны өмірдің түрлі жағдайларында әрекет ете алатын «тұлғаны» дайындау. Осы мақсатта оқу жоспарын оқушыларға азаматтық білім беруге бағыттау керек. Бірінші кезекте әлемдегі болып жатқан өзгерістерге байланысты білім жүйесін ұлттық модульде құру және ол үшін өркениетті елдерде берілетін біліммен ортақ көзқарастарын табуға ұмтылу қажет.
Қазіргі қоғамдық сұраныс – өз ісіне мығым, жұртшылықпен араласуда жеке басындағы барлық шынайы жағымды қасиеттерін байқата алатын бүгінгі студент, ертеңгі маманды тәрбиелеуді талап етеді.Адамның қоғамдық мәні – өмір сүрген ортасы, әлеуметтік жағдайы, білімі,санасының жоғары немесе төмен болуы оның жеке адамға тән қасиеттерінің қалыптасуының шарты. Ал, әлеуметтендіру тәрбие берумен тікелей байланысты. Тәрбиенің түрлері де әр алуан: жас бала өмірге келгеннен бастап, қартайып өмірінің соңына дейін тәрбиеден өтеді. Тәрбие екі жақты: жас өспірімдерге тәрбие беру, ересек адамдарға тәрбие беру, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.[2]
Студенттердің өзіндік ұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, сол арқылы студенттердің іс-әрекетінің дербестігі артады. Студенттің өзіндік жұмысы- кез-келген пәнді оқуға өзіндік жұмыстың орындалу әдістерінің қалыптасуына бағытталғанымен, бұл жұмыс- студенттің ғылыми, оқу кәсіби қызметін қалыптастырып, мәселелерді өзіндік шешуіне оптималды шешімдерді қабылдауға, дағдарыстық жағдайлардан шығуға арналған. Жоғарғы мектептің орта мектептен ең басты айырмашылығы- оқыту жұмысының әдісі және оқушылардың жеке деңгейі болып табылады. Сонымен қатар, студенттердің өіндік жұмыстарының тәрбиелік мағынасы өте зор. Өйткені, бұл жұмыс студенттің білім алудағы жеке жұмысын ғана емес, қазіргі заманғы жоғарғы кәсіби маманды тұлға рентінде қалыптасуына мүмкіндік береді. Студенттің өзіндік жұмысын белсендірудің тәсілдері ұйымдастырушылық және әдістемелік болып бөлінеді. Әдістемелік жағынан белсендіру қолданылған әдіс-тәсілдерге, студенттің өзіндік жұмысының формалары мен ұйымдастыру құралдарына байланысты. Өзінідік жұмысты оқытушының дұрыс басқара білу және студенттердің дербестік әрекетінің дәрежесі артып отыруы- осы жұмыстың белгілері болып табылады.
Бүгінгі күні бүкіл дүниежүзілік білім беру тәжірибесіне жүгінетін болсақ, жылдам қарқынмен оқыту үрдісінің сапалы да жемісті жолы аудиториялық сабақтардың көлемін тиімді қысқарту арқылы студенттердің өздік жұмыстарына уақытты көбірек беріп, олардың шығармашылық қабілетінің өсуіне әсері жоқ оқу пәндерін барынша азайту. Және де оқу жылының барысындағы студенттердің еңбек санының дұрыс бөлінуіне ерекше көңіл бөлу, себебі семестрдегі жүйесіз берілген өзіндік жұмыстар сессия кезіндегі «үлгермеушілікке» және білім сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты, өздік жұмыстарын орындау үшін әр студентке оқу-әдістемелік құралдарын көрсетіп, өздік жұмыстарына семестрдің басында дұрыс тапсырма беру, соған байланысты әр тапсырманың ұйымдастыру-әдістемелік материалдары болуы тиіс.
Студенттердің қарқыны қай пәнді болсын оқу кезіндегі өздік жұмыстарының дәрежесімен сипатталады. Сонымен, студенттердің өздік жұмыстарының ішкі мазмұны – мұғалімнің қатысуынсыз немесе көмегінсіз дайындалу ғана емес, студенттің әрекеті алған ақпаратты білімге қолдана білуге айналдыру функциясы мен сол қызметті басқара білу функциясының үйлесімділігінен тұрады немесе олардың өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жету үшін құрған амалдарын білдіреді десек те болады.
Негізінен алғанда, студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу технологиясы мынадай элементтерден тұрады:
— студенттердің өздік жұмыстарын жоспарлау,
— әдістемелік қамтамасыз ету,
— бақылау және орындалу бағасы,
— талдау және жетілдіру.
Әр оқу пәнінің жұмыс бағдарламасының сәйкес бөлімдеріне студенттердің өздік жұмыстарының жоспарланған түрлері, олардың сағатпен көрсетілген еңбек сиымдылығы, бақылау мерзімі және коллоквиумдар, курстық, семестрлік, есепті-графикалық және басқа да жұмыстары міндетті түрде кіргізіліп көрсетілуі керек. Студенттердің өздік жұмыстарының түрлерін таңдау үшін оқу пәнінің мақсатын, оқушының дайындық сатысын, студенттердің өздік жұмыстарына бөлінген сағаттар санын ескерген жөн.
Жоғары оқу орындарында студенттердің өздік жұмыстарының қарапайым және қолайлы түрі – коллоквиумдар болып саналады, ол белгілі бір тақырыптағы баяндама немесе деректі мәселені талқыға салатын ғылыми жиналыс түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Бұған мұғалімдердің де шығармашылық әдіс-амалдары қажет. Мысалы, студенттердің жазған «мазмұндамасын», жасаған «семестрлік, курстық жұмыстарын» әдеттегідей қабылдай салмай, әр-түрлі ғылыми пікірталас ұйымдастыру арқылы қабылдаған әлдеқайда тиімді. Тәжірибе көрсеткендей, бір курстық жобаны 2-3 студент орындаса жобаның практикалық сапасын арттыруға болатындығы көрінеді, яғни, бұл топтастырған тәсіл өз бетімен жұмыс істеуге, өзара көмек көрсетуге, шығармашылығын және жауапкершілігін арттыруға себебін тигізетіндігі анық. Өйткені жобалау кезінде студенттер таңдау еркіндігін алады.Білімгерлердің өздік жұмыстарын қадағалаудың тәсілдері де үлкен нәтиже береді[3].
Өзін бағалай және қадағалай білуді, өзіне баға беруді қалыптастыру – студенттің қызығушылық көзқарасын және белсенділігін арттыратын сенімді тәсіл. Әр пәнге арналған өзіндік жұмыстар студенттердің өз күштеріне сенімділігін және жауапкершілігін арттырып, өзіндік баға беру қабілетін қалыптастырады. Өзіндік жұмыстың нәтижесін көру үшін ұйымдастыру-әдістемелік шараларының анық жоспарланған жүйесі болуы тиіс. Өзіндік жұмыстың керекті нәтижесін алу үшін қойылатын негізгі шарт – студенттерді оқу-әдістемелік және анықтама-нормативтік материалдармен толық қамтамасыз ету қажет.
Жоғарғы оқу орнына түскен кешегі талапкерлер студент болған соң, жоғарғы оқу орны шарттарына орай бейімделу кезеңінен өтеді. Бұл кезең өзінде жаңа әлеуметтік орта мен жоғары оқу орындарындағы оқу және ғылыми ізденістер, болашақ кәсіби қызмет шарттарына дағдылану жағдайларын қамтиды.
Бірінші курс студенттерінің көпшілігі кітап, лекция конспектілерімен жұмыс істеу, өз еңбегін дұрыс ұйымдастыру, пәндердің күрделілігін есепке ала отырып аудиториядан тыс орындалатын жұмыстарға берілетін уақытты тиімді пайдалана алмайды. Осыған орай оқытушылардың басты мақсаты – бірінші курс студенттерін жаңа жағдай шарттарына бағдарлануға тәрбиелеу, оларды оқу және оқудан тыс уақыттарын тиімді пайдалануға үйрету, болашақ ісінің кәсіби шеберлігіне деген қызығушылық сезімін ояту. Сонымен қатар ұйымдастырушының әдеттері мен іскерлігін дамытудың қалыптасуына, кәсіби білімді меңгеру мен түрлі оқу тапсырмаларын өз бетінше орындауға ықпал ету.
Кез келген курс студенттері өзінің жас ерекшелік және дара ерекшелік қасиеттерінің дамуын бастан кешірді. Осы ерекшеліктерді көп ғұламалар зерттеген. Актуальды даму өрісі адамның игеріп үлгерген және соның негізінде танымдық және басқа да мәселелерді өзі дербес шеше алатын әдіскерлік пен дағдылар жүйесіне әсер етеді. Актуальды дамудың деңгейі іргелес өрісті, яғни оқу процесінде баланың өзі немесе үлкендердің көмегімен игере алатын іскерлік өрісін белгілейді. Іргелес даму өрісі дегеніміз – баланың ертеңгі күні. Арнайы ұйымдастырылған мақсатты педагогикалық процесс жағдайларында мұның өзі әлдеқайда ертерек әрі тиімдірек өтеді. Егер сыртқы жағдайлар ішкі күштердің кез келгенінің дамуына қолайлы жағдай жасамаса, онда соңғыларының мүлдем ашылмай қалуы да мүмкін немесе қызмет етудің бұрмаланған формаларын қабылдауы ықтимал.
Педагогикалық білім студент дамуының кешегі күніне емес, оның ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс. Тек сонда ғана ол оқыту процесінде іргелес даму өрісінде жатқан даму процестерін өмірге келтіре алады.
Студент мәселені шешуге ынталанып, нақты, бірақ өзінің әлі жететін қиындықтарды қайткенмен де жеңуге құштарлана түседі. Сондықтан жалпы оқу процесін өзін ықтиярсыз мәжбүрлеу емес, еліктеу, сабақ білмеуден білуге жетелейтін жеңіс жолы ретінде басынан кешіреді.
Еліміздің болашақ мамандары қоғам талабына сай жан-жақты қарулануы үшін төмендегі міндеттерді әрбір оқытушы орындауы қажет:
1. Әрбір ұстаздың өз пәнінің білікті, білімді шебер маманы екенін көрсете білу.
2. Студенттің актуальды және іргелес даму деңгейін дәл анықтауға бағыт беріп, келешекпен байланысты сенімді қалыптастыру.
3.Студенттің әрбір пәннің мамандыққа қатысты мәселелерін ынтымақтастықпен шешу қабілеттерін дамыту.
4. Студенттің кәсіби білікті, білімді шебер тұлға қасиеттерін санасына құйып дүниетанымын кеңейту.
Әр ғылымның барлық саласында болмысы білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық процесс кезінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқыту үрдісінде студенттерідің өзіндік оқу жұмыстарын оңтайлы ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Себебі, студенттердің өзіндік жұмыстарын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. [4]
Қазіргі таңда өзіндік іс-әрекетін жаңа жағдайға байланысты оңтайлы ұйымдастыра білуі тиіс. Студентің өзіндік жұмысы — болашақ мамандарды даярлаудың және білім сапасын арттырады. Осыған орай оқу орындарында әр білім алушыдан ой еңбегінің ұтымды әдістерін білуі, яғни аз уақыт кетіріп қажетті ақпаратты іздеп және меңгеріуді, фактілер, теорияны, тұжырымдамаларды жүйелеп және жіктей білуді, өз көзқарасын нақты айтып және дәлелдей білуді үйренуі талап етіледі.
Студенттің өзіндік жұмысы – бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызғушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі. Өзіндік жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеті мен біліктерін дамытуда олардың барысында тиімді, әрі өнімді еңбек етуіне мол мүмкіндіктер жасайды. Өзіндік жұмысты оңтайлы ұйымдастыру елеулі практикалық міндет және маңызды ғылыми проблема болып табылады. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесіне көптеген зерттеулер арналған. Олар педагогикалық әдебиеттерде алғаш өзіндік жұмыс мәселелерін В.К.Буряк, Е.Я.Голант, Б.П.Есипов, Р.Г. Лемберг, Р.М. Микельсон, И.И. Пидкасистый, Е.С.Саблик, М.Н. Скаткин еңбектерінде зерттелініп, оқу үрдісінде білім алушылардың өзіндік жұмысын жүйелі түрде қолдану негіздері қарастырылды. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың мәнін дидактикалық тұрғыда қарастырғандар: А.Е.Абылқасымова, Н.А.Адельбаева, С.И.Архангельский, М.В.Буланова-Топоркова, М.Г.Гарунов, И.И. Кобыляцкий, Р.Н. Низамов еңбектері арналған. Өзіндік жұмысқа берілетін анықтамалардың әртүрлігіне қарамастан, оларды бірнеше шағын топқа бөлуімізге болады. И.Т.Протасовтың ойынша, өзіндік жұмыс біліктілік пен іскерлік жиынтығы. Г.Н.Кулагина өзіндік жұмысты студенттің іс-әрекет құралы белсенділігі мен өз бетімен білім алуға дайындығы деп түсінеді. Г.Н.Дари өзіндік жұмыстың мәнін былайша айтады. Бұл жұмысты студент өз бетімен орындайды, ол өзінің біліміне, іскерлігі мен сеніміне, өмірлік тәжіріибесі, дүниетанымына сүйене отырып атқарады.[5] Өзіндік жұмыстары әр түрлі әдістер арқылы іске асырылады, мысалы: жаттығу, кітаппен жұмыс істеу, бақылау, есеп шығару, эксперимент жүргізу т.б. Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының бірі жаттығулар мен тапсырмалар болып табылады. Сондықтан оқу орындарында әрбір курста оқытушылардың басшылығымен студенттер жаттығуларды өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылады. Студенттерндің өзіндік жұмысы болашақ маманның шығармашылық ойлауын, танымдық қызығушылығын және арнайы білім алуын қамтамасыз ететіндіктен жаттығулардың маңызы зор. Білік дағдылардың барлық түрлерін қалыптастыруда жаттығулардың маңызы зор. Олардың негізінде дағдылар автоматтандырылып, біліктілер жетіледі. Ал күнделікті, жүйелі жаттығуларсыз, білік, дағдылар өз қасиеттерін жоғалтады.
Өз бетімен жұмыстың маңыздысы — студенттің өз беттерімен орындай алуларына, оқуға белсенділігінің артуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпалы мол. Өз бетімен жұмыс жасау барысында Р.Сүлейменов өздігінен істейтін жұмыстарды әрекет сипатына қарай жаттығу, зерттеу шығармашылық жұмыстар деп топтастырады. «Шығармашылық еңбекте студенттің іскерлік қабілеті, білім көлемі, білім молдығынан туатын толық дербестігі айқын көрінуі тиіс».
Шығармашылық жұмыстар студентердің дүниетанымына, ізденімдік қабілетінің дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Онымен қатар өздігінен ой қорытып, шешім шығаруға, дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға, тіл байлығын арттыруға жәрдемдеседі. Оқытушының сабаққа дайындалғанда өзінің әрекеттерін ойластыруымен шектелмей, деңгейіне қарай студенттің әркетіне мән беруі тиіс. Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру-өте күрделі мәселе. Сондықтан студенттердің өзіндік жұмыстарын таныстыру үшін бірнеше шарттар мен белгілерді ескеру керек. Оқытудың мақсат міндеттеріне және пәннің мазмұнына, оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, студенттің даму дәрежесіне қарай өзіндік жұмыстарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның негізгі жиі кездесетін бір тобы — сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыстың түрлері. Олар мыналар:
— жаңа білімді меңгеруі;
— жаңа білімді бекіту;
— білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру.[6]
Студенттердің жұмыстарының барлық топтарын оқытушы оқыту барысында жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті және оның бір ерекшелігі – оқыту үрдісінің барлық кезеңіндерінде қолдануға болады. Сондай-ақ студенттермен жүргізілетін өзіндік жұмыстары олардың таным, іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі бағытта ұйымдастыруға болады. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет. Ол үшін мынадай міндеттер орындалу керек:
— Студенттерге өзіндік жұмыстар туралы түсінік беру.
— Студенттердің өз бетімен тапсырма орындау әдістерін таныстыру.
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
1.Оқытушының нақты тапсырмалар беруі;
2.Жұмысты орындаудың және аяқтаудың дербестігінің өзара байланысы;
3.Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеу;
4.Олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі.
Студенттердің өзіндік жұмысының маңызын толығырақ түсіну үшін, оның атқаратын негізі мен міндеттерін атап өткен жөн болар.
1.Студенттердің дербестік қабілетін мейлінше арттыру.
2.Олардың алған білімінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз ету.
3.Студенттерге оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
4.Таным ақыл-ой қабылетін дамыту.


Педагогика-психология саласындағы атақты ғалымдар өз еңбектерінде өзіндік жұмыс мәселесін психологиялық тұрғыдан қарастырған.[8]
А. Н. Леонтьевтің психологиялық іс-әрекет теориясына сүйене отырып, П. Я. Гальперин мен Н. Ф. Талызина ақылдық қимыл іс-әрекеттерін кезеңдер бойынша қалыптастыру теориясын жасаған. Ол үш типті іс-әрекет негіздерін көрсеткен. Біріншісі – толық емес әрекет, ол көп қатерлер мен қиындықтардың негізінен тұрады, екіншісі шамалы толықтыру әрекеттеріне негізделеді, ал, үшіншісі – өз бетінше толық іс-әрекет жасау негізінде өтеді. П. И. Пидкасистый «өзіндік танымдық жұмыс» және «өзіндік жұмыс» ұғымдарын ажырата білуге назар аударады. Оның пікірінше, өзіндік жұмыс оқып-үйренушілердің өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастырудың тек құралы ғана болып табылады. Ол оқу өзіндік танымдық қызмет процесінде жүреді, бірақ, ол өзіндік жұмысты орындау процесінде жүреді деген сөз емес деп есептейді. Мысал үшін, оқытушы оқу материалын баяндағанда, студент салыстыру, беттестіру, деректі ойша талдау және т. б. ойлау амалдарын жүргізеді. Дәл осы кезде студент ешқандай тапсырма алған жоқ, өзіндік жұмыс та жоқ, бірақ өзіндік танымдық қызмет орын алып отыр.[9]
Жалпы алғанда, өзіндік жұмыс (CӨЖ) – біртұтас педагогикалық процестің, жоғары білім берудің негізі. Ол бір жағынан студенттердің дәрісханадан тыс жұмысы ретінде, басқа жағынан сабақ кестесі бойынша студенттің дәрісханада жүзеге асыратын жүйелі, жоспарлы, мақсатты жұмысы. Оны ұйымдастыру жауапты теориялық және практикалық міндет, маңызды ғылыми проблема. Өз бетінше жұмыс істеуді дәрісханада және одан тыс жерлерде ұйымдастырудың әр қандай түрлері мен типтерін қолдана отырып, студенттердің өздігінен ізденіп оқуына, білімін дамытуға ықпал етіп, оны ұйымдастыра білу өте қажет.
Жоғары оқу орындарында СӨЖ ұйымдас­тыру сыртқы және ішкі мақсаттарға сәйкес қызмет атқарады және дамытылады. СӨЖ атқарудың сыртқы мақсаты қоғамның мамандарды даярлауға қоятын талаптарымен анықталады. Мамандарды дайындаудың сапасын арттыру міндетін шешудің негізі оқыту сапасын күшейту болып отыр. Ол бірнеше факторлармен айшықталады. Ең бастысы, маманды даярлау деңгейіне нарықтың қояр талабы және оқытудағы экстенсивті және интенсивті факторлардың арақатынасының өзгеруі болып табылады. Әрине, осы орайда мәселе қарқынды фактор пайдасына шешілуі керек екендігі түсінікті.
Жұмыста болашақ педагог-психологтардың өзіндік жұмыс істеу технологиясын педагоги­калық негізде жобалаудың жүйесі ұсынылды. Сонымен, студенттердің өзіндік жұмыстарының тиімділігін арттыру екі бағытта жүргізілді: біріншіден – студенттердің орындаушылық қызметтерін белсендіру (жандандыру); екіншіден – өзіндік танымдық қызметті кеңінен ұйымдастыру.
Т.Т.Ғалиев жүйені «қойылған мақсатқа жету үшін қарастырылатын заңдылықпен байланысқан және өзара әрекеттесетін элементтердің жиынтығы» деп нақтылайды. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға мынандай негізгі дидактикалық талаптар қойылады:

  • Студенттердің өзіндік жұмыс жүйесі негізгі дидактикалық міндетті шешуге, яғни студенттердің танымдық қабілеттіліктерін дамытуға, өздігінен білім алу, оны кеңейту және тереңдету, практикада қолдана білуге ықпал ету керек

  • Жүйе — теория мен практиканың байланысының, түсініктілік пен жүйелілік, саналылық пен шығармашылық белсенділігінің, жоғары ғылыми деңгейде оқыту қағидаларының талаптарына сай болу керек;

  • Жүйе құрамындағы жұмыстар түрлі біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру үшін оқу мақсаты мен мазмұны жағынан әр алуан болуы тиіс.[10].

Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру барысында оқытушыларда кездесетін қиындықтарды мұқият зерттеу, бізге, бұлардың көпшілігі оқытушының кәсіби шеберлік деңгейімен тығыз байланыста деген қорытындыға келуге мүмкіндік берді.
Сонымен бірге зерттеу барысында өте тәжірибелі оқытушылар студенттерді өзіндік жұмысқа мақсатты бағытта оқытуды жүзеге асыруда, өзінің педагогикалық іс-әрекеті барысында ешқандай қиындық байқалмайтындығы анықталды. Осы мақсатта олар әртүрлі тәсілдерді қолданады:
— Мәтіннің мағыналы өңделуі, оқу материалы көлемінің көбеюі, ондағы алғашқы идеяны, қағидаларды, заңдылықтарды айқындау, тапсырмалардың жалпылама шешілу тәсілдерін меңгеру, студенттердің белігілі -бір түрдегі тапсырмалар жүйесін жасауы;
 — Оқу және тыңдау мәдениеті, қысқа және ең тиімді жазба тәсілдері (көшірмелер, жоспарлар, тезистер, конспектілер, аннотация, реферат, пікір, жалпы кітаппен жұмыс әдістері);
 — Есте сақтау (оқу материалын құрастыру, мнемотехниканың ерекше әдістерін тірек ретінде бейнелі және есту жадтарына қолдану);
— Өзіндік бақылаудың әр түрін қолдануда, өз жұмысын кезеңмен бақылауда, тексеру «бірліктерін» айқындауда, біркелкі тексеруде және т.б. шоғырлауға назар аудару;
— Қосымша ақпараттар іздестіру (интернет, библиографиялық материалдармен, анықтамалармен, каталогтармен, сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс) және оны үй үй кітапханасында сақтау;
—  Емтихандарға, сынақтарға, семинарларға, тәжірибелік және зертханалық жұмыстарға дайындық;
 — Уақытты тиімді ұйымдастыру, уақыт шығыны және есебі, еңбек пен демалысты, қиын ауызша және жазбаша тапсырмаларды, еңбек гигиенасының жалпы ережелерін (режім, серуен, жұмыс орнындағы тәртіп, оның жарықтануы және т.б.) орынды ұйымдастыру. [11]
Біз, ой еңбегін ұйымдастырудың жалпы әдістерін, сонымен бірге, оқу жұмысының, мысалы, мәтінмен жұмыс жасаудағы, нақты тәсілдерін келтірдік. Осы айтылғандардың қалыптасуы, негізгі алғышарттардың бірі ретінде және сонымен бірге басқа да оқу пәндерінде студенттердің өзіндік жұмысының негізі ретінде қызмет етеді.
Бұл жағдайда, студенттердің өзіндік жұмысы аудиториялық жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру оқу іс-әрекеттерінің теориясына негізделеді. Әсіресе, бұл сыртқы бақылаудан өзіндік бақылауға өтуге және байланысына, сонымен бірге, ішкі бағалаудан өзіндік бағалаудың және оқытушы тарапынан бағалануының қалыптасуын болжайды. Сәйкесінше, студентте жұмыстағы шынайы өзбетінділік қабілетінің қалыптасуы мүмкін бе деген сұраққа болымды жауап алу, оқытушылар мен оқушылардың бірлесіп әрекет етуіне, олардың бұл жұмыстың өзіндік іс-әрекет түрлерінің ерекшелігін сезінуіне, субъектіге қоятын талаптарға сай болуына және оған интеллектуальды қанағат беруіне байланысты.
Жоғары оқу орындарында студенттердің өзіндік жұмысын оқыту бағдарламасының болуы қажет пе деген сұрақ, бұл бағдарламада не болуы керек екендігін белгілеуге мүмкіндік берді:
— білімгерлердің жеке танымдылық қажеттілігін кеңейтуде, тереңдетуде, жоғары оқу орнында алған біліміне диагностика қою;
— өзінің интеллектуальды, жеке тұлғалық және физикалық мүмкіндіктерін анықтау, әсіресе оқу орнынан бос уақытын дұрыс бағалау;
— өзіндік жұмыстың мақсаттарын анықтау — таяу және қашықтағы, яғни танымдылық қажеттілікті қанағаттандыруда ол қажет пе сұрағына жауап беру;
— зерттеу объектісін білімгерлердің өз бетінше таңдауы және өзі үшін таңдау себебін негіздеу;
— ұзақ мерзімді және таяу уақыттағы өзіндік жұмыстың нақты жоспарын жасау;
— өзіндік бақылау уақыты мен формасын анықтау.
Белгілі оқыту технологияларымен байланысты бағдарламаларды іске асыруда әрбір студент мыналарды біліп және қолдануға тиіс:
— өзіндік қабылдау және өзін-өзі бағалау технологиялары;
— өзін-өзі басқару технологиясы;
— аудиториялық сабақтардағы жұмыс технологиясы;
— студенттер еңбегін ғылыми ұйымдастыру технологиясы.[12]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет