1 тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мәні мен міндеттері


БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР



бет26/39
Дата20.01.2023
өлшемі1,08 Mb.
#165977
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
Байланысты:
Ана тілін дебат технологиясы арқылы оқытудың ерекшелігі

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР
Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім ордасына айналдыру үшін интеллектуалды, дені-сау, ой-өрісі жоғары дамыған әлемдік деңгейдегі жоғары білімі бар азаматтарды тәрбиелеу – мемлекеттік ең маңызды стратегиясы болып табылады. Өркениетте өз орнын тауып, жаһандануға енген еліміздің алдында міндеттер мен бағыттар тұр.
Солардың бірі – білім беру жүйесін жетілдіру.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесін, білім
беру мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайды. Білім берудің негізгі мақсаты- білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу емес, олардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты іздеп табу, талдау оны ұтымды пайдалану, қарқынды өзгеріп жатқан дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Инновациялық қабілеттілік оқытушыға өз педагогикалық іс-әрекетін зерттеу үшін және білім алушыға өзінің оқу іс-әрекетін жетілдіру үшін қажет.
Инновациялық ЖОО-дар жаңа білім беру үлгілерін құрып, жаңа технологияларды өңдеу арқылы жаңа педагогикалық жүйеде әлі пайда болмаған мәдени білімді қалыптастыра бастайды.
Оқытушының инновациялық мәдениетін арттыру жағдайына ғылыми- әдістемелік жұмыс жатады (кафедрадағы, зерттеу топтары және т.б.), озық педагогикалық тәжірибе мен педагогикалық инновацияның ғылыми талдауы, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін кешенді түрде ендіру; психологиялық-педагогикалық түрлі теориялардың өзара әрекетін жүзеге асыру, мына сызба бойынша: «теория – тәжірибе – теория», педагогикалық инновациялық әрекет, зерттеу жұмыстары.
Қазақстанда білім беру жүйесінде инновациялық серпіліс жасалынды. Жаңа мыңжылдық білім беру үдерісін мүмкіндігінше кеңірек қарауды талап етеді. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдері білім беру жүйесі білім берудің құрылымын, мақсатын, мазмұны мен технологиясын өзгертті.Ақпараттық- зияткерлік ресурстарды талдап және пайдалана білетін, инновациялық идеялардың қуат көзі болатын, өзгеріп отыратын , дамитын және өзін-өзі көрсете алатын болашақ маман тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Осыған орай білім беру жүйесін жетілдіруде міндеттер бар олар:
-педагогикалық білім мазмұны мен әдістерін жаңарту;
-педагогикалық кадрларды кәсіби даярлау кезінде теориялық және практикалық инновациялық бағыттарды тану;
-оқу-тәрбие процесінде инновациялық ақпараттық-коммуникациялық білім беру технологияларын кіргізу;
-өз бетімен шешім қабылдай алатын, білім алу траекториясын құрастыра алатын, оны тиімді жүзеге асыру жолдарын білетін, оны тиімді жүзеге асыратын интеллектуалды тұлғаны тәрбиелеу, яғни адами капиталды қалыптастыру.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың мен білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең бірінші педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың қызметі бойына мансаптық өсуін, оқытылуын және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруда үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, болашағы жайлы толғануға, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының білім деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының мақсаты – мамандықтарды
игерту болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне кіре отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйеніп, нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселе.
Педагогика саласындағы ғалымдардың көзқарасымен педагогикалық технология дидактикалық процестері, оқыту құралдары, ұйымдастыру түрлеріленрімен байланысқан, оқыту жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады. Осындай оқыту жүйесі «нәтижелі қалай оқытуға болады» деген дәстүрлі сұраққа толық қанды жауап береді. Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз, барлық бөлшектері ойластырылған оқу және педагогикалық іс-шаралардың жобаланған моделі, оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізуде оқушы мен мұғалімге барлық ыңғайлы жағдай туғызу, педагогикалық технология оқу процесін толық меңгеру идеясын іске асыруды болжайды.
Білім беру саласының педагогика ғылымында «инновациялық білім», «инновациялық даярлық», «инновациялық іс-әрекет», «инновациялық технология», «мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығы» және т.б. жаңа ұғымдар пайда болды.
Инновациялық іс-әрекет – қазіргі жоғары мектептің даму жолының бір аспектісі. Инновациялық іс-әрекет әлеуметтік-экономикалық жағдай тудырған басқа білім беру саласынан белгілі бір стандарттың межесінен ауытқу мен балама жүйе енгізу шараларын атқарады. Инновациялық іс-әрекет жаңалықтарды ойлап шығару, зерттеу, қолданысқа дайындау, іс жүзінде пайдалану сияқты үдерістермен сипатталады.
Педагогтерге инновациялық білім берудегі негізгі міндет -оларды ізденімпаз ұстаз етіп даярлау, жаңаша білім мен біліктілігін көтеру, өз ісіне шығармашылықпен қарап, меңгерген инновациялық технологияның ерекшеліктерін ескеру арқылы кәсіби түрлендіре ала отырып, өз ісіне сыни көзқараспен қарау, сондай-ақ жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне талдау жасап, өзінің жеке технологиясын өмірге әкелу, оны
әдіснамалық тұрғыдан негіздеу, ұдайы әдістемелік жетілдіріп отыру болып табылады.
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше бір түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру керек. Өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытып, өзін-өзі қалыптастырады. Болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселесі – өзекті қоғам талабы. Бүгінгі мақсат — әрбір білім алушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беріп, олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
Оқу жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдаланып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті болып табылады.
Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, оларды жүзеге асыру қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспар. Яғни, бір мұғалім үшін жаңа әдіс, жаңалық , ал басқа мұғалім үшін өткен материал сияқты. Инновация білім деңгейінің өсуіне жағдай туғызады.
Инновацияның өмірге енуі мектептің жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты болады.
Білім беру мекемесінде алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтындар мен өзінің басқарушы ішкі жүйесі біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға орын табылады. Жаңа өзгеріс нәтижесі білім беру мекемелері үздіксіз өзгеріп, дамитын жаңа қайшылықтардың көздері болады. Сонымен бірге басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда болатын педагогикалық және балалар ұжымының қажеттілігіне беріледі.
Инновациялық жүйесі дамыған жоғары мектеп өз міндеттерін салыстырмалы түрде жақсы атқарады, себебі: мәселені анықтауға қабілетті;
университеттің педагогикалық жүйесінің дамуы үшін ондағы мүмкіндіктерді анықтауға қабілетті; қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне байланысты өзінің болашағына біртұтас және нақты жобалар құруға қабілетті; өзгерістерді іске асыруға байланысты жоспарларды құруға және тиімді жүзеге асыруға қабілетті.
Жоғары мектеп оқытушысының инновациялық іс әрекетке даярлығы – педагогтің меңгерген инновациялық педагогикалық технологияны өз іс тәжірибесінде қолдануға даяр болуы. Білім беру жүйесі қоғамдық жүйенің бір бөлігі болып табылады, сондықтан ол басқа да бөліктердің өзгеру ықпалында болады. Шетелдік университеттердегі аталған проблемалар Қазақстанда ғылыми инновациялық сфераны басқару құрылымдарын қолдану қажеттілігі жөнінде қорытындылауға мүмкіндік береді. Инновациялық іс-әрекетке қойылатын шектеулердің азаюы білім беру жүйесінде ауқымды инновациялық қозғалысты туындатып отыр. Университеттің даму болашағына жаңаны өңдеу мен тарату үдерісі үлкен әсерін тигізеді. Басқа университетте туындап жатқан білім беру жүйесіндегі жетістіктер мен өңдемелер, педагогикалық тәжірибе университеттің дамуына мықты түрткі болып табылады. Білім берудегі инновациялық технологиялар білім алушылардың өз бетінше жұмысын белсендіруге және оны мәселенің шешімін табуда қолдануға, зерттеуге, әріптестікке бағытталған. Оларды қолдану студент-оқытушы жүйесіндегі басқа сапалы өзара әрекетті талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет