1 тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мәні мен міндеттері


тақырып. Стилистиканы оқыту әдістемесі



бет36/39
Дата20.01.2023
өлшемі1,08 Mb.
#165977
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Ана тілін дебат технологиясы арқылы оқытудың ерекшелігі

16 тақырып. Стилистиканы оқыту әдістемесі.


Стилистика, лингвостилистика – тіл білімінің, тілдің көркемдегіш амал-тәсілдерін, қолданылу аясын, қатысымдық әрекет-қызметін зерттейтін саласы.


Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін реттейді, сөйлеу процесінде тілді пайдаланудың заңдылықтарын қарастырады, сондай-ақ тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызмет үйретеді. Ол стилистикалық мүмкіндіктердің барлық базасын қамтуды көздейді, ұлттық әдеби тілдің нормасын сақтай отырып, стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика ғылыми стилистикалық ұғымдар мен белгілердің межесін тірек ете отырып, теориялық мәселелерді қарастырады.
Қазіргі стилистика ғылымы тілдік бірліктерді пайдаланудың тәсілдеріне үйретеді әрі коммуникативтік мақсатқа сай іріктеу ұстанымын негіз ете отырып, контекстің тікелей ықпалы арқылы дискурс пен мәтіндегі стилистикалық мүмкіндіктердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Стилистика тіл ғылымының барлық саласын қамтиды: прагматик. факторды толық есепке алып отырады; тілдік емес ғылымдардың тиімді жақтарын саралайды; Стилистикада тілдік емес факторлардың қызметі стиль түзуге толық мүмкіндік алады; стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық принциптерін ретке келтіріп қана қоймай, тілдік бірліктер қызметін жүзеге асырушы экстралингвистикадық және стилистикалық мүмкіндіктерді қарастырады. Қазіргі тіл білімінде стилистиканың бірнеше даму бағыттары орын алған, олардың қатарына ортостилистика, функционалдық стилистика, көркемдік тәсілдердің стилистикасы, прагмастилистика жатады. Қазіргі қазақ тіл ғылымында стилистиканың екі бағыты бар:

  1. Орталық бағыты, яғни функционалдық стилистика Функционалдық стилистика тілдің қолданысқа түсу заңдылықтары мен сөздің базалық, экстралингвистикалық және стиль құраушы факторлары ықпалынан пайда болған, ол қолданыс тілі стилистикасы деп те аталады.

  2. Ресурстар стилистикасы, бұл тіл стилистикасы деп те аталады, сөздердің мәтіннен тысқары күйіндегі қызметін айқындайды. Қолданыс тіліндегі стиль мәселесін стилистиканың жаңа бағыты прагмастилистика анықтайды.

Стилистиканың зерттейтін саласы — стиль. Біріншіден, стиль - тарихи категория. Тарихы көне дәуірден бастау алған, өз қоғамына қызмет етіп отырған мемлекеттік мәртебесін алған тілдің тарихын тану, функционалды стильдердің әр дәуірде біреуінің ерте, біреуінің кеш даму сатысын бастан кешіргенін жүйелеу стильдің тарихи категория екенін толық дәлелдейді. Екіншіден, стиль әдеби тілдің бір түрі болғандықтан, қазақ әдеби тілінің даму сатысымен қатарласа сөз болып жүр. Әдеби тілдің басты белгісі нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын көрсетсе ол стильдің негізгі ұстанымы болып табылады. Ауызша және жазбаша әдеби тілдің ортақ тілдік белгілерінің нәтижесінен де стильдің салалары бөлініп шықты. Үшіншіден, стиль қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады, стильдерді жіктегенде осы қызметі толық анықталуы қажет.
Интерпретация, сөйлеу формалары (диалог, әңгіме, дау), стильдегі объективті және субъективті ұғымдар мәселесі, деректі, дерексіз ситуациялар, тілдік емес объектілердің қатынасы, сөйлеудің әлеуметтік-этикалық қыры, т.б. мәселелер прагматикалық аспектіде қарастырылады. Қазақ тіл білімінде стилистика бағыттарын М.Балақаев, М.Томанов, Е.Жанпейісов, Б.Манасбаев, Р.Сыздықова, М.Серғалиев, Б.Шалабай, т.б. ғалымдар зерттеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет