Тілдік норма дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру.
Тілдік норма тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып қалыптасады, олар сұрыпталған, ұтымды орайында, жалпыға бірдей ортақ түрінде жұмсалады. Ол тәртіпті орнататын да, оның иінін қандыратын да әдеби тіл. Тілдің дыбыс жүйесі, сөз байлығы, сөз мағыналары, тілдің грамматикалық құрылысы – бәрі қалыптасқан заңды ерекшеліктерге негізделеді. Тілдік норма әдеби тілдің нормасы арқылы реттеліп отырады. Әдеби тіл нормасы өзгермейтін, сірескен қатаң қағидаларға құрылған жүйеге ғана емес, динамикалық қасиетке ие дағдыға да сүйенеді. Әдеби тілге сіңіскен, әдеби тілде орныққан тіл байлықтары "тілдік норма" дегенге жатады.
Тілдік нормалану процесі үздіксіз жүріп отырады. Ғалым М. Балақаев қазақ әдеби тілінің нормалануының үш түрін көрсетеді: а) тілдің ілгері даму процесінде оның ішкі заңдарына негізделген жүйелілік пайда болады. Оларды қазақ тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық қағидаларынан анық көруге болады. ә) сондай тілдік дәстүрлерді әдеби тіл бекемдей түсті де, сөйлеу тілінде бар шашыраңқылықты, алауыздықты жою, тілдік нормаларды орнату процесі жүріп жатты. б) әдеби тілде нормалауға бағытталған көптеген жұмыстар жүргізілді: графика, орфография, пунктуация, терминология мәселелері шешілді.; түрлі сөздіктер жасалды, практикалық және ғылыми грамматикалық жазылды. Тілдің тұрақты нормалану процесіне функционалдық стильдер де өз әсерін тигізеді.
Ғылыми-стиль —зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін ғылыми стильге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі қажет.
Ғылыми стиль ерекшелігі
Ғылыми стильде сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормасы қатаң сақталады.Яғни،ғылыми стильде сөз көп мағыналы болып келмейді.Тек сөздің белгілі бір анықтамасы арқылы қолданылады.Сонымен қатар ол сөздің мағынасын ашу үшін де ғылыми стиль қолданылады.Қазіргі таңда ғылым даму үстінде.Сол себепті күннен-күнге жаңа ғылыми сөздер пайда болуда.Адамдар осы сөздерді ғылыми стильді қолдана отырып мағынасын жазуда.Сол арқылы жаңа пайда болған сөздер жалпы халықтық лексикаға айналады.
Ғылыми стиль түрлері
Ғылыми-стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады.
Ғылыми стильді қолданған әйгілі адамдар[өңдеу]
Ғылыми стиль негізінен халықтық әдеби түрде жазылады.Бұл стильді қазақ елінің қайталанбас дарын иесі Мұхтар Әуезов қолданған.Оған мысал Абай жолы шығармасы.Негізінен Абай жолы шығармасы Мұхтар Әуезовтың зерттеу еңбегі болып табылады.Бұл жазушының шығармаларынан бөлек ғылыми стильді Пушкин،Лермонтов،Белинский еңбектерінен байқауға болады.
Семантика (көне грекше: σημαντικός - танбалаушы, білдіруші) — тіл және тіл бірліктері (сөз, грамматикалық тұлға, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы білдірілетін хабарды, заттар мен құбылыстардың мән-мазмұның зерттейтін тіл білімінің саласы, семиотиканың негізгі бөлімдерінің бірі. Семантика сөз мағынасын, сөз құрамындағы элементтердің өзара мағыналық қарым-қатынасын, сөз мағынасы түрлерінің даму зандылықтарын зерттейді.[1]
Тілдік талдау арқылы сөз құрамындағы морфемалар (түбір, аффикстер) мен синтагмалық тіркестердің Семантика сын анықтауға болады. Аффикстер білдіретін грамматикалық мағыналар екі түрге бөлінеді:
|