Байланысты: Ана тілін дебат технологиясы арқылы оқытудың ерекшелігі
13 тақырып. Қазақ тілін өнімді оқыту.
3. Өнімді оқыту әдістері Өнімді оқыту – объективті және субъективті білімдік өнімді жасаудың нәтижесі болатын, білімдік қызмет кезінде болып жатқан адамның жеке өзін-өзі ұйымдастыруының нәтижесі және процесі. Оқушының сыртқы өнімдері, оның сапалы ішкі жетілдіруі және өзіндік жүзеге асыруын бір уақытты қамтамасыз етіп және анықтай отырып, оның жағдайының шегінде болмыстың әлеуметтік және мәдени түрлерін құрады.
Өнімді тұлғалы бағытталған білімді қамтмасыз ету көзқарасында А.В.Хуторской өнімді оқытудың бір топ әдістерін қарастырады. Білімнің өнімді бағытына негізделген оқыту, білімдік қызметтің мынадай түрлеріне сүйенеді және оқушыларға мүмкіндік береді:
1. Қоршаған ортаны тануға;
2. Білімдік өнімді онымен бірге құруға;
3. Білімдік процесті ұйымдастыруға.
Қызметтің бұл түрлерін когнитивке, креативке және ұйымдастырушылық қызметке сай деп атайды.
Оқытудың когнитивті әдістері немесе оқу танымының әдістері, ғылыми әдістеріне, метапәндік және оқу пәндік әдістеріне бөлінеді. Ғылыми әдістері – бұл физикадағы, математикадағы, географиядағы және басқа ғылымдағы зерттеу әдістері. Бұларға салыстыру, ұқсастық, жинақтау, топтастыру және басқа әдістер жатады.
Оқу пәнінің әдістері, бір жағынан ғылыми теориясынан алынған, екінші жағынан нақты білімдік салаларды және заттарды тікелей меңгеруге жатады. Бұл негізгі білімдік объектілердің зерттеулік әдістері, мәдени-тарихи ұқсастықпен оқушылардың білімдік өнімінің салыстыру әдістері, негізгі мәселелер мен оқу курстарының тақырыбын зерттеуінің дәстүрлі әдістері.
Оқытудың когнитивті әдістерінің ерекше түрі – білімнің метамазмұнына сәйкес метатәсілдер болып саналатын метапәнділер.
Танымдық әдістердің ерекшелігі – оны қолдану білімдік өнімді құруға, яғни креативті нәтижеге әкеледі. Сондықтан танымдық әдістер, сондай-ақ креативті болып саналады. Бірақ берілген әдістерді қолданудың бастапқы мақсаты объектіні тану болып табылады, сондықтан оның негізгі ерекшелігі креативті процестермен емес, когнитивтімен байланысқан.
Зерттеу әдісі. Оқушыларға тапсырылған объектіні келесі жоспармен өзіндік зерттеу ұсынылады: зерттеу мақсат – жұмыс жоспары – объект туралы факт – тәжірибелер, тәжірибенің суреттері, жаңа фактілер – пайда болған сұрақтар мен проблемалар – жауаптардың мәліметі, гипотезалар – рефлексті пікірлер, қызметтің саналы тәсілдері және нәтижелері – қорытындылар. Барлық айтылған қадамдарды жүйелі орындап, әр оқушы өзінің практикалы жеке білімдік нәтижесін алады.