1 тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мәні мен міндеттері


Оқу-әдістемелік кешен мен бағдарламаның рөлі қандай?



бет20/39
Дата20.01.2023
өлшемі1,08 Mb.
#165977
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Байланысты:
Ана тілін дебат технологиясы арқылы оқытудың ерекшелігі

Оқу-әдістемелік кешен мен бағдарламаның рөлі қандай?
24.7.2017 3651





Тіліміз мемлекеттік мәртебесін алғаннан бері тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар аз емес. Соның ең негізгісі – мемлекеттік тілді оқытуға байланысты. Елбасымыз: «…Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. 
Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио-бейнематериалдарын әзірлеу керек», – деп атап көрсеткен еді. Республика көлемінде осы бағытта біршама жұмыс атқарылды. Соның ең негізгісі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы жанынан құрылған Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы (Қазтест орталығы) тарапынан қолға алынған жұмыс. Аталмыш басқарма Қазақстан азаматтары мен шетелдіктердің қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған «Қазтест» жүйесі туралы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген тапсырманы орындап, іс жүзінде жүзеге асырды. Және бір айтарымыз, «Қазтест» жүйесі қазіргі уақытта тілді меңгеруді бағалаудың тетігін ғана қарастырмай, соның негізінде оқытуға арналған әдістемелік жүйені де бір ізге салып отыр. Тіл комитетінің тікелей тапсырмасымен Тұжырымдама, Стандарт, Типтік бағдарлама, соның негізінде, оқу-әдістемелік кешен әзірленіп, республикаға таратылды. Ендеше, қазақ тілін оқыту жүйесінде бірізділік жоқ деп айта алмаймыз.
Республикада басталған осы бір игілікті іс облыстарда да жалғасын тауып жатыр. Дәлірек айтқанда, бұл мәселе Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығында қолға алынып отыр. Орталықтың ашылғанына биыл он жыл толады. Екі жылдан бері жеке кәсіпкерлік мекеме ретінде жұмысын жалғастыруда. Бір кездері Қарағанды облысы тілдерді оқыту орталығының авторлар ұжымы әзірлеген «Сарыарқа» оқу-әдістемелік кешені оқытудың жақсы әдістемелік кешені ретінде өзінің діттеген мақсатына қол жеткізген болатын. Әдіскер-ғалым В.П.Беспалько: «Барлық педагогикалық ғылым тәжірибеге екі түрлі жолмен енеді: мұғалімнің іс-әрекеті арқылы және оқулық арқылы», - деп көрсетеді.
Ендеше, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырып, қазақ тілін оқыту үдерісінде көзделетін мақсат пен міндет оқулықтар мен оқу құралдарынан көрініс табуға тиіс. Осыны ескере келгенде, ең алдымен, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген мақсатты индикаторлар талабымен үндесетін жаңа кешен әзірлеу қажеттігі туындайды. Жаңа кешен түзу не үшін қажет? Қойылған сауалға нақты жауап берер болсақ, аталмыш бағдарламада мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру және стандарттау міндетін қойып, нәтижелі көрсеткіш ретінде жаңа стандарттар бойынша өңделген және бейімделген үлгі және жұмыс оқу бағдарламаларының, оқу басылымдарының, типтік оқу-әдістемелік кешендердің болуы қажет екені көрсетілген.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақ тілінің ұлт бірлігінің басты факторы екендігі айтылып, мемлекеттік тілді қолдануды көпшілікке тарату мәселесі көтерілген. Сондай-ақ аталған бағдарламада білім берудің барлық сатыларында мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалау және бақылау жүйесін енгізу туралы ескертіліп, бақылаудың негізгі көрсеткіші – Қазтест екендігі нақтыланған. Жалпыға ортақ стандарт ретінде Қазтест жүйесінің стандарты ұсынылған. Стандарт талаптары қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ тапсырмаларын қалыптастыруда міндетті болып табылады. Мемлекеттік стандарттар қолданысқа 2009 жылғы 29 желтоқсаннан енгізілген болатын және түзетулер мен толықтырулар енгізіліп, биылғы жылы қайта басылды. Аталмыш стандарттың тиімділігі мынандай:
1. Қазақ тілін меңгерудің деңгейлік талаптарын жүйелейді.
2. Коммуникативтік құзыреттілік талаптарын айқындайды.
3. Тіл меңгерудің деңгейлері бойынша бағалау құралдарының мазмұнын анықтайды.
4. Қазақ тілін меңгерудегі коммуникативтік тілдік құзыреттіліктер бағытында тіл үйретуші, оқытушы ұйымдар мен мекемелер қолдануы мен сақтауын міндеттейді.
Тілді оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін, ең алдымен, дұрыс оқулық керек. Тілді үйрету бағытында бір ғана оқулық көздеген нәтижеге жету жолында аздық етпек. Оқу-әдістемелік кешен әзірлеудің қажеттігі, міне, осыдан келіп туындайды.
Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді оқытуға қатысты көп айтылатын бірізділік мәселесі ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы шешімін тауып отырғаны және республика азаматтарының тілді меңгеру деңгейі Қазтест тапсырмалары арқылы бақыланатыны, бұл жүйенің дүниежүзілік деңгейде мойындалған тест жүйелері негізінде әзірленгені ескеріле келе, сонымен қатар бұрынғы үшдеңгейлік «Сарыарқа» оқу-әдістемелік кешені деңгейлерінің еуростандарт талабымен сәйкес келмейтіні ескеріле келе, «Сарыарқа» оқу-әдістемелік кешенін жаңа стандарт талабына лайықтап, қайта қолға алу қажеттігі туындады. Қазіргі уақытта оқу құралы мен жұмыс дәптерінен тұратын бесдеңгейлік «Сарыарқа – 2» оқу-әдістемелік кешенінің Қарапайым А1, Базалық А2 деңгейлеріне арналған оқу құралы мен жұмыс дәптері әзірленді. Дәл қазіргі уақытта кешеннің Орта В1 деңгейіне арналған өнімі әзірлену үстінде. Аталмыш өнімдерге тапсырыс беруші әрі қаржыландырушы – Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы. Алдымен, ұсынылып отырған оқу құралының басқаға ұқсамайтын ерекшелігі ретінде Қазтест стандартына сай жұмыс бағдарламасы негізінде әзірленгенін атап өтуге болады. Егер бұрынғы «Сарыарқа» оқу-әдістемелік кешені тұрақты 10 модуль және 120 сағатқа негізделсе, жаңа жұмыс бағдарламасы техсипаттамасында көрсетілгендей, 100 сағатқа негізделген 6 модуль және 40 оқыту тақырыбынан тұрады.
Аталмыш оқыту бағдарламасының мақсаты – қазақстандық тілдік тұлғаның қатысымдық құзыреттілігінің мазмұнын айқындау және қазақ тілін тез, қарқынды, сапалы, нәтижелі, ұтымды үйретудің ғылыми-әдістемелік негіздерін тұжырымдау.
Осы мақсатқа жету үшін бағдарламада төмендегідей міндеттер шешімін тапты:
1. Тілдік қатынастың отбасы-тұрмыстық, мәдени-әлеуметтік, кәсіби-елтанымдық және ресми-қоғамдық салаларына сәйкес өзекті тақырыптар айқындалды.
2. Тіл үйренушілердің қатысымдық міндеттерді шешу мүмкіндігін дамыту жолдары қарастырылды.
3. Лексикалық минимум аясына негізделген қарым-қатынас жағдаяттары айқындалды.
4. Грамматикалық минимумды оқу мәтіндеріне сәйкес сұрыптап ұсыну мәселесі ескерілді.
7. Оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім әрекеттерін жетілдіруге бағытталған қатысымдық тапсырмалар жүйесі айқындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет